Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Уроки  /  7 класс  /  Жапсырмалы бедерлі ою. Бойтұмар

Жапсырмалы бедерлі ою. Бойтұмар

1. Ою-өрнектер неше түрге бөлінеді және оларды ата? (Жауабы: 4 түрге, өсімдік тектес, зоморфтық, геометриялық, космонологиялық).

2. Ит құйрық оюы бұйымның қай жеріне салынады? (Жауабы: Ер адамның шалбарының балағына салынады.)

3. Қошқар мүйіз оюы не мағына білдіреді? (Жауабы: Байлықтың, молшылықтың, бақыттың белгісі).

4. Қос аққу оюы не мағына білдіреді? (Жауабы: Пәктіктің, адалдықтың, бақыттың белгісі).

5. Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірін ата. (Жауабы: Төртқұлақ)

6. Ою-өрнектің неше түрі бар? (Жауабы: 200-300-дей.)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

-Құрметті оқушылар! Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Жапсырмалы бедерлі ою».

-Жапсырмалы бедерлі ою дегеніміз – бұйымның бетіне өрнек салуды, өрнек нақыштарын теп-тегіс бір ғана жазықтықты ғана емес, екі немесе үш жазықтыққа бедерлеу реті. Сонда бір оюдың нақышынан екінші оюдың нақышы оқшауланып, іріктеніп, тұрпаттанып көрінеді.

Осы тақырыпқа байланысты «Бойтұмар» сувинерінің дайындалу технологиясымен танысайық.

Бойтұмар – бұл магиялық іспеттес, тіл-көзден сақтау, мән-мағынасы сырға толы сувинер. Түстері: қара, ақ, қызыл. Қара түс – туған жердің белгісі. Ақ түс – адалдықтың, тазалықтың белгісі. Қызыл түс – жалындаған жастықтың, тіл-көзден сақтаудың белгісі ретінде айтылған. Қошқар мүйіз – молшылық пен байлықтың белгісі.

Бойтұмарлардың орындалу реті:

ІV. Сергіту сәті: Сарамандық жұмыс.

V. Қорытынды: Тест

1. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнектерді атаңдар.

А) Қошқар мүйіз

Ә) Балға оюы

Б) Сыңар мүйіз

В) Үш гүл

Г) Жұлдыз

1. Малдың ізіне байланысты ою-өрнек:

А) Бес дөңгелек

Ә) Қошқар мүйіз

Б) Түйе табан

В) Су өрнегі

3. Өнерлінің неше саусағы тең,

Өнерсіздің бір саусағы кем.

А) 5

Ә) 10

Б) 7

В)3

4. Өнерлі жан ненің көркі, үкілі қамыс көлдің көркі.

А) Жердің

Ә) Үйдің

Б) Елдің

В) Әлемнің

5. Магиялық ою-өрнекке қай ою жатады?

А) Тұмар

Ә) Түйе табан

Б) Құсқанат

В) Су өрнегі

VІ. Оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын беру.

17.05.2017

Содержимое разработки

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ, «КЕҢЕС» ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ











7-сынып





Технология пәнінің мұғалімі: Өтепбергенова О.С.


















2016-2017 оқу жылы





Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалы бедерлі ою. Бойтұмар.


Сабақтың мақсаты: І. Білімділік: Жапсырмалы бедерлі ою тақырыбын

түсіндіру.«Бойтұмар» сувинерін дайындау.

ІІ. Дамытушылық: Оқушылардың қолөнерге

Деген қызығушылығын ояту, шығармашылық

ойын, шапшаңдылықты дамыту

ІІІ. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың қол-

Өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, практикалық.

Сабақтың әдісі: Модульдік блокты жүйе бойынша оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: Нұсқау картасы, оқулықтар, үлгілер, компьютер

Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өтілген тақырып бойынша қайталау. Сұрақ-

жауап арқылы пысықтау.


Біз өткен тақырыптарда өсімдік тектес, жануар тектес ою-өрнектерді, оның шығу тарихын өткен болатынбыз. Ал, олай болса үй тапсырмасын пысықтап өтейік.

Ою-өрнек қайдан шыққан? Ою-өргнегімізді қалай сақтап қалдық? Ол үшін ою-өрнектің шығу тарихына саяхат жасайық.

Қазақ халқы жері, оты, суы мол жайылым қуып, кең сахарада жүріп жер-суының қадір-қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған.

  1. Оқушы: Ертеде бір әділ хан болыпты. Сол ханның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою-өрнек, кесте тоқыма, бәдіз, тігін өнерлерін меңгергені сонша, үйлерінің іші-сырты, киім-жиһаздары, құрал-саймандары барлығы да оюланған, әрі өрнектелген көрікті екен. Халық бір тілде сөйлесе алатын болыпты. Сол себептен бұл ел басқарушы Оюхан деп аталып кетіпті.

  2. Оқушы: Күндердің бір күнінде бөтен бір елдің ханы соғыс ашып, Оюханды орнынан алып, билікті өзі басқарады. Ол ескі салт, көне дәстүр, байырғы әдетпен, әдеп, ежелгі өнер белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңасы ұзаққа бармай ұмыт болыпты.

  3. Оқушы: - Уа, хан кеш! Мына райыңыздан қайтыңыз. Теріс жолмен кетіп жатырсыз, - деп жөнін айтқанда, айтпақ болғанның да көзін жоя беріпті. Оюханды зынданға тастайды.

  4. Оқушы: Жоюханның жалғыз ұлы жолға шығады. Жолындағы аң атаулыны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына келегенін істеп келе жатқанда бір үкі мұның бетіне шапшиды. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жар басынан құлап, көлге батып өледі.

5. Оқушы: Бұл кезде Жоюхан баласына іздеу салып жатқан еді. –« Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын», - деп жарлық берген соң, ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Оюхан іздеуге өзі баратынын хабарлайды. Ол жолға керектінің барлығын алып шығады. Жолда зардап шеккен жан-жануарларға көмегін тигізіп, ең соңындағы қанаты сынған үкіні емдейді.

- Жоюханның баласын көрдің бе ?- деп сұрайды.

Қаніпезер хан баласының жолында кезіккеннің бәрін жойыпты. Міне, осы көріністің бәрін Оюхан кілемге оюлап салып, Жоюханның алдына жайыпты, кілемдегі оюлардан Жоюхан баласының жолын көріпті.

  1. Оқушы: - Кім екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпедің? Тірімісің, өлімісің?, Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні әруаққа айналды деп тұр ма?

- О, Жаратқан, ұлымның өлгені ме, өлтірем! – деп Оюханға төнеді. Сонда Оюхан:

- Дат, тақсыр! Балаңның өлімін өзіңнен естідік, алынса сенің басың алынуы керек дейді. Оюханды ел-жұрты ақ киізге орап, ұлан асыр той жасайды. Елі қол өнерін қайта жалғастырады. Ақылы мен даналығының арқасында Оюхан ою-өрнекті , елін-жерін жауынан қорғау мақсатында қолдана білді.

1. Ою-өрнектер неше түрге бөлінеді және оларды ата? (Жауабы: 4 түрге, өсімдік тектес, зоморфтық, геометриялық, космонологиялық).

2. Ит құйрық оюы бұйымның қай жеріне салынады? (Жауабы: Ер адамның шалбарының балағына салынады.)

3. Қошқар мүйіз оюы не мағына білдіреді? (Жауабы: Байлықтың, молшылықтың, бақыттың белгісі).

4. Қос аққу оюы не мағына білдіреді? (Жауабы: Пәктіктің, адалдықтың, бақыттың белгісі).

5. Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірін ата. (Жауабы: Төртқұлақ)

6. Ою-өрнектің неше түрі бар? (Жауабы: 200-300-дей.)



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

-Құрметті оқушылар! Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Жапсырмалы бедерлі ою».

-Жапсырмалы бедерлі ою дегеніміз – бұйымның бетіне өрнек салуды, өрнек нақыштарын теп-тегіс бір ғана жазықтықты ғана емес, екі немесе үш жазықтыққа бедерлеу реті. Сонда бір оюдың нақышынан екінші оюдың нақышы оқшауланып, іріктеніп, тұрпаттанып көрінеді.

Осы тақырыпқа байланысты «Бойтұмар» сувинерінің дайындалу технологиясымен танысайық.

Бойтұмар – бұл магиялық іспеттес , тіл-көзден сақтау, мән-мағынасы сырға толы сувинер. Түстері: қара, ақ, қызыл. Қара түс – туған жердің белгісі. Ақ түс – адалдықтың, тазалықтың белгісі. Қызыл түс – жалындаған жастықтың, тіл-көзден сақтаудың белгісі ретінде айтылған. Қошқар мүйіз – молшылық пен байлықтың белгісі.




















Бойтұмарлардың орындалу реті:

ІV. Сергіту сәті: Сарамандық жұмыс.

V. Қорытынды: Тест

1. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнектерді атаңдар.

А) Қошқар мүйіз

Ә) Балға оюы

Б) Сыңар мүйіз

В) Үш гүл

Г) Жұлдыз

1. Малдың ізіне байланысты ою-өрнек:

А) Бес дөңгелек

Ә) Қошқар мүйіз

Б) Түйе табан

В) Су өрнегі

3. Өнерлінің неше саусағы тең,

Өнерсіздің бір саусағы кем.

А) 5

Ә) 10

Б) 7

В)3

4. Өнерлі жан ненің көркі, үкілі қамыс көлдің көркі.

А) Жердің

Ә) Үйдің

Б) Елдің

В) Әлемнің

5. Магиялық ою-өрнекке қай ою жатады?

А) Тұмар

Ә) Түйе табан

Б) Құсқанат

В) Су өрнегі

VІ. Оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын беру.



-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жапсырмалы бедерлі ою. Бойтұмар (4.74 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт