Мектеп жасына дейінгі № 42 жалпы білім беретін орта мектеп
Жаны саудың-тәні сау!
5 Б сынып жетекшісі : Беккожаева Г.Н.
Сабақтың тақырыбы: Жаны саудың- тәні сау!
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету; зиянды заттар мен әдеттердің(ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: тренинг
Көрнекілігі: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, сюжетті суреттер, витамин, сағыз, тәтті сусын, чипсы және т.б.
Барысы: І. Кіріспе.
ІІ. Маман кеңесі.
ІІІ. Сергіту сәті.
ІҮ. Жұмбақ шешу.
Ү. Зиянды әдет – мың бір әдет.
ҮІ. Мақал-мәтел айту.
ҮІІ. Рефлексия.
І. Кіріспе.
Мұғалім: -Күндей жарқырап,
Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі тәрбие сабағымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады)
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос
Міне, менің қолым.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан -2030 »
стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал –ахаулы жақсы болуы тиіс » деп атап көрсеткен.
Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізіліп отырған « Салауатты өмір біздің болашағымыз »атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Бүгінгі тәрбие сағатында екі топқа бөліну арқылы өз білімдерімізді ортаға саламыз.
Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! «Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар (мақсатына тоқталу). «Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?
- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?
(Сол сәтте сабақтың үстіне есік қағып Жалқаубек келеді.)
Жалқаубек: - Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге мен де тамақтану құпиясын білейін деп келдім және құр келмедім. Балаларға базарлық ретінде тәтті сусын, сағыз, чипсы әкелдім.
(Сөмкесінен әкелген заттарын шығарады)
- Ұялмай алыңдар, балалар, сендерге әкелдім бәрін.
ІІ. Маман кеңесі.
Мұғалім: - Жалқаубек, асықпа. Бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы дәрігерден сұрайық. Дәрігерді ортамызға шақырайық.Құрметті дәрігер, газды сусын, сағыз, чипсиді тамақ ретінде қолдануға бола ма?
Дәрігер: - Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар - дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс құртының пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.
Мұғалім: - Ал, көп балалар жақсы көретін сағыз туралы не айтасыз?
Дәрігер: - Қанттың тіс құртының, яғни тіс ауруының басты себебі екенін мамандар ертеден-ақ дәлелдеген. Ал сағыздың құрамында қант бар. Дәрігерлердің тәжірибесінде іш ауруы мазалаған баланың ішегінен тас болып қатып қалған сағызды алған, сағызды абайсызда жұтып қою өте қауіпті. Ағзаға еш пайдасы жоқ, артық жайсыздықтарға әкелетін сағыздың не керегі бар.
Мұғалім: - Сізге рахмет, дәрігер. Енді диетолог маманнан сұрайтынымыз: чипсы, яғни қуырылған картоп денсаулыққа зиян емес пе?
Диетолог: - Балалар, ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынан бірнеше зиянды заттарды тапқанын білесіздер ме және пластмасса мен бояу өндіруде қолданылатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Газды сусын, чипси, кәмпит жейтін балаларда витамин жетіспейді, тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі оқушының оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.
Мұғалім: - Балалар, Жалқаубектің ұсынған тамағын қабылдаймыз ба? (Жоқ)
Мұғалім: - Ал қандай тамақ пайдалы?
Оқушы: - Құрамында минералды заттар мен витаминдері бар тамақ ағзаға пайдалы.
Дәрігер: - Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?
Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito - өмір, amin – қажетті деген латын сөзінен тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.
Мұғалім: - Витамин туралы бірненше оқушыға тапсырма берілген еді, соларды тыңдайық.
Диетолог: - Дұрыс айтасыздар, көкөністер мен жеміс-жидек – пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.
Мұғалім: - Міне, көрдің бе, Жалқаубек, бұдан былай қандай тамақ пайдалы екенін біліп жүретін болдың. Ендігі кезекті биге берейік.
ІІІ. Сергіту сәті.
- «Менің Қазақстаным» әнін тыңдайық.
ІҮ. Жұмбақ шешу.
1. Оны күткен адамдар
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар
Байлық осы деседі. (Денсаулық)
2. Бір-бірімен дос туыс,
Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)
3. Жарасы жоқ сыздайды,
Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)
4. Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
5. Шомылған баланы
Аймалап алады:
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.
Бұл не? (Сүлгі)
6. Сырты жаман, іші жын,
Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)
7. Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді. (Темекі)
Ү. Зиянды әдет – мың бір індет.
Мұғалім: - Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулық түбіне жеткен, - деген нақыл тегін айтылмаған. Маскүнем адамдардың қоғамға тигізер пайдасынан зияны асып кетеді. Олар адамдық бейнеден кетеді. Қоғамда белгілі орны жоқ. Тұрмыс жағдай, ой-өрісі төмен жандар. Өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін.
Темекі түтіні тартып тұрған адам ғана емес айналасындағы адамдарға да кері әсер етеді. Темекі құрамындағы негізігі зат – никотин. Осы никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу және қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше «У». Темекі шегу ақырын ғана өлімге жетелейді. Дүние жүзінде жыл сайын 3 млн адам темекі кесірінен қайтыс болады.
Темекі шегу – халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт.
Әрбір тартылған темекі тартушының өмірін сегіз минутқа қысқартады екен.
Темекіде смола күйе деп аталатын жабысқақ зат болады. Күнделікті темекі тартатын адамның өкпесінде 1 жылда 1 литр смола жиналады екен.
Мұғалім: - Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар. Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік.
ҮІ. Мақал-мәтел айту.
Дені саудың – жаны сау.
Денсаулық зор байлық.
Шынықсаң шымыр боларсың.
Ас адамның арқауы.
Тазалық – денсаулық кепілі.
Дана көптен шығады,
Дәрі шөптен шығады.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
Ыдысы тазаның – ырысы таза.
Қотыр қолдан жұғады.
Ластың досы – шыбын.
Емнің алды – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ
ҮІІ. Рефлексия.
Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?
Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?
Мақсатымыз – салауатты өмір сүру,
Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.
Әдеттен жаман жиреніп,
Жақсыны тек үйрену, таза жүру.
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне.
3. Дені саудың –жаны сау
Жігерің бар, талабың бар қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар әлі алда солмайтын-дей отырып, мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру.
Дене қимылы-дәрісіз ем,
Шыныға жүріп дертті жең.
Таза болса- табиғат,
Аман болар –адамзат.
Жалқаулық-жаман ауру.
Шынықсаң, шымыр боласың.
4. Ситуациялық жағдайлардан шығу.
1- жағдаят:
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол
« Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.
-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?
2-жағжаят:
Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?
Оқушы:
Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
Денсаулық- 5 сабақ -5
Деп рапорт береміз!
Оқушы:
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
Осы кезде спортпен шұғылданып,
Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.
Оқушы:
Дені сау адам ақжарқын, көңілді және іскер болады. Оның жұмысы алға, өнері биікке көтеріліп, отбасында тыныштық орнайды.
Оқушы:
Денсаулық-адамға табиғаттың берген құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілмен сақтап, нығайтуға болады.
Оқушы:
Спорт біздің досымыз,
Күш қайрат сыналған.
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған
Оқушы:
Денсаулық ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық-ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Оқушы:
Басты байлық-денсаулық-
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Оқушы:
Денсаулық –ол шыныққан
Барлық денең мүшесі
Денсаулық –ол тыныққан
Жүйке-тамыр жүйесі.
Абылайхан: Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,
Өз өмірің өз қолыңда, ей , балалар,
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық,
Оқушы:
Біз өмірді таңдаймйз,
Біз өмірді қолдаймыз.
Әрқашан бар ынтамен,
Салауатты қолдаймыз.
Аян: Денсаулық табиғаттың адамға берген ең үлкен байлығы.
Оқушы:
Денсаулықты сақтайық.
Шынығайық баптайық
Оқушы:Ұйқыңнан ерте тұр,
Жадырап, жарқын күл.
Әдетің болсын әрқашан
Жаттығу жасау, жуыну!
Оқушы:
Аузыңды шай артынан, тамақ ішсең,
Тісті жуу соншалық түспес күшке.
Екі мәрте күніне тазаласаң,
Қартайғанша жүрерсің аппақ тіспен.
Оқушы:
Дәрігерге тісіңді көрсетіп тұр –
Өзін сыйлар баланың дағдысы бұл.
Ертеңгілік асыңды ішкеннен соң,
Таза ауамен мектепке беттеген жөн.
(Оқушы)Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас.
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас.
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
Осы кезде спортпенен шұғылдан,
Сұлулық пен денсаулықты ойласаң.
(Оқушы)Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба.
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға.
(Оқушы)
Шашыңды сап аузыңа,
Тырнағыңды тістеме.
Жетелейтін ауруға
Мұндай қылық істеме. (Оқушы)
(Оқушы)
Мұрын – мұржа,
Кеуде көмір, ыс – күйе,
Шылымқордың, міне күйі осындай.
(Оқушы)
Араққорда
Қылық та жоқ ел сүйер,
Аты аталса, тұра алмайсын шошынбай.
(Оқушы)
Нашақор ма?
Өз еркіне өзі ие бола алмас.
Адам емес, хайуанның досындай.
Іс істесең әдеппен,
Шырайлы жүзің, көрік – бет.
Жиреніп жаман әдеттен,
Салауаттылықты серік ет.
Қалмайсың сонда ұятқа,
Жетесің барша мұратқа. (Оқушы)
(Оқушы)
Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
«Денсаулық – 5, сабақ — 5»,
— Деп рапорт береміз!
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың,
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру


Жаны саудың тәні сау (23.78 KB)

