
ОҚЫТУДАҒЫ
САРАЛАУ

НЕ?
«difference» – латын тілінен аударғанда бүтінді түрлі формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп бөлу, саралау дегенді білдіреді. Оқытуды саралау дегеніміз: - Оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру; - Әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психолого-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені. Саралап оқыту дегеніміз: - Оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиеттері ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру нысаны; - Әртүрлі оқушылар тобы үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз ететін дидактика жүйесінің бір бөлігі;

Жағымды аспектілері
1. Мұғалімде әлсіздерге көмектесуге, мықтыларға назар аударуға мүмкіндік болады.
2. Қоғамдық нормаларға бейімделе алмайтын қиын балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік туады.
3. Мықты оқушылардың білім беру үдерісінде жылдам және тереңінен білім алуға деген ынталары жанданады

4. Деңгейі артады:
Мен – концепциясы : мықтылар өз қабілеттеріне
көз жеткізеді, әлсіздер оқудағы жетістіктерін сезінуге мүмкіндік алады, толыққанды емес комплекстен арылады.
5. Оқуды ынталандыру деңгейі артады
6. Топта бірдей балалар жинақталса, балаға оқу жеңіл болады.

Оқушылардың тұлғалық және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес дифференцияның төмендегідей түрлері болады:
- Жас ерекшелігіне сәйкес (мектеп сыныптары, жас айырмашылықтары, әртүрлі жастағы топтар);
- Жынысына қарай (ерлер, әйелдер, аралас сыныптар, командалар);
- Тұлғалық-психологиялық типтеріне сәйкес (ойлау типтері, темперамент);
- денсаулық жағдайына сәйкес (дене бітімі бойынша топтар, денсаулығында кінәраты бар оқушылар, есту, көру т.б);
- ойлау деңгейіне сәйкес (жетістіктері);
- қызығушылықтарына сәйкес (гуманитарлық, жаратылыстану, математикалық);

Сыныпта саралап оқытуды қолданатын мұғалімдер:
Оқушылардың оқу стильдеріне сәйкес сабақты ұйымдастырады ( аудиал, визуал, кинестетик );
- Оқушыларды қызығушылықтары, тақырыптар және қабілеттері бойынша топтастыра алады;
- Қалыптастырушы бағалауды қолданып оқушылардың оқу жетістігін бағалайды;
- Сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын ұйымдастырады;
- Оқушылардың қажеттіліктеріне сай сабақ мазмұнын жүргізіп, үздіксіз бағалау жүргізеді.

«Саралау қолданылатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әр түрлі оқитынын түсінеді және бір бірінің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалауды үйренеді»
Leppien