Ф.И.О – Кушниязова Алтынай
Жұмыс орны : № 58 «Өркен » балабақшасы
3. Лауазымы: - Тәрбиеші
4.Қала – Нұр Сұлтан қаласы.
5.Материалдың Тақырыбы : «Аяулы анам»
Жаңа жылым хош келдің!
Мақсаты;Жаңа жыл мерекесімен таныстыру ,жаңа жыл туралы түсініктерін молайту,жаңа жылдың ертеңгілікке дайындау,тақпақтарды мәнерлеп айтуға баулу .жаңа жылдық кейіпкермен таныстыру.
Ән ырғағымен балалар залға кіреді.
Жүргізуші ; Құрметті қонақтар , ата-аналар ,балалар Сіздерді алда келе жатқан 2020 жаңа жыл мерекесімен сіздерді құттықтаймыз.
Осы келе жатқан жаңа жыл әр отбасына жақсылық , бақ береке , үлкен қуаныш , мол табыстар алып келсін деп тілейміз. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болсын !
Жүргізуші ; Жасыл шырша жанында ,
Жарқыраған нұрменен
Қандай ғажап айнала
Құлпырғандай гүлменен-деп
Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізді бастаймыз.
1.Ән хор «Тауда туып тауда өскен»
Ерхан ,Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Шырша отын жағайық
Жаңа жылды бастайық
Жүргізуші; Ендеше біз жаңа жылды шақырайық
Балалар; Дауыстап жаңа жылды шақырады.жаңа жыл,жаңа жыл,жаңа жыл.
Осы кезде ортаға үш қоян шанамен ұлуды алып келеді;
Балалар ,біз сендерге жаңа жылды алып келдік.
Сәлеметсіңдер ме балалар ,жаңа жыл мерекелерің құтты болсын .
Би «Қояндар»
Жүргізуші; Рахмет өте жақсы биледіңдер хош сау болыңдар!
Жүргізуші; Жаңа жыл төрге шығыңыз ,біздің балалардың өнерін тамашалаңыз. Балалар біздің мерекеге аяз ата кешігіп жатыр,бәріміз дауыстап аяз атаны шақырайық.
Балалар –Аяз ата ,аяз ата ,аяз ата
Ортаға аяз ата шығады.
Аяз ата ; Сәлеметсіңдер ме ұлдарым
Сәлеметсіңдер ме қыздарым
Бүгінгі жаңа жылдық мереке құтты болсын
Қанекей бабаларым, өздерің өсіп қалыпсыңдар ,
Менің немерем Ақшақар осында кетіп еді,көрмедіңдер ме?
Балалар ; -Жоқ көрмедік
Сол кезде мыстан кемпір кіреді.
Мыстан кемпір ; Аха –ха ,Аха –ха.сендер меруерт балабақшасында жаңа жылды тойлап жатырсыңдар ,мені шақырмай .ол үшін
Ақшақарды мен ұрлап кеттім.
Аяз ата – Мыстан кемпір , қазір ақшақарды тауып әкелмесең
Мен сені мұзғып қатырып тастаймын деп, Мыстан кемпірді
Шыршаны айнала қуады.
Мыстан ; Ендеше менің шартым бар.
Менде осы әсем мерекені тамашалайын рұқсат берсең Ақшақарды
қайтарам.
Аяз ата ; Әрі ойланып ,бері ойланып ,Бізбен бірге тойласын ба балалар?
Балалар; -Ия
Аяз ата –Жарайды бір жолға кешірейін немеремді алып кел.
Мыстан –сыпырғышына мініп ақшақарды әкеледі.
Жүргізуші; Аяз ата ,ақшақар ,мыстан кемпір төрлетіңіздер біздің балалардың өнерін тамашалаңыздар.
Тақпақтар ; Зере ,Айым , Ғалия, Р .Аружан
Би «Қуыршақтар»Балапан тобының балалары
Осы кезде ән ырғағымен Аққала келеді ух-ух деп шаңғымен,
Аққала ; Сәлеметсіңдер ме, балалар
Ақ мамық қардың үстімен
Орманнан келдім кендерге.
Жаңа жыл мерекесінен қалып қойңан жоқпын ба ?
Балалар ; жоқ –жоқ дейді
Жүргізуші ; Аққала қош келдіңіздер қалып қойған жоқсыз Төрлетіңіз біздің бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыз.
Тақпақтар ; Қарақөз , Хантөре , Жанел ,Исмайл
Жүргізуші ;Аяз ата келесі кезекте біздің із басарларыңыз би билейді Ұлдардың орындауында «Санта клаус»биі»
Аяз ата ; Рахмет балалар ,
Аяз ата Балалар тыңдандаршы жылаған дыбыс естілеме .
Көрініс ;сахна сыртынан қоян жылап қашып шығады, Көмектесіңдер? Менің жаңа жыл мерекесі келеді. Қасқыр болса жеймін дейді қайда тығылсам екен деп қашып келе жатқанда алдарынан түлкі шығады.
Түлкі;-Не болды қасеке , ескі жылды ренжітуге болмайды.
Қасқыр ; Ах ,түлкі сен айлаңды асырғалы тұрсың-ғой ,бәлем.
Екеуі қоянның қолын екі жаққа тартқылайды.
Қоян ; Кім бар маған көмектесер
Асырды жаулар айласын
Құтқарыңдар жауымнан
Қайдасыңдар , достарым
Аяз ата ; Тоқтатыңдар аңдар .Бұл не шу
Қоян , Менің жаңа жыл мерекесіне қатысқым келіп еді,Қасқыр
соңыма түсіп , түлкі алдап ,екеуі жемекші болды.
Аяз ата ; Ескі жылды ренжітуге болмайды. Бір –бірімізден
Кешірім сұрап ,жаңа жылды жақсы өткізейік.
Жүргізуші; Ал достар төрлетіңіздер .Біздің балалардың өнерін
тамашалаңыздар.
Тақпақтар Алдияр ,Алина ,Самина , А Нұрай.
Аяз ата ; Мен сендерге ойын әкелдім.
Ойын шарты ; Егер мен сендерге мұздай қатырып тастасам тоқтап қаласыңдар.
1.Егер аяз болып соқсам
З-з-з
2. Ал енді боран болып соқсам гу-гу-гу-деп жерге отыра қаласыңдар.
Ән «ормандағы аңдар әні »орындайтын Қанибек Қаракөз
Аяз ата ; Ал ,енді балалар басқа балабақшада балалар күтіп отыр қош сау болыңдар.Аяз ата ақ тілегін айтады.
Хор «шырша жыры», /бақшамызға келді/
Жүргізуші; Осымен Балапан тобының ертеңгілігі аяқталды.балалар рахмет ,хош сау болыңдар.

Жаңа жылым хош келдің! (18.69 KB)

