Меню
Разработки

"Жаңа-жыл,жаңа-жыр"

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

17.01.2018

Содержимое разработки


«Ертегілер еліне саяхат» атты жаңа жылдық ертегінің сценарийі


Қатысушылар:


Жүргізуші. Аяз – ата, Ақшақар, Қоян,Түлкі,Қасқыр,Аю,Тауық,Ит,Мыстан.


(Жаңа жылдық әуен ойналып тұрады сахна сыртында мыстан кемпірдің даусы естіледі.)


Мыстан кемпір: Ха-ха. Хи-хи. Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендендіріп мәз мейрам боп жатыр ғой. Ха- ха. Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз. Қап бәлем, қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені. Аяз атаны күтіп отырған болар.Келтіртпеймін. Аяз аталарын ертегілер елінде адасып кетеді. Ха ха –ха


Жақсылыққа келтіртпеймін


Жаңа жылға жеткізбеймін


Мен тұрғанда адамға


Мереке жоқ жалғанда


Ха-ха –ха. Хи-хи-хи


(Фан - фар ойналады, жүргізуші шығады.)

Жүргізуші: Саламатсыңдарма! Келе жатқан жаңа жылдарың құтты болсын!

-Ой,бұл жерге әлі балалар келмеген бе? Ендеше қол соғып қошемет қылып отырайық.

«Ақшақарлар биі».

(Әдемі әуенмен Тауық жылымен бірге балалар кіреді).

Жүргізуші:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық

Құттықтаймыз келер жылды алдағы

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық

Жылға шашу шашамыз

Тойлап көңіл ашамыз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билеп ән саламыз


Тауық:-Мен бір жыл бойы сендермен қызықты да,қуанышты да бірге бөлістім.Сендермен қоштасатын уақытта таяп қалды.Менің жылым сендерге несімен есте қалды?

Жүр-шінің сөзі.


Жүр-ші:-Ой,балалар,мана мына жерге келе жатып Мыстанның дауысын естігендей болдым.Әй бірақ мыстан мынадай әдемі жерде не қылады.

Балалар,қараңдаршы,мына жерде бір әдемі үйшік тұр,онда кім тұрады екен,көрейік? Тук-тук-тук!

(Үйшіктен Ақшақар шығады)

Ақшақар: Сәлем достар,мен Ақшақармын! Менсіз бір де бір шырша тойы өтпейді.

Баршаңызды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын!Аяз атаны көрмедіңдер ме? Кешігіп жатыр.Ата келгенше уақытты көңілді өткізейік.

Балалар,сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?Бүгінгі ертегіде ормандағы аңдардың барлығы бар.

Жүргізуші: Ой-бәрекелді,Ақшақар,балалар аңдарды көріп бір қуанып қалатын болды ғо. Ақшақар,біздің шыршамыз көңілсіз сияқты,шамдарын жаға алмаймыз.

Ақшақар:-Кәне,балалар,әдемі шыршамыздың шамдарын сыйқырлы сөзбен жағайық.(1,2,3-Шыршамыз жарқыра).

Шыршаның шамдары жанады.

Жүр-ші:-Балалар,кәне Ақшақарға арнап ән орындап берейік.

Ән «Ақшақар».

(Көңілді әуенмен қоян секіріп келеді):

Қоян: Ұзын құлақ қоянмын

Ойлы –қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірдім

Естіп қалып сыбдырды

Қарап едім артыма

Тойлап жатқан жаңа жыл

Достарым екен өзімнің.

(Секіріп-секіріп билейді). Балалар,жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Мен ең батыр қоянмын! Мен ешкімнен қорықпаймын.

Жүр:-Аққоян,мақтанба,одан да балалардың көңілін көтер.

Қоян: Балалар,мен қыс мезгілін өте жақсы көремін,ал сендер жақсы көресіңдер ме?

Балалар:-Иа,жақсы көреміз.

Қоян:-Ендеше,мен құсап кәне кім секіре алады?

(Балалар секіреді).

Ақшақар: -Ой,мақтаншақ қояным ай,сен секіргеннен басқа не білесің.Кел оданда би билейік.

Ақшақарлар биі.

Жүр-ші: -Кәне балалар,қоянға арнап тақпақтар айтып берейік.

Мыстан:Тоқтаң, тоқтаң, сендерге мына келуге кім рұқсат берді.Өздерің әдемі болып алыпсыңдар,мені ешбір жер жақтырмайды,сондықтан да мен мереке болған жердің шырқын бұзамын.Жаңа жылды болдыртпаймын,Аяз атаны да келтіртпеймін.

Жүргізуші: Бұл не сұмдық! Сен бізді қорқыта алмайсың. Мыстан. Біз бәрібір Аяз атаны шақырып,мерекені тойлайтын боламыз.



Ақшақар:-Сәлем,мыстан шешей,сен ашуыңды бас.Балалардың мерекесін бұзба,оданда көңіліңді көтеріп мерекені бірге тойла.

Қоян:-Иә,мыстан шеше,кел бірге тойлайық.

Мыстан:-Көңіліме ұнаса,көремін.

Жүргізуші: Балалрдың тақпақтарын тамашалаңыз.

Айару:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау, қарлы шың.


С.Диас:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын.


Дария: Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.


Мыстан: Тек осы ма,өнерлерің?

Жүргізуші: -Жо-жоқ,бізде ән де,би де бар.

Мыстан: Мен де бір ойын бар,осы ойынды өзім жақсы көремін. Бірақ үлкендермен ойнаймын. Менімен ойнайсыңдар ма?

Ойын: «Орындыққа отыру».

(Көңілді әуенмен түлкі келеді)

Түлкі:Мен түлкімін,түлкімін,

Тұнып тұрған күлкімін.

Бұлаң-бұлаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім.

Кейбіреуді алдаймын,

Екіншіні арбаймын.

Ля-ля-ля(билейді). А,қоян,сен мұнда екенсің ғой!(Қоянды қуады,шыршаны бәр айналып шығады,қоян Ақшақардың артына тығылып қалады).

Ақшақар: Әй,түлкі,сен қоянға тиме.Бүгін жаңа жыл,мереке ғой!

Түлкі: Солай ма,жаңа жыл келіп қалды ма,мен білгенім жоқ.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Ән салайық,би билейік.Кел Тауық жылы сенің құрметіңе және менің құрметіме балалрмен би билейік.

Топпен би: «Утята».

Жүр-ші: Кезек балалардың тақпаына берейік.

Аяна:

Шыршамызға шам жағып,

Қараймыз ғой тамсанып,


Жаңа жылда би билеп,

Ал кәнекей ән салдық!

Қолқанат:

Жаңа жыл,жаңа жыл.

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Әділет:

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Ақшақар:Аңдар,ал аю қайда?

Аңдар: Ол қыста ұйықтайды. Ол өзінің інінде қолын сорып ұйықтап жатыр.

Ақшақар:-Кәне,оны бәріміз қосылып оятайықшы.

Бәрі: Аю!Оян!(3 рет)

Аюдың орнына Сайқымазақ шығады.

Қоян мен түлкі: Біздің аю досымыз қайда? Сен кімсің? Аюдың апанында неғып жүрсің?

Сайқымазақ:-Мен көңілді күлдіргімін. Осы мерекеге келе жатып жолдан адасып,аюға тап болдым.Біреу белгілерді бұрып қойыпты.Ал аю досыңыз орман ішінде жүрген болар,қазір келіп қалар.

Жүргізуші: -Ол белгілерді мына Мыстан болар бұрып қойған.Әй мыстан-ай! Аяз атамыз адасып кетпесе болар еді.

Ақшақар: Мыстан шешей,сен барып белгілерді жөндеп қой,жолшыбай Аяз атаны да кезіктіріп қаларсың. Аяз атаны осында ерітіп келсең біз саған әдемі көйлек сыйлаймыз.

Мыстын: Алдамайсыңдарма?

Барлығы:-Жоқ.(Мыстан шығып кетеді)

Сайқымазақ: Не тұрыс,менің өңілді би билегім еліп тұр. Кәне менімен кім билейді?

«Күлдіргілер» биі.

Аю келеді қорбаңдап.

Аю: Қорбаң-қорбаң етемін,

Орман менің мекенім.

Барлық аңға тимеймін.

Балпаң-балпаң билеймін.

-Кәне,балалар менімен ойын ойнағыларың келеме? Мен тәтті жегенді ұнатамын,ал сендер ше!

Ойын «Тез жеу».

Кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Інжу:

Ақша қарға малынып

Аппақ тонын жамылып

Ақалы мен мұртына


Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Назым:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

Жүр-ші:-Ақшақар,аңдар Аяз ата кешігіп жатқан сияқты.

Ақшақар:-аңдарым менің,достарым,сендер Аяз атаның алдынан шығып қарап келіңіздер.Мүмкін манағы мыстан алдап жүрген болар.

Аңдар шыға бергенде әдемі әуенмен ішке Аяз ата келеді.

Аяз ата:

Келе жатырмын,келе жатырмын!

Алыс-алыс жерлерден

Ормандардан,белдерден

Бйік-биік,таулардан

Белес асып талардан

Сағынып келем сендерді.

Барлығы: Салеметсіз бе,Аяз ата!

Ақшақар:Аяз ата балалар сізді көп күтті.Шыршамыздың шамы да жанды.

Жүр-ші:-Иа,аяз ата балаларымыздың әні де биі де дайын сізге арнаған.

Аяз ата: -Ал ендешебалаларымның өнерін тамашалайын.

Малика:

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той-маскарад басталды

Аяз ата басқарды.

Таңшолпан:

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Аяз ата:-Бәрекелді,балалар,тақпақтарың жақсы екен. Ал, балалар,мен кішкене тынықтым.Енді билегім келіп тұр сендермен. Кәне кім билегісі келіп тұр?

«Аяз ата» биі.

Жүр-ші: Кезекті әнге берейік.

Хор «Кішкетай шыршамыз».

Ақшақар : Балалар келіңдер аққала биін билейік.

Би «Аққала».

Дарияның орындаында «Бала тілегі» әні.

Аяз ата,Ақшақар балаларға сыйлықтар үлестіреді.

Жүр-ші: Баршаңызға келіп жеткен жаңа жыл құтты болсын.Отбасыларыңда қуаныш,береке болсын.Бүгінгі «Қыран» тобының дайындаған ертеңгілігі осымен аяқталды.Қош сауболыңыздар!



МКҚК «Ер Төстік» балабақшасы







«Жаңа жыл-жаңа жыр!»


















Дайындағандар:Сауытбаеа Г.

Жангожина Ш.

Ән-саз жетекшісі:Балтабаеа А.

2017-2018 ж.ж.




-80%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Жаңа-жыл,жаңа-жыр" (24.91 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели