Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Разное  /  Прочее  /  Жаңа білім беру технологиялары бойынша интерактивті плакаттарды пайдалану ерекшеліктері

Жаңа білім беру технологиялары бойынша интерактивті плакаттарды пайдалану ерекшеліктері

Особенности использования интерактивных плакатов по новым образовательным технологиям

28.03.2018

Содержимое разработки

ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БОЙЫНША ИНТЕРАКТИВТІ ПЛАКАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ш.Ж.Болсынбекова

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

(Семей қаласы, Қазақстан)


Интерактивті плакат – графика, мәтін, дыбыс сияқты қажетті ақпаратты көрсетуге мүмкіндік беретін интерактивті навигациясы бар, электронды оқу плакаты. Жай полиграфиялық плакаттармен салыстырғанда электронды интерактивті плакаттар заманауи көп мүмкіндікті оқу құралы болып табылады және оқу үрдісін ұйымдастыруға кең мүмкіндіктер ұсынады. Интерактивті плакаттар негізінен жаңа материалды оқып-үйренуге арналған, бірақ өтілген тақырыпты қайталау кезінде де қолдануға болады.

Интерактивті плакаттарды қолданудың тұжырымдылық ойы.

Интерактивті плакатты мультимедиалық оқу ресурсы ретінде қолдану, бір жағынан оқушыға жеке дара немесе тұтастай жұмыс кезінде негізгі түсініктердің қалыптасуын көрнекі көрсету, екінші жағынан осы генезисте оқушының белсенді қатысуы негізгі педагогикалық ой болып табылады.

Интерактивті плакатты қолданудың жаңашылдығы.

Интерактивті плакат – оқыту барысындағы көрнекіліктерді қабылдаудың ақпаратты каналдарының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететін жаңа үлгідегі электронды білім беру құралы [1]. Цифрық оқыту ресурстарында бұл тәріздес ақпарат бірден берілмейді, ол қолданушының басқарушылық қимылдарына қарай пайда болады. Интерактивті плакаттың басқа құралдарға қарағанда тақырыпқа толық енуге беретін мүмкіндігі орасан зор.

Интерактивті плакатты қолданудың жаңа тәжірибесі, оны бағдарламаның кейбір тұйықталған тақырыптарын оқып-үйрену барысында мультимедиалық технологияларды пайдаланудың кешенді бабын табу. Қазіргі таңда сабақтың тиімділігін арттыру сабақтың ақпараттық тығыздылығын арттырумен байланысты, ал бұл өз кезегінде оқу материалдарының жаңа тасымалдаушысын қажет етеді. Осылайша, компьютерлік құралдар мен мультимедиалық технологиялардың дәстүрлі оқыту жүйесімен тығыз интегралданатын оқытудың нақты моделі ұсынылады. Бұл моделдің негізінде тақырыптық ену деп аталатын әдіс жатыр, бұл әдістің дәстүрлі оқыту формаларын, әдістері мен тәсілдерін мультимедиалық технологияларды кешенді пайдаланудың есебінен байытуға мүмкіндігі бар. Компьютер мен мультимедиалық құралдардың эпизодтық емес, дәл осындай қолданылуы оқушыларға, білікті маманның қолында компьютер ғылыми танымның мықты құралына айналатынын түсінуге мүмкіндік береді, әрі бұл жеке-дара тұлғаның оқуға деген мотивациясын арттырады. Интерактивті плакатты қолдану барысында мұғалім оқушылар үшін ақпараттың, шындық тасымалдаушысының жалғыз көзі болудан қалады да, серіктес кейпіне енеді [2].

Тәжірибе технологиясы.

Зерттеудің мәні болып мультимедиалық оқыту ортасына ену арқылы жеке, тұйықталған тақырып бағдарламасын оқыту барысында интерактивті плакатты қолдану табылады.

Зерттеу мақсаты – ақпараттық комуникацациялық технологиялар мен информатикадан оқу - әдістемелік жиынтық негізінде мультимедианы қолданудың кешенді тәсілі негізіндегі тақырыптық енуді ұйымдастырудағы білім беру мекемелері үшін бағдарламалық қамтаманың стандартты негізгі пакеттін интерактивті цифрлық ресурстардың зерттемесін жасау мүмкіндігі.

Зерттеу гипотезасы. Аппараттық құралдарды, компьютерлік бағдарламалар мен оқытуға арналған мультимедиалық интерактивті плакаттарды кешенді қолдану негізіндегі тақырыптық ену әдісі оқушының негізгі дәрежелі білім алуға кепілді нәтижеге жетуіне, таңдалған тақырып бойынша ілгері дәрежедегі оқуды дифференциалдауға және оқу барысына деген мотивацияны жоғарылатуға ықпал етеді.

Қойылған мақсатқа жету үшін және жоғарыатылған гипотезаны тексеру үшін жұмыста келесідей негізгі мәселелер шешіледі:

Психологиялық-педагогикалық оқыту және таңдалған ұйымдастыру формаларын, интерактивті плакатты қолдану әдістері мен тәсілдерін негіздеу тұжырымдамаларының сараптамасы.

Оқытудағы мультимедиалық технологияларды пайдалануға кешенді қарау негізіндегі тақырыптық ену әдісінің теориялық негіздері зерттемесі.

Қолданылатын аппараттық құралдар мен бағдарламалық өнімдердің функционалдық және дидактикалық мүмкіндіктерінің сараптамасы негізіндегі тақырыптық мультимедиалық интерактивті плакатты жобалау принциптерін дәлелдеу.

Бар әдістемелік зерттемелерді адаптациялау мақсатымен сабақ барысында дәстүрлі көрнекілік оқу құралы мен техкикалық оқыту құралдарын пайдалануға арналған әдістемелік әдебиеттердің сараптамасын жасау.

Интерактивті плакат жасаудың технологиялық әдістерін және қалыптасқан және қолда бар техникаларды таңдау және сараптамасын жүргізу.

Оқу материалдарын көрсету үшін қажетті динамикалық және интерактивті компьютерлік модельдерін жасау.

Үлгі ретінде қолдану үшін графикалық моделдерін жасау.

Интерактивті плакатты пайдалану негізіндегі тақырыптық ену әдісінің тиімділігін экспериментальды түрде тексеру.

Оқытудың жетекші жүйелік-әрекеттік әдіс принциптері, оқытуды ақпараттандырудың негізін қалаушы жұмыстар, ақпаратты қабылдауға кедергі келтіретін жағдайлардың психологиялық зерттеулері, информатика мен АКТ оқыту методикасының концептуалдық қағидалары тәжірибенің методологиялық негізі болып табылады.

Интерактивті плакат ең алдымен оқыту барысының көрнекіліктерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге арналған.

Оқушыларға арналған кез келген интерактивті плакаттар тек қана заттар саасынан емес, сонымен қатар жас ерекшелігіне қарай арнайы жасалуы керек. Сондай-ақ мәтіннің оқуға ыңғайлы болуын, жарқын әрі әдемі қаріптердің қолданылуын, навигацияның оңай және әдемі болуын қарастыру қажет.

Интерактивті плакат зерттемесін жасау барысында оның қолданушы әрекетін сезінуі және оған ақпараттың осы немесе графикалық, мәтіндік, дыбыстық сияқты басқа бөлшегін ұсынуы керек екенін ескерген жөн.

Интерактивті плакатты түрлі компьютерлік орталарда жүзеге асыруға болады, Power Point ортасы, Active Inspire ортасы.

Бағдарламалық критерийлері. Бүгінгі таңда интерактивті плакат деп демонстрация режимінде сақталған, бірақ анимация, гиперсілтеме, және мультимедиа элементтерінің стандартты жабдықтары пайдаланылатын қарапайым презентацияны атаумен шатыстырады. Интерактивті плакаттың презентациялардан негізгі айырмашылығы сандық ресурсты сызықтық емес пайдалану. Сонымен қатар презентациялар интерактивтілік ұғымына көлемі жағынан аз ғана дәрежеде сәйкес келеді. Презентация мәселесінің басқа аспектілігі осы бағдарламалық өнім базасында әр түрлі жұмыс түрлерін іске асыруға тырысу болып табылады. Атап айтқанда, презентацияда оқыту үдерісінің мәселелері және оқушылардың диагностикалық білімін бақылау сұрақтары мен көрнекіліктермен сүйемелдеуді іске асыру арқылы жүргізіледі. Нәтижесі – төмен педагогикалық тиімділік [3].

Сондықтан, презентациялармен салыстырғанда интерактивті плакат келесі педагогикалық және бағдарламалық жүйесі критерийлерді қанағаттандыруы тиіс:

Плакаттың тақырыбы күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ сабақтың типіне міндетті түрде мән берілу керек (жаңа материалды зерделеу, аралас, қайталау-тәжірибе алмасу).

Плакат негізінде аз көлемдегі слайдтар санынан болуы тиіс. Мысалы:

Бірінші слайд – көрнекілік, интерактивті құралдарды басқаратын батырмалар және т. б. жаңа материалды меңгеруде мультимедиалық және интерактивтік қағидаларына сәкес келу керек.

Екінші және егер қажет болса, үшінші слайд, диагностикалық бақылау элементтерін орналастыруға арналғандығын қамтамасыз ету.

Бірінші кезекте плакаттық бағдарламалардың түсіндірілу мүмкіндігі, дидактикалық мақсаттары мен міндеттермен келіслген болуы қажет. Сондықтан, бағдарламалық-педагогикалық тұрғыдан плакат келесі мүмкіндіктер жүзеге асыруы керек:

- жаңа материалды бүкіл оқып-үйрену барысында бір үлкен (негізгі) блок бойынша жұмыстардың жүргізілуі жеткілікті;

- гиперактивтік аймақтарда орналасатын және басқан кезде ашылып, сондай-ақ басқан кезде алғашқыға дейін жабылатын қосымша көрнекіліктердің болуы;

- интерактивті плакаттың объектілерін әртүрлі түстермен бөлуге мүмкіндік беретін (астын сызу, із салу, түзетулер, жазбалар) интерактивті құралдардың болуы (қалам, маркерлер);

- гиперактивті аймақта түймелер, не басу командасы бойынша пайда болатын және жоғалатын облыстардың болуы қажет. Мысалы, оқушылар өз бетінше жасалған тұжырымды, дұрыс шығарылған шешіммен салыстыра білу үшін қажетті ережелер, қорытындылармен жұмыс істеу;

- әрекеттерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін элементтердің болуы.

Макростар және триггерлердің элементарлық жұмыстары және қарапайым VBA қарапайым командалар көмегімен презентациялардың көрсетілу мүмкіндіктері іске асырылуда. Интерактивті плакатты жасаудың жетекші қағидасы болып, Оffice бағдарламалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын нақтылы бір тақырыпты оқыту барысында қолданылатын педагогикалық принциптер, әдістер мен тәсілдер болып табылады.

Осылайша интерактивті плакат анықтамасын тұжырымдауға болады:

Бұл интерактивті элементтердің көмегімен дидактикалық материалдарды ұсынуға арналған педагогикалық бағдарламалық жабдық болып саналады. Бұл ретте плакаттардың жүзеге асу ортасы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл Office және басқа да бағдарламалық құралдар ортасы болуы мүмкін.

Интерактивті плакаттардың ерекшеліктері

Жоғары интерактивтілік –оқытушы мен оқушылар арасындағы диалог, оқуға деген жаңа әдістің бірі болып саналады;

Қолдану қарапайымдылығы – интерактивті плакат инсталляциялауды талап етпейді, қарапайым және түсінікті интерфейсті қамтиды;

Бай визуалды материал - жарқын анимация құбылыстар мен процестерді, фотосуреттер мен иллюстрациялар, яғни басқа өнімдерден және оқу құралдарынан артықшылықты көрсетеді;

Топтық және жеке тәсіл- барлық топ (интерактивті тақтада пайдалану), сондай-ақ әрбір жекелеген оқушыларға (дербес компьютермен жұмыс) жұмыс істеуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;

Оқу материалының бағдарламасы логикалық аяқталған жекелеген фрагменттерден тұрады, ал ол оқытушыға сабақтарын өз міндеттеріне сәйкес құрастыруға мүмкіндік беріледі.

Мәселенің өзектілігі, әлеуметтік маңыздылығы.

Дәстүрлі білім беру жүйесінде компьютер және мультимедиялық технологияларды пайдаланудың шынайы процесін енгізу, бүгінгі таңда сыртқы әсерден және де кенеттен пайда болатын және стихиялық сипатқа ие. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданушы оқу процесіне солардың өзін пайдалану үшін кіргізетіні жасырын емес. Қолданылатын мультимедиялық өнімдерді көбінесе оқытудың заңдылықтары мен принциптері жөнінде эмпирикалық (көбінесе жеке өзіндік) түсініктері бар бағдарламашылардың қолынан шығады. Оқу мақсатындағы мультимедиаресурстар барлығы бірдей, тіпті Интернеттің кең таралған білім беру ортасындағы жеткілікті дәрежеде танымалдарының өздері педагогикалық және әдістемелік ғылымның қазіргі заманғы жағдайына сай келе бермейді. Барлық мультимедиалық ресурстарда оларды пайдалану бойынша әдістемелік материалдар болмайды: ең жақсы жағдайда пайдаланушы өніммен осы өнімді орнату арқылы нұсқаулар алады. Электронды курстың тұтастығынан қажетті фрагментін бөліп алу және оны сабақта пайдалану, одан да күрделі мәселе болып табылады.

Тактикалық жағынан оқытушы айтарлықтай уақыт шығындарынсыз, қолда бар жүйеде жағдайларында өзі сабаққа енгізе алатын мультимедиялық ресурстарды беру аса тиімді болар еді. Біздің тәжірибемізде, дәстүрлі жүйе аясында оқу үрдісін ұйымдастыру үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы объективті қажеттілік пен ол үшін жасаушылар ұсынатын мультимедиалық өнімдерді қолдануға мүмкіншіліктің болмауы қарама-қайшылық туғызады [4].

Мультимедиа оқу әрекетін ұйымдастыру мен басқарудың мүмкіндіктерін орасан кеңейтеді, осылайша үлкен әлеуеті бар дамытушы (перспективалы) әдістемелік әзірлемелер аясында мүмкіндік беруді іс жүзінде жүзеге асыруға арналған дәстүрлі оқыту негізнде қалған қажетсіз немесе белгілі бір объективті себептерден тиісті нәтиже бере алмауынан тудайды.

Осылайша, әдістемелік әзірлемелерді жасау мен қолдану бойынша нақтылы тактикалық шешімдер мен компьютер мен мультимедиалық технологияларды оқытуда қолданудың стратегиялық сұрақтары арасында қарама-қайшылықтар туады. Аталған қарама-қайшылықтарды шешу интерактивті плакатты мультимедиалық құрал ретінде пайдаланудың тақырыбын әзірлеуге себеп болды.

Білім беру жүйелерінде технологиялық жабдықты пайдалану мүмкіндігі.

Интерактивті плакат, қолданбалы әдістемелерді жүзеге асыру құралы ретінде шынында да басыңқылық танытып отырған педагогикалық технологиялардың өзгеруінде белгілі рөл атқаруы мүмкін, себебі ол білім беру ақпаратының жаңа ұсынылуы ғана емес, сондай-ақ оқушылардың білім алу қызметінің неғұрлым тиімді тәсілі мен ұйымдастыру формаларына көшуге мүмкіндік береді.

Осылайша, оқу пәндерінің толық спектрінде интерактивті плакат мультимедиалық технологияларды тиімді қолданылудың құралы ретінде, әртүрлі білім беру жүйелерінде қолданысқа ие бола алады.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Епишева О.Б. Технология обучения математике на основе деятельностного подхода: Книга для учителя. – М.: Просвещение, 2003.

  2. Захарова К.Г. Информационные технологии в образовании: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2003.

  3. Матрос Д.Ш. Информатизация общего среднего образования. – М.: Педагогическое общество России, 2004.

  4. Савотченко С.Е., Соболев М.В. Интерактивные плакаты в предметной деятельности педагога в школе. – Белгород: ГОУ ДПО «Белгородский региональный институт повышения квалификации и профессиональной переподготовки специалистов», 2009.





































РЕГИСТРАЦИОННАЯ ФОРМА заочного УЧАСТНИКА КОНФЕРЕНЦИИ


Международная научно-практическая конференция

«Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности» в Арабской Республике Египет

(Шарм-аш-Шейх) 23-25 марта 2016 г.

Фамилия

Қазақша / на казахском языке:

Болсынбекова

На русском языке:

Болсынбекова

In English / на английском языке:

Bolsynbekova

Имя

Қазақша / на казахском языке:

Шынар

На русском языке:

Шынар

In English / на английском языке:

Shynar

Отчество

(если есть)

Қазақша / на казахском языке:

Жумагалиевна

На русском языке:

Жумагалиевна

ИИН / ИНН / ID

750215400665

Число, месяц, год рождения

15.02.1975

Ученая степень (если есть)

Магистр информатики

Ученое звание (если есть)


Основное место работы (полное название организации без сокращений)

Государственный университет имени Шакарима города Семей

Должность

Старший преподаватель

Адрес места работы (с почтовым индексом)

Ул. Кашагана 1

Точный почтовый адрес для переписки и получения сертификата (с почтовым индексом)

г.Семей, ул. Аймаутова 84б, кв. 37

Рабочий телефон, факс (с кодом международной / междугородней связи)

87222360216

Домашний телефон (с кодом международной / междугородней связи)

87222360135

Сотовый телефон

87027252145

E-mail

[email protected]

Название статьи

Жаңа білім беру технологиялары бойынша интерактивті плакаттарды пайдалану ерекшеліктері

Секция

05.00.00 - Технические науки и информатика

Нужен ли сертификат участника (да / нет)

нет










РЕГИСТРАЦИОННАЯ ФОРМА заочного УЧАСТНИКА КОНФЕРЕНЦИИ


Международная научно-практическая конференция

«Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности» в Арабской Республике Египет

(Шарм-аш-Шейх) 23-25 марта 2016 г.

Фамилия

Қазақша / на казахском языке:

Молдабекова

На русском языке:

Молдабекова

In English / на английском языке:

Moldabekova

Имя

Қазақша / на казахском языке:

Айгуль

На русском языке:

Айгуль

In English / на английском языке:

Aigul

Отчество

(если есть)

Қазақша / на казахском языке:

Рысбековна

На русском языке:

Рысбековна

ИИН / ИНН / ID

750724400563

Число, месяц, год рождения

24.07.1975

Ученая степень (если есть)


Ученое звание (если есть)


Основное место работы (полное название организации без сокращений)

«Аксуатская средняя школа №2» КГП

Должность

Учитель математики и информатики

Адрес места работы (с почтовым индексом)

ВКО, Тарбагатайский район, с.Аксуат

Точный почтовый адрес для переписки и получения сертификата (с почтовым индексом)

ВКО, Тарбагатайский район, с.Аксуат

Рабочий телефон, факс (с кодом международной / междугородней связи)


Домашний телефон (с кодом международной / междугородней связи)


Сотовый телефон

87055314937

E-mail


Название статьи

Жаңа білім беру технологиялары бойынша интерактивті плакаттарды пайдалану ерекшеліктері

Секция

05.00.00 - Технические науки и информатика

Нужен ли сертификат участника (да / нет)

нет


-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель информатики

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жаңа білім беру технологиялары бойынша интерактивті плакаттарды пайдалану ерекшеліктері (107.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт