| Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Күні: 24.02.2020ж Сынып: 2 «Б» | Мектеп:№6 Мұғалімнің аты-жөні: Налибава Карлыгаш Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ тақырыбы | Жалқы есім және жалпы есім | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.4.2.4 – зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емлесін сақтау. 2.2.4.1. – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындайды: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Көптеген оқушылар орындайды: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды.Сұрақтарға жауап береді.Ресурстармен жұмыс жасайды. Кейбір оқушылар орындайды: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бағалау критерийлері | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындайды.Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Тілдік мақсаттар: | Пәнге тән лексика мен терминология: -Оқу түрлерін қолданып, оқиғаны болжайды, каллиграфиялық нормаларды сақтайды. Бота – верблюжонок – camel Жұлдыз – звезда – star Қыз – девочка - girl | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу | Оқушыларды туған жерге деген құрметке баулу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, музыка, әдебиеттік оқу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бастапқы білім | Зат есім туралы біледі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері (40мин) | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың басы (5мин)
Жаңа білім (10мин)
Ортасы
Сергіту сәті (2мин) «Көңілді күн»
Сабақтың соңы
| Психологиялық ахуал: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер, сонда дереу жан-жағым. Топқа бөлу, ат қою: «Сөз таптарымен» бөліну I-топ: «Зат есім» II-топ: «Сын есім» III-топ: «Сан есім» IV-топ: «Етістік» Ережемен таныстыру Бағалау ұпайларымен таныстыру Сұрақтар қою: «Микрофон әдісі» Сөз таптары дегеніміз не? Зат есім дегеніміз не? Сын есім дегеніміз не? Сан есім дегеніміз не? Етістік дегеніміз не? Бағалау: Дөңгелектермен бағалау Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. -Картада нелер бейнелеген? -Қандай қала, өзен, тау, көл атауларын білеміз? -Мына үй жануарларына ат қоямыз? -Мына балаларға есім қоямыз? -Бұл сөздер адам, қала, жер-су, жануарларға ғана тән,қойылған жеке атауы екен. Бұларды атына қарай ажыратамыз. -Олай болса,кісінің аты-жөні,жер-су аттары,жануарларға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. -Ал жалқы есімнен басқа сөздерді жалпы есім деп аталады. Жалпы есімді кіші әріппен жазамыз. Жалқы есім мен жалпы есім зат есімнің түрлеріне жатады. -Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады.Сөйлемнің басында,ортасында,соңында келсе де, бас әріппен жазылады. Мысал келтіру: 1.Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны. -Балалар, биыл Абай атамыздың неше жылдығын тойлаймыз? (балалар жауабы) 2.Тарихта батырлармен бірге, Тайбурыл мен Теңбілкөк- ел есінде қалған аттар. 3.Еліміздің ерекше көркемі мен сәні – Алатау. Дәптермен жұмыс: күн реті,көркем жазу Тосын жағдай: «Сиқырлы елден хат» Хатты ашып оқу Топпен жұмыс: «Шардан тапсырмалар» алу. I-топ «Зат есім»: Суретке қарап,олардың астындағы сөздерді оқып,сөздердің бірі кіші әріппен,бірі бас әріппен жазылатынын дәлелдеу. Бота (қыз), бота (жануар), жұлдыз (аспандағы дене), Жұлдыз (қыз) Кері байланыс: -Неге қыздардың есімдері бас әріппен жазылған? Бағалау: Дөңгелекпен бағалау II-топ Осы сөздерді қатыстырып «Сын есім» сөйлем құра (бота, Бота) Кері байланыс: -Жалқы есім қандай әріппен жазылады? III-топ «Сан есім»: Үш тілде айту: Бота – верблюжонок – camel Қыз – девочка - girl Жұлдыз – звезда – star Кері байланыс: -Жалпы есім қандай әріппен жазылады? Бағалау: Бас бармақ арқылы бағалау IV-топ «Етістік»: Осы сөздерді қатыстырып,сөйлем құра: (жұлдыз, Жұлдыз) Бағалау: Сергіту сәті «Көңілді күн» -Ал,балалар хаттағы келесі тапсырманы орындайық Топтық жұмыс: I-топ: Сөздерді оқы:кісі,жер-су аттарын бөліп жаз: Атырау, Айжан, Ақтау, Серік, Тараз, Павлодар, Сәуле, айман. Кері байланыс: Бқл сөздер не себепті бас әріппен жазылады? Бағалау II-топ: Берілген сөздердің бір әрпін алып тастап,жаңа сөз жаса: бата – қаша – арба – Ажар – емен – Асан – Кері байланыс: Бұл сөздердің ішінен қай сөздер жалқы есім? Бағалау: III-топ: Өлеңнен жалқы есімдерді тауып астын сыз: Бекен,Төкен Тете екен. Тете үлкені Бекен екен. Кері байланыс: Кісі аттары қандай әріппен жазылады? Бағалау IV-топ: Жаңылтпаштың ішінен кісі аты мен жер аттарын теріп жаз. Жұмбақ шешу: (жұмбақтағы ел атауын табу) Айтыңдаршы ал енді, Тундрасы бар елді. (Ресей) Базары көп,тола адам, Ала тақия,ала шапан (Өзбекстан) Мұнараны ең алып Алған қайсы ел салып (Франция) Айтыңдаршы,ал енді, Шай мен пілі бар елді. (Үндістан) Жеке жұмыс: Сөйлемдерді көшіріп жазуып,жалқы есімдерді тап. Жетісу – көркем өлке. Іле – осы өлкедегі үлкен өзен. Ол Балқаш көліне құяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан. Кері байланыс: Жалқы есім дегеніміз не? Семантикалық карта
Бағалау: дөңгелектермен, басбармақпен бағалау. Рефлексия: «Семантикалық карта» -Жалқы есім дегеніміз не? -Жалпы есім дегеніміз не? -Жалқы есімге мысал келтіру. -Жалпы есмге мысал келтіру. |
Интербелсенді тақта (сөз таптары)
Ереже дөңгелектер: (қызыл,сары, жасыл)
Микрафон
Интербелсенді тақта
Карта ит,мысық,ат,ұл, қыз суреттері
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
Абай суреттері
Аттар суреттері Алатау суреті
Конверт
Шарлар
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
слайд
слайд
слайд
слайд
Ресей суреттері
Ташкент суреті
Франция суреті
Үндістан суреті
слайд
Семантикалық карта | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Жалқы есім және жалпы есім (30.21 KB)

