Сыныбы: 5-А күні.26.10.2013Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос»
Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі
түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Оқытудың мақсаты: Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға
ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға
дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар
оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді;
Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады;
Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді;
Топпен жұмыс барысында ойы толығады,әрекетті сыни бағалауды
үйренеді;
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2.Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
4. Сергіту сәті.
5. Топтық жұмыс. Топтастыру. Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс
6.Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс.
1. Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осындай ақылды, мейірімді, әдепті, ұқыпты, қамқоршыл балалармен кездескеніме өте қуаныштымын достар, сәлеметсіңдерме.
Оқушылармен көңілді орта құру үшін қол ұстасып, шеңбер құрып, «Армандастар» әнін
қосылып айту.
Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу.Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы 4 топқа бөлеміз.
1-топ. Ақылдылар
2-топ. Мейірімділер.
3-топ. Тәртіптілер.
4-топ. Әдептілер.
Топтың басшыларын жасырынған сөздері бар мақал-мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа
1 мақал-мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып, мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі. (АКТ слайд арқылы көрсетіледі).
Топтың лидерін мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табуына қарай анықтау.
1 - топ
Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында.
Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
2 - топ
Жаксылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.
Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.
3 - топ
Жақсының----------- айт, нұры тасысын.
Достың ескісі,
Тонның жаңасы жақсы.
4 – топ
-------------адам алысты жақын етер.
Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
Жұмбақты тапқан оқушы топ басшысы болады. Топ басшылары топпен ақылдасып, сыныптың ережесін бекітеді.
Ереже: Уақытты тиімді пайдалану
Тыныштық сақтау
Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу.
2. Мағынаны тану. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізіледі.
Жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Жақсылық жасау дегеніміз не?
Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
Жақсылық жасау адамның парызы ма? Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді. Әңгімелесу барысындағы ойды толықтыру үшін оқулықта берілген «Жақсылыққа - жақсылық» ертегісін сахналау. Балалар оқулықтағы ертегі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтінді өздігінше талдайды.
3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
Оқулықта берілген ертегілерден үзіндіні оқып, оқушылардың жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңызыдылығын тұғындыру, ой толғау мақсатында аяқталмаған мәтінді өз ойымен жалғастыруға шығармашылық жұмыс беріледі.
«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.
«Арыстан мен тышқан» ертегісі.
4. Сергіту сәті. Оқушылардың тыныс алуын реттеу үшін сергіту жаттығуын ұйымдастыру.
Балалар шеңберге жиналып, аудиодискі арқылы «Қара жорға» әуеніне қимыл-қозғалыс биін билейді.
5.Топтық жұмыс. Топтастыру .Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген оқулықтағы “Жақсы сөз – жарым ырыс”нақыл сөзін басшылыққа алып, өздерінің жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме (эссе) жазуға дәптермен жұмыс беріледі.Балалар жеке жұмыс жасайды.
Топтастыру стратегиясын пайдалана отырып жұптық жұмысқа тапсырма беріледі.
Тапсырма:
Оқулықта берілген Сүйінбай Аронның “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері” өлеңіне талдау жасау.
Өлеңдегі жақсылық пен жамандық тұжырымдарынан кластер құрастыру.(СТО стратегиясын пайдалану)
6.Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс.
Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады.

ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып «жақсылық» тақырыбына ой түйіндейді. Мыс: Қайырымдылық - жақсылық жасаудың ең тиімді жолы.
Сурет бойынша ойларын топтар постер арқылы қорғайды.
Топтарға бағалау парақшасы таратылады.Сабақ барысындағы жұмыстар бойынша топтар бір-бірін және оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Бағалау парақшасы:
алтын күміс қола

INSERT тәсілі арқылы сабаққа талдау жасап, кері байланыс жүргізіледі.
Сабақта не өттік?
Не білдік?
Не білгім келеді?
“Жүректен-жүрекке ”
Оқушылар қол ұстасып,шеңберге құрып,оқулықтағы А.Асылбековтың «Жақсы болу - өзіңнен» атты өлеңін бірге оқиды.Өлеңнің мазмұны арқылы адамның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында екенін және өз бетінше көп үйренуге, әр ісіне есеп беруге үйрену керек екенін ұғынады.
Жақсы – болу өзіңнен.
А.Асылбеков.
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!
Мақал қуаласпақ ойыны.
Адамның жақсы мен жаман қасиеттері бойынша мақал айтып жарысу
1.Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен
2.Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық.
3.Ат жаманы жолдан қалдырар,жолдас жаманы қолда қалдырар.
4.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.
5.Жолдас,жолдасқа қиянат еткен оңбас.
6.Жақсы жаныңа жолдас,жаман малына жолдас.
7.Жалқаудың жаны тәтті,еңбектің наны тәтті.
8.Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі ғой,жамандыққа жақсылық ер адамның ісі ғой.
Таудың басын көр де,
Түбіне барма;
Жақсының өзін көр де,
Үйіне барма.
Ақ сауыттың жағасы бар,
Жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар,
Кегі жоқ.
Жақсыда кек жоқ.
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.
Жақсының жаны – жаннат.
Жақсы адам жолдасынан танылғы.
Жақсымын деп мақтанба,
Халық айтпай,
Батырмын деп мақтанба,
Жеңіп қайтпай.
Жақсы – ай мен күндей –
Әлемге бірдей.
Күн ортақ,
Ай ортақ
Жақсы ортақ.
Жақсы кісі қартайса да,
Ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да,
Жүрісінен танбас.
Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне.
Жақсыны көрмек үшін.
Сыпайыны үйде көрме,
Түзде көр.
Асыл әйел –
Әрі еркек, әрі қатын.
Жақсы лепес –
Жарым ырыс.
Жақсының аты өлмейді,
Ақынның хаты өлмейді.
Жақсыны жатқа санама,
Аласаны атқа санама.
Жақсы адамда жаттық жоқ,
Тәуекелдің көңілі жоқ.
Аққу құстың төресі,
Жалғыз жатып оттамас
Қас жақсының белгісі
Қара сөзді жақтамас.
Жақсы қыз –
Жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт –
Көктегі жұлдыз.
Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.
Атадан — өсиет,
Анадан — қасиет.
Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.
Достың ескісі,
Тонның жаңасы жақсы.
Жаны жақсы ағаның
Етегін баспа, жолын қу.
Болайын деген баланың
Бетін қақпа, белін бу.
Жақсы жанның
Майлығы мен сулығы бірдей.
Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
Жақсыға барсаң —
Жазылып қайтарсың.
Бақсыға барсаң —
Қағынып қайтарсың.
Жақсыны көрмек үшін,
Сұлуды сүймек үшін.
Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам құлағынан қалады.
Бітер істің басына —
Жақсы келер қасына
Алтын белдік — бел сәні,
Асы жігіт — ел сәні.
Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
Асылдың сынығы —
Айдынның тұнығы.
Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.
Жоқтыққа жүйрік жетпейді.
Адалдық ардың ісі,
Ауырлықты көтеру нардың ісі.
Жақсы іске жан сүйінер.
Жақсының жаттығы жоқ.
Жақсыжастаншығады,
Темір тастан шығады.
Жігіт жақсысын —
Сұлтан дейді,
Ит жақсысын —
Сырттан дейді.
Жақсы — елдің мақтаны,
Жұпар гүл — жердіңмақтаны.
Жақсы кісі өлмесін,
Жамандықты көрмесін.
Жақсы ай менен күндей,
Жақсылығы жанның бәріне бірдей.
Өгіздің өзі қартайса да,
Мұрыны қартаймайды.
Жақсының өзі қартайса да,
Көңілі қартаймайды.
Жақсылық ұмытылмас.
Ақылды кісіні аяла,
Ақымақ кісіні аяма.
Жақсыны көріп —
Жан семіреді.
Бағалау парақшасы
Топтың аты
мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу
Мағынаны тану.
Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
Топтық жұмыс.
Жалпы балл
1-топ. Ақылдылар
Бағалау парақшасы
Топтың аты
мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу
Мағынаны тану.
Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
Топтық жұмыс.
Жалпы балл
2-топ. Мейірімділер.
Бағалау парақшасы
Топтың аты
мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу
Мағынаны тану.
Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
Топтық жұмыс.
Жалпы балл
3-топ. Тәртіптілер.
Бағалау парақшасы
Топтың аты
мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табу
Мағынаны тану.
Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
Топтық жұмыс.
Жалпы балл
4-топ. Әдептілер.
№ 54 жалпы орта мектебі
Тақырыбы: «Қошқар ата өзенінің суы буын ауруларына шипалы».
Орындаған:_____________________
Шымкент қ. 2013 жыл
Ата-анаға жақсылық жасау
Ата-анаға жақсылық жасау, оларды зиян мен қиындықтардан қорғау – парыз. Адам әке-шешесіне жылы жүзбен, мейіріммен қараса, Аллаһу та’ала оған рақымдылық көзімен қарайды. Ата-анасының ризалығын алған адамға жұмақта екі есік ашылады. Оларға қарсы шыққан баланың күнәһар қарақшыдан айырмашылығы жоқ.
Баланың өскеннен кейін ата-анасын ренжітуі, қиындыққа душар етуі Аллаһу та’аланың азабына себеп болады. Ата-ана мен күйеуінің күнәға апаратын бұйрықтарына бағыну дұрыс емес. Бірақ, ешқашан, ешқандай себеппен ата-анаға қатты, дөрекі сөйлеуге болмайды. Ата-анасы күнә істеген адам бір рет насихат айтады, олар қабылдамаса үндемейді. Олар үшін дұға етіп, истиғфар оқиды (кешірім тілейді).
Ата-ананың қатаңдығына сабыр ету керек. Ата-анаға, қайын ата мен енеге құрмет пен қызмет ету бірінші міндет болу керек. Ата-ана мен жақын туыстарға барып тұру керек. Олармен ара-қатынасты үзіп қою күнә болады. Олардың көңілін сұрап, көмек беріп тұру керек. Олардың реті мынадай:
Алдымен ана, әке, бала, ата, әже, бауыр, көке, қызапа, таға және нағашы әпке. Бұлардан кейін олардың балалары, одан кейін неке арқылы туыс болғандар, ең соңында көршілер.
Қайтыс болғандарға дұға етіп, Аллаһтан кешірім сұрау керек, қайырлы істер істеп, сауабын олардың рухтарына бағыштау қажет.
Жауыр болды деме, досым...
Бір ағам айтады, қазір адамдардың барлығы да бір-біріне жат, бөтен, алыс деп. Көшедегі келеңсіз дүниелерді көріп қалған сәттерде мен де солай ойлай жөнелемін.
Адамдар бір-бірінің құнын біле ме? Ақыл мен сана берген соң қуаныш, күлкі, бақыт, береке, махаббатпен өмір сүруге жетер не нәсте бар? Қарапайым ғана өмірді кішкене ғанажақсылықпен толтыра білсек, шіркін...
Фейсбукте отырып алатын әдетім бар. Сол, жаңалық немесе қызық іздейтін әдет баяғы. Үнемі әлдекімге пікір айтып, немесе суретке баға қойып жүретін Қайсекем бір видео салыпты. Дөйт деген! Айтып жүретін әзіл-қалжыңы ма дедім. Видео жақсылық пен нұрға толы. Кеудеңе қуаныш сыйлайды.
Бала кезің делік... Ылдилап өтіп жатқан өмір сен үшін тоқтап қалғандай. Өскің келеді, үлкендердей болғың келіп, ересектерге деген ынтықтығың артады. Қызды-қыздымен сол өте шыққан балалық шағыңды кейін қалай сағынасың? Сондағы ерке-шолжаңдығыңды кешірер шешеңе бір мейірленіп қарайсың ғой, сені көре сала еркелете жөнелетін, бар ынта-шынтасымен жақсы көре салатын, қайтарымсыз махаббат сыйлай алатын адамдарды іздейсің ғой... Міне, дәл осы қуаныш пен сезімді осы бір видеодан көре алдым.Сіздермен де бөлісейін. Жақсылық – қайтарымсыз емес. Тек сенейік.
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №119 мектеп – лицей
Тақырып: Жақсылықпен жаным дос
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік
Мұғалiм: Алуашова Г.Т.
| Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға үйрету. Міндеттері: 1.Оқушыларға жақсылық пен дұрыс әрекет жасауға үйрету; 2.Оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту; 3.Оқушыларды риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу.
| Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі |
| Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. (Алған әсерлерімен бөлісу)
2. Үй тапсырмасын тексеру: №7 Жақсылыққа-жақсылық (Ертегі) оқып, түсінігін айту. 27 бет Сұрақтар: · Бала өзімшілідігінен қалай арылды? · Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін? · Жақсылық жасауды қалай түсінесіңдер?
| Сабақ барысын талдау: |
| 3. Дәйексөз. Жақсы сөз – жарым ырыс (Халық мақалы) Мақалды бәріміз қосылып айту. Бұдан кейін 2-рет ұлдар, 2-рет қыздар қайталайды. Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
| Хормен айту. |
| 4. Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы) Бұлақ сылдыры? (М. Көккөзов) Қиыршық қызыл құм жолаушының бетіне тиеді. Жатқан адам : «Су…-дейді. Аспан айналып жерге түскендей ыстық, аңызақ желм ен сапырылған қиыршық құм сексеуіл түбіне ұйлығады. Әлгі адам есін жиған соң, шал оның алақанына қарап: « Сен менің жауым екенсің. Бірақ шөлде бәріміз туыспыз. Мен қартайдым.Сен жассың, су іште, өмір сүр».-дейді де түйесіне мінгізіп керуеннің соңынан жібереді. «Өзіңіз қайтесіз ?»- десе, «Менің демім санаулы», -дейді шал. Жолаушы керуендіқуып жетуге ентелейді. Ұясына батып бара жатқан күн де адамның жақсылығы зая ктпесе екен дегендей , ұзақ аялдайды. Бұл кезде жолаушы керуенді қуып жетеді. Шал ақ матаға оранып, құмға жата кетеді. Күндер, айлар өтіп, керуен қайта кетеді. Жолаушыларға шексіз құмның арасынан шалқыған су көрінеді. Таяп келсе , көл жиегі көк орай шалғын, қамыс екен . Керуеншілер шал оранған ақ жамылғыны ғана байқайды.Бұлақтың нәзік сылдыры жүректі сипағандай сезіледі. Бұлақ адамның адаға жақсылық жасаған жерінен пайда болыпты. Нәзік сылдыры жақсылықтың өшпес үні тәрізді.
Шалдың әрекеті туралы не айтасыңдар? Шалдың жасаған жақсылығы?
|
|
| 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1-ші топқа 1.Жақсылықпен жаным дос, ........................................... Үлкенге де, кішіге, ............................................ Дұрыс жолды таңдаймыз, ........................................ Жанашырлық білдіріп, ........................................ Қайырмасы: Жақсылықтың жолында, Мейірімді жүрекпен. Жақсы-жақсы сөздермен, Нұр төгейік баршаға.
2.Жақсылықпен жаным дос, ......................................... Адамдарды алалап, ......................................... Кішіпейіл танытып, ......................................... Риясыз ақ көңілмен...........
2-топ: Қарлығаш пен Дәуіт ертегісін өз ойымен қортындылау. 3-топ: Арыстан мен тышқан ертегісін өз ойларымен аяқтау. 4-топ: Өздеріңнің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастыру.
Ертегілердің үзінділерін оқып шығып, өз ойларымен жалғасын айту барысында жақсы мен жаманды білу. Өздерің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастырыңдар?
|
|
| 6. Топпен ән айту. «Жан досым» әні
Iздегенде табылатын қасыңнан,
|
|
| 7. Үйге тапсырма беру. С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. Дәптермен жұмыс №7 1,2 тапсырмаларды орындау.
|
|
| 8. Соңғы тыныштық сәтi. Музыка әуенімен. Тыныштық бар жерде .............. Тыныштық бүкіл әлемде.......... Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Бүгін біз сендермен «жақсылық» туралы сөйлестік. «Күннен жылу тараса, Анадан мейірім тарайды» деген ғажап сөзімізді есімізге түсірсек. Сүйіспеншілік бар жерде қамқорлық, мейірімділік бар екендігіне көзіміз жетті. Жүрегімізде орын алған үлкен сүйіспеншілік сезімдерімізді алақанға салып, барша әлемге сыйлайық. (алақанды үрлеп, жолдайды).
|
|
Қазақстан Республикасы,Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз қаласы
"№5 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Психолог-педагог
Мадиева Алия Заирқызы
Мақсаты:
Балалардың «жақсылық», «махаббат», «құндылықтар» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Білімділік: Жақсылық пен махаббаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2.Дамытушылық: Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Қайырымдылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, пікірлесу сұрақтары , мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, сахналау,шығармашылық жұмыс,дәптермен жұмыс, қорытындылау, үй тапсырмасын беру, жүректен-жүрекке әдісі.
Көрнекіліктер:дәптер,оқулық,суреттер.
Сабақ құрылымы
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Үй тапсырмасын сұрау
III.Жаңа сабаққа дайындық
IV.Жаңа білімді меңгерту
V.Жаңа білімді бекіту
VI.Қорытындылау
VII.Үй тапсырмасы
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі (1мин)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Менің аты-жөнім:Тұрсынова Жанерке
Шаттық шеңбері (3мин)
- Балалар,бәріміз ортаға шығып, «жылылық шеңберін»құрайық.Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін сөздермен,көтеріңкі көңілмен,күлімдеген көзбен жеткізейік.
- Сен нағыз доссың,ең әдемі қызсың,өте ұқыпты баласың,адал доссың.
Енді бәріміз қосылып «Біз өмірдің гүліміз»өлеңін айтайық,
Біз өмірдің гүліміз
Зеңгір көктен
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз.
Жайдары өскен,
Жайнап өскен
Біз өмірдің гүліміз
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз,
Тыныштыққа,
Нұр құшақта
Бақыттымыз біріміз.
II.Үй тапсырмасын сұрау.(5 мин )
5-6 баладан
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос» деп аталады.
Дәйек сөз
«Жақсы сөз-жарым ырыс»
III.Жаңа сабаққа дайындық.(5 мин )
Пікірлесу сұрақтары:
-Жақсылық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
-Жақсылық жасау деген не?
-Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
-Жақсылық жасау адамның міндеті ме?
-Жақсы сөз айту жақсылыққа жата ма?
IV. Жаңа сабақты меңгерту. (25 мин )
1.Мәтінмен жұмыс
Жақсылыққа-жақсылық
27-бет
Сұрақтар:с
-Бала өзімшілдігінен қалай айырылды?
-Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?
-Өздерінің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?
2. Шығармашылық жұмыс.
Ертегілерді оқып,жалғасын өз ойларыңмен аяқтаңдар
Қарлығаш пен дәуіт
Бір қарлығаш ұя салып,балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп,ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды: Қарлығаш жыланды көріп,қатты қорқып,қорғап қалатын арашашы іздейді...
Арыстан мен тышқан
Бір күні арыстан ұйықтап кезде,тышқан келіп,оның үстінен жүгіріп өтеді.Арыстан оянып,тышқанды ұстап алады.Тышқан жалына бастайды:
«Егер мені жіберсең,мен де саған жақсылық жасармын»,-дейді ол.Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп,оны босатып жіберді.
3.Тапсырма
Өздеріңнің жасаған жақсылықтың туралы шағын әңгіме құрастырыңдар.
4. Ойын
Әр түрлі көңіл күйді білдіретін сөздер жазылған кеспе қағаздарды үстел үстіне жазып,көрінбейтіндей етіп жайып қояды.Балалар кезегімен шығып кеспе қағаздарың біреуін таңдайды.Кеспе қағазда жазылған сөзді мұғалім баланың құлағына сыбырлап айтады.Бала сол көңіл күйді тек қимылмен ғана көрсетеді.Балалар оның қандай көңіл күйді көрсеткеннен табу керек.
5.Дәптермен жұмыс
V.Жаңа білімді бекіту.
-Жақсылық жасау адамның ғана қолынан келеді.Қайырымдылық пен қамқорлықтан,махаббаттан,ізгілік пен игіліктен тұрады.Осы бар қасиеттер қай адамның бойында табылса сол адамды жақсы адам деп айта аламыз.Қолымыздан келгенше жақсылық жасау қажет.Жасаған жақсылығы- мыз алдымыздан шығады.Қиын жағдайда досыңа бір ауыз жақсы сөз айтып,көмектесе алсаң жақсылық жасағаның яғни «жарым ырыс»деген сөз.
VI.Үй тапсырмасы
27-бет оқу,мазмұадау
VII.Қорытындылау
Жүректен-жүрекке
Бір-бірімізге жылы лебіз,жақсы тілек айтайық.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: «Семей қаласының №37гимназиясы»КММ
№ 7 Тақырып: Жақсылықпен жаным дос
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер өзіңді - өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық
Мұғалiм: Мұхамедиева Надира Күсемісқызы
Сынып__5___
| Сабақ мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу Міндеттері: -оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды шыдамшылықпен жеңуді ұғындыру; - жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға тәрбиелеу ; - іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге үйрету.
| Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
| Сабақ барысы:
Нұрға бөлену (оқушылар өз әсерлерімен бөліседі)
Үй тапсырмасына №7 тақырыптағы Жақсылыққа жақсылық ертегісін үйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы ертегідегі теріс қылықтардан арылып, риясыз жақсылық жасаған көріністерді естерінде қалуы үшін суреттер салып келу. (Оқушылардың үйден салып келген суреттерін талқылау). Ертегі бойынша пікір алмасу сұрақтары: 1.Сендердің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма? 2.Байсалдылық, шыдамдылық болса, адамның ішкі дүниесінде не орнайды?
| Сабақ барысын талдау: |
Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе!
Ыбырай Алтынсарин -Жақсылықты қандай ниетпен жасау керек? -Риясыз қызмет дегенді қалай түсінесіңдер? -Байсалдылық ойды тынышталдырып, жақсы әрекет жасауға жол көрсете ме?
|
|
| 4.Әңгiмелеу Жақсылық пен Жамандық Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Сұрақтар:
- Адам Жақсылықтың айтқандарын орындау себебі неде? - Шыдамдылық адамның ішкі дүниесін қалай гүлдендіреді ? - Жақсы ой, сөз, іс әрекеті үйлескен адам қандай адам? |
|
| Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Жақсылық пен жаным дос өленің құрастырып көріңдер? 1.Жақсылықпен жаным дос, ........................................... Үлкенге де, кішіге, ............................................ Дұрыс жолды таңдаймыз, ........................................ Жанашырлық білдіріп, ........................................ Қайырмасы: Жақсылықтың жолында, Мейірімді жүрекпен. Жақсы-жақсы сөздермен, Нұр төгейік баршаға.
2-ші топқа 2.Жақсылықпен жаным дос, .......................................... Адамдарды алалап, ......................................... Кішіпейіл танытып, ........................................ Риясыз ақ көңілмен, .......................................... Қайырмасы: Жақсылықтың жолында, Мейірімді жүрекпен. Жақсы-жақсы сөздермен, Нұр төгейік баршаға. |
|
| Топпен ән айту. Жақсылықпен жаным дос! (Ақ көгершін әніне салып орындау) сөзі Ғазез Ж.С 1.Жақсылықпен жаным дос, Бауырмалмыз бәріміз. Үлкенге де, кішіге, Жақсылық жасаудан қалмаймыз. Дұрыс жолды таңдаймыз, Самғап ұшып талмаймыз. Жанашырлық білдіріп, Көмек беруге дайынбыз.
Қайырмасы: Жақсылықтың жолында, Мейірімді жүрекпен. Жақсы-жақсы сөздермен, Нұр төгейік баршаға.
2.Жақсылықпен жаным дос, Арамдықты білмейміз. Адамдарды алалап, Кемсітуді білмейміз. Кішіпейіл танытып, Қол созамыз баршаға. Риясыз ақ көңілмен, Жақсылық жаса адамға! |
|
| Үй тапсырмасы. №8 С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. 32 бет. Дәптермен жұмыс №7 1 Өздеріннің жасаған жақсылықтарың туралы шағын әңгіме құрастырып келіңдер! |
|
| Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
|
|
«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп №38 Сұлутөр орта мектебі. Мерзiмі: 15.10.2015ж. №7
Тақырып: Жақсылықпен жаным дос.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық.
Мұғалiм: Иманбаева Н.Қ.
Cыныбы: 5 Оқушылар саны: 10
| Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет жасауға уйрету.
Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға жақсылық пен дұрыс әрекет жасауға үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу.
| Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) слайд,өлеңнің аудиодискісі |
| Сабақ барысы:
«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі. Сара Алпысқызы Назарбаева
Нұрға бөлену
№7 Жақсылыққа-жақсылық (Ертегі) оқып, түсінігін айту. 28 бет Сұрақтар: 1. Анасы баласына не әкеліп беруін сұрады? 2. Бала жолдан кімдерді кездестірді? 3. Бала өзімшілдігінен қалай арылды? 4. Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай 5. қорытынды жасауы мүмкін? 5. Өздеріңнің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?
| Сабақ барысын талқылау: |
Жақсы сөз – жарым ырыс Халық мақалы (оқушылар талдап болғасын барлығы бірге 2рет айтып шығады)
|
|
Ертегілер еліне саяхат «Сиқырлы шам» / бейнетаспадан фильм көрсету/ · Осы ертегіден не түйдіңдер? . Жақсылық жасау деген не? · Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? · Фильмнің соңында адамдарды не біріктірді?
|
|
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу. Постер жасау. Ертегіні оқып, жалғасын өз ойларыңмен аяқтаңдар 1-ші топ. Қарлығаш пен дәуіт. 2- ші топ. Арыстан мен тышқан Сұрақтар: · Ертегіден не түйдіңдер? · Жақсылық жасау деген не? · Өмірде жақсылық жасаудың маңызы қандай?
|
|
«Біз бақытты баламыз»
|
|
№8 С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» мәтінін оқып, түсінігін айту. 32 бет. Дәптермен жұмыс №7 1,2 тапсырмаларды орындау
|
|
Баяу музыка қосылады. Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
|
|
| Сабақтың өтілу мерзімі | 22.10.2013 2күн-14:00-14:45
|
| Сыныбы | 5 «А» сыныбы |
| Пәні | Өзін-өзі тану |
| Сабақтың тақырыбы | Жақсылықпен жаным дос |
| Сабақтың мақсаты | Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру; Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу. |
| Сілтеме | Өзін-өзі тану оқулығы 5-сынып Сабаққа қажет материалдар (кеспеқағаз, маркерлер т.б)
|
| Оқыту нәтижесі | Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді; Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады; Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді; Топпен жұмыс барысында ойы толығады,әрекетті сыни бағалауды үйренеді; |
| Негізгі идеялар | Жақсылық және жамандық сөздерінің мағынасын ашу; Дәйек сөзбен, нақыл сөздермен жұмыс жасау; |
| Тапсырмалар | 1.Мақал-мәтел айту 2.Мағынаны тану 3.Шығармашылық тапсырма 4.Дәйексөз талдау 5. Сүйінбай Аронның “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері” өлеңіне талдау жасау арқылы кластер құру 6.Жақсылық ағашын салу |
| Міндеттері | Әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы талантты және дарынды оқушыны,көшбасшылықты анықтау; АКТ-ны пайдалануда интертақтамен жұмыс жасап үйрету; Берілген тапсырмаларды топпен бірігіп отырып орындау; |
| Кейінгі тапсырмалар | Махаббат-өмір өзегі тақырыбына дайындалып келу және мақал-мәтелдер жаттап келу |
| Кері байланыс | Өзін-өзі бағалау |
| Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
| Мұғалімнің жазбасы |
| 1-тапсырма Оқушылармен көңілді орта құру үшін қол ұстасып, шеңбер құрып,оқулықта берілген «Біз өмірдің гүліміз» әнін қосылып айту. Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу.Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы 4 топқа бөлеміз.
Топтың басшыларын жасырынған сөздері бар мақал-мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа 1 мақал-мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып, мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі. (АКТ слайд арқылы көрсетіледі). Топтың лидерін мақал-мәтелдердегі жасырын сөзді табуына қарай анықтау. 1 - топ Жақсының ісі-----------(адалдық) Жаманның ісі----------- (арамдық) 2 - топ Жақсылық қылсаң-----------------қыл (адал) 3 - топ Жақсының----------- айт, нұры тасысын. (жақсылығын) 4 – топ -------------адам алысты жақын етер. (жақсы) Жұмбақты тапқан оқушы топ басшысы болады.Топ басшылары топпен ақылдасып, сыныптың ережесін бекітеді. Ереже: Уақытты тиімді пайдалану Тыныштық сақтау Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу. |
| 2-тапсырма Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізіледі.
|
| 3-тапсырма Оқулықта берілген ертегілерден үзіндіні оқып, оқушылардың жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңызыдылығын тұғындыру ,ой толғау мақсатында аяқталмаған мәтінді өз ойымен жалғастыруға шығармашылық жұмыс беріледі.
|
| Сергіту сәті. Оқушылардың тыныс алуын реттеу үшін сергіту жаттығуын ұйымдастыру.Балалар шеңберге жиналып, аудиодискі арқылы «Қара жорға» әуеніне қимыл-қозғалыс биін билейді 4-тапсырма Оқушыларға бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген оқулықтағы “Жақсы сөз – жарым ырыс”нақыл сөзін басшылыққа алып, өздерінің жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме (эссе) жазуға дәптермен жұмыс беріледі.Балалар жеке жұмыс жасайды. |
| 5-тапсырма Топтастыру стратегиясын пайдалана отырып жұптық жұмысқа тапсырма беріледі. Тапсырма:
Жаман адамның қасиеттері Жақсы адамның қасиеттері ![]()
|
| 6-тапсырма Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады. Ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып «жақсылық» тақырыбына ой түйіндейді. Мыс: Қайырымдылық - жақсылық жасаудың ең тиімді жолы. Сурет бойынша ойларын топтар постер арқылы қорғайды.
|
| “Жүректен-жүрекке ” Оқушылар қол ұстасып,шеңберге құрып,оқулықтағы А.Асылбековтың «Жақсы болу - өзіңнен» атты өлеңін бірге оқиды.Өлеңнің мазмұны арқылы адамның жақсы болуы да, жаман болуы да өз қолында екенін және өз бетінше көп үйренуге, әр ісіне есеп беруге үйрену керек екенін ұғынады. Жақсы – болу өзіңнен. А.Асылбеков. Жақсы болу – өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла!
№7 орта мектеп.Жаңаөзен қаласы
Ашық сабақ Тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос
Дайындаған: өзін-өзі тану пән мұғалімі Калдыгулова Акмарал
2013-2014 оқу жылы
|





«Арыстан мен тышқан» ертегісі.

Жақсылықпен жаным дос (659.94 KB)

