Меню
Разработки

Заттарды салыстыру

Данная разработка предназначена для учителей работающих в 0-х классах.

14.02.2019

Содержимое разработки

 Заттарды салыстыру

Білім беру саласы: Таны

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика
Тақырыбы: Заттарды салыстыру. Үлкен – кіші.

Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші туралы ұғымдарын қалыптастыру. Үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қоршаған ортамен жан -жануарларға қамқор бола

білуге тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, жұмбақ шешу, таңғаларлық сәт, қорыту.


Көрнекілігі: Үлкен – кіші алмалар муляжы, үй макеті, қолдан жасалған алма ағашы және алмалар, құстар, себеттер.


Пән аралық байланыс: Айналамен танысу, тіл дамыту.


Сөздік жұмыс: Қызыл - сары алмалар, үлкен – кіші.
Балалар сендер қандай әдемісіңдер, тобымызда әдемі, күнімізде әдемі. Осы әдемілігімізді сезініп, көңілімізді көтеріп ән айтайықшы.


Шаттық шеңбері:
Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай.


Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.

Балалар бүгін бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері

бірдей ағайынды қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде

ажырата алмай қаласыңдар.
Бірақ қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен жас

ерекшеліктері әр – түрлі.
Біздің бәріміздің өз атымыз бар, сол сияқты қуыршақтардың да аттары бар екен.

- Ең үлкен і Әлия
- Ал одан кішісі Сәния
- Сәниядан кішісі Ғалия
- Ғалиядан да кішісі Жания
- Ең кішкентайы Мира екен.


Қане, бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық
Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім? Рет - ретімен қуыршақ-тарды көрсетіп, атын атау.


Жарайсыңдар балалар!

Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма алып кетіпті.

Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік.

Сергіту сәті.


Ал балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып.
Бір тынығып алайық.


Балаларға тапсырма:

Балалар сендерге қуыршақтар тағы да көп алма теріп берсе екен дейді. Қане, қуыршақтарға алма теріп береміз ба?

Ойын шарты:
Олай болса, сендердің алдарыңда алма ағашында көп алмалар өсіп тұр, сол алмаларды теріп себетімізге салып толтырайық. Балалар екі топқа бөлініп, үлкен себетке үлкен алманы, кіші себетке кіші алмаларды жинайды. Бірінші жинаған топ жеңіске жетеді.

(Балалар алмаларды себеттеріне жинайды.)


Балалар жұмысын бақылап, кімнің қай түсті алманы көп немесе аз жинағанын сұрап анықтау.


Жарайсыңдар балалар!

Алмаларды көп терген екенсіңдер.
Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімізге келген қуыршақтарға ризашылығымызды білдірейік.



- Рахмет.


Күтілетін нәтиже: Үлкен – кішіні ажыратып салыстыра білу.
Жасай алуы: Түстерді көлемдерді ажыратып, алмаларды жинау.









-80%
Курсы повышения квалификации

Организация дистанционного обучения для лиц с ОВЗ и инвалидов

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Заттарды салыстыру (38.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт