Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  7 класс  /  Зат есімнің жасалуы

Зат есімнің жасалуы

На?тылы тану?а болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады: мектеп, ?а?аз, а?аш, ?алам т.б.

К?зге к?рінбегенмен, адамны? ойлауы н?тижесінде ?ана танылатын ??былыс, ??ым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады: адамгершілік, а?ыл, ?уаныш, парасат, сезім т.б.

21.04.2017

Содержимое разработки



Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

1


Қазақ тілі




Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жасалуы

Сабақтың жалпы мақсаты:

А)Білімдік: зат есімнің жасалуын ұғындыру

Ә)Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Б)Тәрбиелік: имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

А) Мазмұнға байланысты міндеттер:

-деректі және дерексіз зат есімдерді ажыратады,

-зат есімдер атаулық жағынан жинақтау зат есім, дара зат есім болатындығын, олардың өзіндік белгілерін оқып біледі.

Ә) Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:

1. Білімді игеру қажеттігін түсініп, өз бетінше әрекет жасайды.

2. Өз пікірін ашық айтып, пікірталасқа араласуға белсенді болады.

Б) Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:

- Топтағы оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, берілген жаттығуды талдап салыстырады.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жазу, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: қызықты грамматика, сызбалар, Қазақ тілінен дидактикалық материалдар жинағы.

Сабақ барысы.

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Үй тапсырмасын тексеру, оқушыларды түгендеу.

* кеспе қағаздармен оқушылардың білімін тексеру;

*сызба бойынша үй тапсырмасын пысықтау;

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ

.

Түрлері

Мысалдар


Мағынасына

қарай



1.Жалпы


Бала, адам, дала


1.Жалқы

Арман, Қарағанды, Астана, Алматы

Тұлғасына

қарай




1.Негізгі

ел, жер, су

2.Туынды




Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы -шы, -ші, -ім, -ым, -лық/лік

-дық/дік, -тық/тік, - ша/ше

Ән-ші, Қой-шы,

Біл-ім, Бала-лық, Жаман-дық, Аш-тық,

Кітап-ша


Құрамына

қарай




1. Дара

Жігіт

2. Күрделі

а) Біріккен

Қол+жазба

ә) Қосарлы

Ата-ана

б) Тіркесті


Ауыл шаруашылығы, аяқ киім

в) Қысқарған

БАҚ (СМИ), Пединститут


Деректі және дерексіз зат есімдер

Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады: мектеп, қағаз, ағаш, қалам т.б.

Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады: адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, сезім т.б.

  • 122-жаттығу.Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.


III.Ойтолғаныс сатысы

1-кеспе

Зат есімдерді теріп алып, мағынасына қарай мына кесте бойынша топтап жазыңдар.

Бетінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. Ой да жоқ, үміт те жоқ, ерік те жоқ, билік те жоқ. Сандыбай қарғаның тұзын екі қолымен ұстап, айнаға қарағандай жымиып отыр. Бойында әдет пен әдепке сия бермейтін мінездері болғандықтан, жынды Бижан атанған адам. Әсіресе, қолқабыс ететін адамдарымызға риза болдым. Бершіл бір жәрдем етпесе, өзгеден үміт жоқ секілді. Ар-ұят, намыс-кек бәрі ортақ болған соң, әскер достығы терең бір мағына табады. (Ғ.М.). Әдемі шана мен қамыт-саймандары сықырлай түсіп, жегулі дара аттар да көрінеді. Байсал да бір үлкен жолаушыдай боп, қалың киім киген... Сүйіндік ауылына Абайлар ел орынға отыра келді. (М.Ә.).

Жалпы

Жалқы

Дара

Жинақты

Деректі

Дерексіз








Сабақты қорыту

Оқушылар білімін бағалау.

Үйгетапсырмасы:124-жаттығу


Тақырыбы: «Айналайын, ана, мерекеңізбен!»
Мақсаты:аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерексімен құттықтау.
Көрнекі құралдар: плакат, шар, сөздер, магнитофон.
1-жүргізуші:
Қуанышы баланың-
Қуанышы ананың.
2-жүргізуші:
Қуанышы ананың-
Қуанышы баланың.
1-жүргізуші:
Бізді өсірген анашым,
Еңбегің де зор екен.
2-жүргізуші:
Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!
Хор :»Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!»
1.Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.
2.Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
Аялы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
Айналасына ас қойып,
Изенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім?
Бәрі: - Ана
3. Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де, - 
Ойлап тапқан балалар!
«Жаным, күнім» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!
4.Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
Ән «Ақ мамам»
5. Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.
6. Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.
7. «Күнім»,- дейсің мені,
Күн мейірі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе?
Айналайын ,ана! (бірге)
8. «Жаным»,- дейсің мені,
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең.
Айналайын ,ана! (бірге)
9. «Құлыным», - деп мені,
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым-ау, сені
Қалай ұмытайын.
Айналайын ,ана! (бірге)
10. Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.
Сахналық көрініс 
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
1-жүргізуші:
Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі:Анам
2-жүргізуші:
Болсаң егер жаман,
Кейитін кім саған?
Бәрі:Анам
1-жүргізуші:
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі:Анам
2-жүргізуші:
«Боташым» дер саған,
Кім сүйікті адам?
Бәрі:Анам
11. Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.
12.Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.
13. Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.
14. Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
15. Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
16. Гүл ектік аулаға,
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да,
Ақ гүлдер өрілді.
Ән «Анашым»
1-жүргізуші:
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.
2-жүргізуші:
Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді,- дей отырып 8-наурыз мерекесіне арналған концертімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Бәрі:
Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау...
Бірақ әрбір баланың 
Өз анасы бөлек-ау!





7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі - қазақ халқының әдеби тілі және мемлекеттік тіл

Сабақтың

  1. білімділік мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарымен таныстыру, Тіл туралы Заңының тараулары мен баптарын оқытып, үйрету;

  2. дамытушылық мақсаты: Берілген тақырыптардың бірін таңдап, өз ойларын жазу. «Мен-Ана тілім- Болашақ» тақырыбында өз пікірлерін орта салу пікір алмасу ұйымдастыру;

  3. тәрбиелік мақсаты: : Оқушылар Қазақстан Республикасы азамат ретінде тілге қатысты құжаттарды білу, оны сауатты пайдалана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: баяндау, пікірлесу

Сабақтың көрнекілігі:

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.

  1. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?

  2. Тіл саясаты туралы Заң қай жылы қабылданды?

  3. Қазақ тілі –мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды?

2. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы хабарланып,мақсаты айқындалады.

Әдеби тіл дегеніміз- белгілі бір қалыпқа түскен, қарапйым сөйлеу тілінен жоғары тұрған, жалпыға бірдей міндеті әрі дұрыс қабылданған нормасы бар тіл.

Сөздердің жазылуында да, айтылуында да, грамматикасында да және терминдердің жұмсалуында да орнығып, қалыптасқан бірізділікті норма деп атайды.

Нормаға түспеген тіл әдеби тіл деп есептелмейді.

Қазақ халқының әдеби тілі-қазақ тілі.

1989 жылы қазан айында республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.


3.Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Қазақ тілін әдеби тіл деп атаудың мәнін түсіндіріңдер.

  2. Қазақстанда қазақтардан басқа қандай халықтар тұрады?

  3. Қазақ халқы Қазақстаннан басқа тағы қай жерлерде тұрады? Олардың ана тілі қай тіл?


4. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

1. Өлеңді оқып, жаттап алыңдар.

2. Қазақ тілін неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер.


5. Тіл дамыту

2-жаттығу.

Алдыңғы сыныптарда оқыған материалдарыңды еске түсіріп, ана-тілінің қадірі-қасиеті жайында ауызша әңгімелеңдер.


6. Морфологиялық талдау. Төмендегі мақалдарды оқып, олардың мағыналарын анықта.

1.Абыройлы боламын десең, Өз жұмысыңның ұстасы бол. 2. Құт-құтты болса құт, Құтсыз болып келсе жұт. 3. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла, Ай құлақтанса, араңды сайла. 4.Ақылды мың жасар, Ақымақ бір жасар.

Құт, жұт, Күн,Ай- дегендер қандай ұғымдардың атаулары екенін айт.

* Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

Үлгі: Абыройлы- абырой+лы, дара, туынды,сын есім (зат есім+лы)


7. Сабақты қорыту.

8. Үйге тапсырма.

3-жаттығу.

1. Мәтінге ат қою. Тырнақшаға алынып жазылған сөздердің мәнін ашу.

2. Қазақ тілінің өте бай әрі көркем тіл екендігін мәтіннен аңғарып, пікірлерін жазбаша жазып келу.

3. «Баба тілі» өлеңін жаттау.










































Пән: Қазақ тілі 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әдеби тілдің лексикалық нормасы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: 6-сыныпта алған білімдерімен сабақтастыра меңгерту;

2. Дамытушылық: қазақ тілі заңдылықтарының жасанды еместігін, тілдің өз табиғатынан туып отырғаныны жеткізе отырып, ана тілдің сұлулығын, байлығын, әуезділігін оқушы бойына сіңіру арқылы қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: адамгершілікке, сауаттылыққа баулу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: қозғау салу,сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Тіл туралы, сөз өнері жайында слайдтар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


ІІІ. Жаңа сабақты өткен материалдармен сабақтастыру.

Тілдегі сөздердің жұмсалу аясы бірдей емес. Халық тіліндегі сөздердің көпшілігі әдебиетте жиі қолданылып, жалпы халықтық нормаға айналады да, біразы қолданылудан шығып қалады не сирек қолданылады.

Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер:


Диалектизмдер

Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер

Қазақ тілінде баламасы бар термин сөздердің орысша атауларын қолдану

нормасы емес

нормасы

Шаттауық

Бойлай Рәуішті

Шібіш

Әммасы

жаңғақ

ылғи

тәрізді

балапан

барлығы

Көкмойын, шорт-морт,шурум-бурым, нені,нетіп,сілімтік,маскүнем,жезөкше,жексұрын,боғауыз сөздер және жаңағы сөзін бірнеше рет қайталап қолдану.

Строй (құрылыс), учебник (оқулық), состав (құрам), агитатор (үгітші), герой (кейіпкер, қаһарман, ер,батыр), план (жоспар)



4-жаттығу. Берілген сөздердің қандай жолмен жасалғанын түсіндіріңдер. Әдеби тілдің нормасына жататынын, жатпайтынын дәлелдеңдер.


Әдеби тілдің нормасына жататын сөздер

Әдеби тілдің нормасына жатпайтын сөздер






5-жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Олар әдеби тілдің лексикалық нормасына жата ма?


Үлгі: жаны жақсы- адамгершілігі мол, бауырмал, қайырымды, ақылды, еңбекқор.

Етегін баспа-

Жолын қу-

Бетін қақпа-

Белін бу-

Нанға тар-

Өмірдің-

Арқауы-


Ой қозғау.

-Екпін дегеніміз не? (сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынының ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы)

- Сөз екпіні дегеніміз не?

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтіру.


6-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің ауыспалы мағынасын тура мағынасымен салыстырып көріңдер.

Қай мағынасы көбірек қолданылады? Сөз екпінін дұрыс қойып оқыңдар.


Алтын да күміс балық, күміс қазан, тайдай тулаған, алтындай сары сазандар, алтын бидай, ақ маржандай, найза мұртты.


Шығармашылық жұмыс.

«Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?» тақырыбына ойтолғау.


Сабықты қорытындылау.

  • Әдеби тілдің лексикалық нормасы дегеніміз не?

  • Қандай сөздер әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайды? Мысал келтір.


Үйге тапсырма. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздерге көркем әдебиеттен мысалдар тауып жазып келу.


Бағалау.



















































«Инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың басты құралы»

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет».
Н.Ә.Назарбаев

ХХІ ғасыр – ақыл-ойдың дәуірі, ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бұл кезеңдегі әрбір елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының кілті – білімді де білікті маманнның қолында. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады.

Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

  • Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.

Мен өзімнің тәжірибемде:
- дәстүрлі (оқулық, көрнекілік құралдар, электрондық оқулықтар);
- компьютерлік (презентация, дисктер, мультимедия құралдар);
- интернет – технология (интернет дербес ақпарат көзі ретінде, e-mail – ақпарат алмасу құралы ретінде, тағы басқа) жиі пайдаланамын.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. 
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
- үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту;
- коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту;
- сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру;
- оқу қызметі мәдениетін дамыту;
- оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.

ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Еліміз егемендігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген адамдарды қажет етеді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, іздемпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  • Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

  • Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;

  • Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.

Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.

Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі  кезеңін жүріп өтті. Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Мен  қазақ тілі пәнін оқытуда озық технологияларды пайдалануда басты мақсатым – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.
Қазақ тілі сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Қазақ тілі пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі жаттығу жұмыстарын орындай білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдістерін еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.

ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу», -деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет.

Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз.

Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.

Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, -

деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.























 

























































«Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз» эссе

Алаш ардақтыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны көздегені жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» - деп көрсеткен болатын.

Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға мүмкіндік туды. Ол мүмкіндікті туғызғандар «Алаш» ардақтылары болатын. Алаш ардақтыларының «Алаш» атауын таңдауы да тегін болған жоқ. «Керегеміз-ағаш, ұранымыз-алаш» деген қазақтың қанатты сөзін басшылыққа алды. Алаш идеясы қазақтың ұлттық идеясының темірқазығына айналып, ортақ ұранның төңірегіне жинала білді. Жалпыұлттық деңгейге көтерілген Алаш идеясы елдің еркіндігі мен егемендігін, тәуелсіздігі мен тұтастығын ту етіп ұстанған Абылай хан мен оның немересі Кенесары хан бастаған күрестің заңды жалғасы деп батыл айта аламыз.Қазақ елінің рухын тәуелсіз ұлт дәрежесіне жеткізу жолында бүкіл арман-мұратын, қайратын, талантын тағдыр талайына салған тұлғалар сол «астан-кестең заманда» өмір сүруі де бостандық қасиетінің бейнелеріне айналды. Олар ұлттың «Алаш ардақтылары» ретінде танылып, есімдері алашқа мойындалды. Қазақтың қамын жеп,елінің жоғын- жоқтай білді. «Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа толы ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім ұялайды.. Себебі, сонау қиын –заман кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың тарихын, оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккенін білеміз.

Алаш ардақтыларының көтерген ұлттық идеялары демократиялы қоғам қалыптастырып, сөзсіз еркіндік пен даму жолында қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі. Алаш ардақтылары елім деген қазақтың оқыған азаматының надандық пен күңшілдік езгінің құрсауында жүрген жұртын азаттыққа шығару, өзгемен тең жүру мақсатында күресті. «Елге ел қосылса құт» деген халық даналығы бар. Кезінде атамекеннен алыста жүрген, сыртта қалған бауырларымыздың мәселесі кімді де болса ойландырғаны белгілі. Бұл мәселе – Алаш ардақтыларын да толғандырған мәселердің бірі болды. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның: «Түбі телім болған қазақтар басын қоспай қазақ қазақ болмайды», – деген сөзінен-ақ Алаштың арманын бөліп-жармай, Алаш ұранды қазақтың басын біріктіргісі келгенін білдік.

 Сөзім соңында айтарым, Алаш арыстарының алдында бүгінгі ұрпақ қарыздар. Туған елінің алдында Алаш ардақтылары қазақ елінің тәуелсіздігі үшін аянбай еңбек етті. Сол себепті халықтың бірлігін сақтап, Отанымызда ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу – біздің басты міндетіміз.
Біз ғасырлар тезінен өткен ұлттық рух пен туған тілімізге, дәстүр –салтымызға қамқорлық жасап, бұдан былайғы кездерде олардың өрісін кеңейте беретін боламыз. Отанымызды шексіз сүйіп,ел игілігі мен оның дамуы жолында бар күш қуатымызды аянбай жұмсаймыз деп сенемін.

Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен қатар өсіп келеміз, тәуелсіздіктің құрдасымыз десек қателеспеймін. Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. Бұл бағындырған биік белестер Қазақстандай жас елдің күннен-күнге өсіп-өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Тұңғыш рет қолымызға алған тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіре білу баршамыздың міндетіміз деп ойлаймын .























































































































































































Бекітемін

Мектеп директоры : Елеубаева С.С.



Қоғамдық-гуманитарлық пәндері бірлестігінің

«Таза , терең , өткіркүшті кең тілім» атты онкүндігінің

іс - шара жоспары



Өткізілетін іс-шаралар тақырыбы

Сынып

Мерзімі

Жауапты мұғалімдер

1.

«Таза , терең, өткір, күшті кең тілім» атты қоғамдық –гуманитарлық пәндері бірлестігінің онкүндігінің ашылуы

4- 10


6.03.17ж

Бір жетекшісі

Каренеева Г.Ж. Асанбекова Р.М.

2.

«Қызықты грамматика» ойын

5 - 6

9.03.17ж

Асанбекова Р.М.

Рашитова Ж.Т

3.

1.Кім көп сөз біледі? үздік аудармашылар сайысы

2. Көктем келді. (суреттер байқауы)

3. Сөзжұмбақ. Ребустар

2 - 3

2- 5


6-10.

10.03.17ж



10.03.1ж

Каренеева Г.Ж.

Сүйеубай Б.Ө.

Мынгышева Н.Қ.


4.

«Я- лидер» білім сайысы

7-10

11.03.1ж

Селиванова С.Г.

Ракишева М.С.

5.

«Ағылшыныңыз қалай?» сұрақ-жауап

5-10

13.03.1ж


Әлпиянов Л.С.

6.

«Алтын қақпа» білім сайысы

7-10

14.03.1ж

Рашитова Ж.Т.

Асанбекова Р.М.

Каренеева Г.Ж.

7.

«Колесо историй» интеллектуалдық ойын

7-10

15.03.1ж

Мынгышева Н.Қ.

8

«Своя игра» сыныптан тыс ойын

7-10

16.03.1ж

Мамбетбаева Б.Ж.

9

«Ғажайып сырлы аспаптар үні» музыкалық ойын

2- 6

17.03.1ж

Сүйеубай Б.Ө.

10

Онкүндіктің жабылуы, марапаттау


5-10

18.03.17ж

Пән мұғалімдері



Бірлестік жетекшісі : Рашитова Ж.Т.





Бекітемін

Мектеп директоры : Елеубаева С.С.



















































«Зерде» қоғамдық –гуманитарлық пәндері бірлестігінің

«Таза , терең , өткір , күшті кең тілім» атты

онкүндігінің іс-шара жоспары







Өткізілетін іс-шаралар тақырыбы

Сынып

Мерзімі

Жауапты мұғалімдер

1.

«Таза , терең, өткір, күшті кең тілім» атты қоғамдық –гуманитарлық пәндер бірлестігінің ашылуы

7- 10

1.03.17ж

Біір жетекшісі

Каренеева Г.Ж.

Асанбекова Р.М.

2.

«Қызықты грамматика» ойын


5 - 6

2.03.17ж

Асанбекова Р.М.

3.

1.Кім көп сөз біледі? үздік аудармашылар сайысы

2. Көктем келді. (Суреттер байқауы)

3. Сөзжұмбақ. Ребустар

2 – 3

2-- 5

6- 10


3.03.17ж

Каренеева Г.Ж.

Сүйеубай Б.Ө

Мынгышева Н.Қ.

4.

«Я- лидер» білім сайысы

7-10

4.03.17ж

Селиванова С.Г.

Ракишева М.С.

5.

«Ағылшыныңыз қалай?» сұрақ-жауап

5-10

6.03.17ж

Әлпиянов Л.С.

6.

«Алтын қақпа» білім сайысы

5-7

9.03.17ж

Рашитова Ж.Т.

7.

«Колесо историй» интеллектуалдық ойын

7-10

10.03.17ж

Мынгышева Н.Қ.

8

«Своя игра» сыныптан тыс ойын


5-7

11.03.17ж

Мамбетбаева Б.Ж.

9

«Жұлдызды сәт» музыкалық ойын


2- 3

13.03.17ж

Сүйеубай Б. Ө.

10

Онкүндіктің жабылуы, марапаттау



14.03.17ж.

Бір мүшелері











Бірлестік жетекшісі : Рашитова Ж.Т.

















































































































































































































































































































































































































































































































«Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ қазақ тілінен тестке дайындық жұмысының қорытынды есебі

2016-2017 оқу жылы

Қараша айының басынан қазақ тілінен 10 «б» сынып оқушыларымен дайындық жұмыс жоспары құрылды . Сыныпта 6 оқушы бар. Кесте бойынша көрсетілген .


Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Дайындық пәні

Өтілу мерзімі

1

Бейсетай Маржан

10

Қазақ тілі


Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

2

Ислям Дидар

10

Қазақ тілі

3

Жақан Әли

10

Қазақ тілі

4

Карбутовский Витя

10

Қазақ тілі

5

Ким Надежда

10

Қазақ тілі

6

Орлова Света

10

Қазақ тілі


Жоспарға сәйкес дайындық жұмыстары жүргізілді. Оқу барысында тест тапсырмалары алынды.. Аптасына 3 рет қосымша сабақ болып тұрады. Жаңа тақырыптар сайын тест тапсырмалары алынып отырды. Мына тақырыптар бойынша тестте қателіктер кездесіп отырды. Фонетика , үндестік заңы, буынның түрлері, антоним , синоним , омоним, райдың түрлері,одағайдың түрлері. Осы тақырыптар бойынша жаттығу жұмыстары жүргізілді. Тақырыптан басқа да, қосымша материалдар мен де жұмыс түрлері жүргізілуде .Қате жіберген оқушылармен қайта тест сұрақтарын алып, жұмысты орындатамын.Оқушылар тапсырмаларды өз мүмкіндіктерінше орындайды. Оқушылардың арасында нашар оқитын , оқушылар да бар. Олармен жеке жұмыс түрлерін жүргіземін.

Атап айтсақ Жақан Әли, Карбутовский Витя, Орлова Света осы оқушылар аздап қиындықтар туғызады.
























Қазақ тілі пәнінен  мектепішілік олимпиадаға

І жартыжылдық бойынша дайындық жұмысының

жоспары

10 «б» сыныптары үшін

2016-2017 оқу жылы



Тақырыптар

Пәні


Уақыты

Жауапты мұғалім

1.

а)Тест  тапсырмалары

Мәтінді оқып, мазмұнын өз сөзіңізбен айтып беріңіз. ә)Мәтін бойынша бірнеше

сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?


Қазақ тілі

Қыркүйек


Рашитова Ж.Т.

2.

а).Мазмұндама «Ең үлкен байлық»

ә).Тест тапсырмалары

б) Мәнерлеп өлеңді жатқа оқу


Қазақ тілі



Қазан

Рашитова Ж.Т.

3.

Берілген арнаулы тақырыптар бойынша әңгіме құрастыру

1.Менің мектебім

2.Менің сүйікті мейрамым

3.Менің сүйікті пәнім

4.Маған ұнайтын спорт түрі 

5.Қазақстан табиғаты 

6.Менің сүйікті тағамым 

7.Менің арманым

8..Менің сүйікті кітабым 

Қазақ тілі

Қараша

Рашитова Ж.Т.

4.

4.Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айту (тапсырманы ауызша

орындау).



Қазақ тілі

Желтоқсан

Рашитова Ж.Т









Пән мұғалімі : Рашитова Ж.Т.

























 
























                                                         





















































-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель русского языка и литературы

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Зат есімнің жасалуы (1.26 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели