Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  11 класс  /  «Зат есімнің 2-ші жіктеуі»

«Зат есімнің 2-ші жіктеуі»

аааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааппппппппппппппппппппппппппппааааааааааааааааааааа

17.06.2018

Содержимое разработки



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ






КЕЛІСІЛДІ : БЕКІТЕМІН

Бөлім меңгерушісі Директордың ТІ жөніндегі

______Г.А.Алибаева орынбасары

«___»________2017 ж. ______ А.К. Қалымбет

«___»________2017 ж.








МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИІ

«Халықтар достығы»

(тәрбие сағаты)















Құрастырған: Аменова.М.М












Орал қаласы 2017ж





Мақсаты:



а)тәрбиелік: Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейтуге тәрбиелеу



б)дамытушылық: Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.





Өткізу әдісі: баяндама



Уақыты



Өтетін орны :302 кабинет

Көрнекілік: суреттер, кестелер,слайдтар,плакаттар, буклеттер, достық жайлы мақал - мәтел, өлең жолдары, нақыл сөздер. Әр түрлі ұлт-өкілдерінің киімі.





Жоспары: 1.Кіріспе



2.Достық туралы түсінік





Өту барысы:

(келесі бетте)












Халықтар достастығы


Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар! Бүгінгі «Халықтар достығы» тақырыбындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бұл достықтың түбі тереңде жатыр. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін ата - бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге қоныстануға, тату - тәтті бірлікте болып өмір сүруіне жағдай жасады. Тіпті сол ұлт өкілдеріне қыз беріп, қыз алып туыстасып кеткен жай да бар. Міне сол бауырлас халықтардың салт - дәстүрі, өнері, мәдениеті күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен. Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір, шат көңіл, жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы. Елімізде тыныштық, бейбіт өмір болсын деп тілейік.

1-жүргізуші:
-Құрметті мұғалімдер, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне арналады. Тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Республика халқының саны 16 миллиондай.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.


Ұйымдастыру. «Шаттық шеңбері». Жер шары макетін бір-біріне табыстау арқылы әлем халықтарына жақсы тілек айту

Құндыз: Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Жырласа Қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.



Кундыз,біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.

Біздің Қазақстан қандай мемелекет?

1.Тәуелсіз,егеменді мемлекет

2.Көп ұлтты дербес мемлекет

3.Гүлденген,өркениетті мемлекет

4.Экономикасы дамыған мемлекет

Асылзада:Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет.

Еркебұлан:Жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Атап айтсақ қазақтар, ұйғырлар, корейлер, дүнгендер, украиндар, өзбектер және өзге де ұлт өкілдері өмір сүреді.

Салтанат:Олар бір-бірімен тату – тәтті тұрады.Соның арқасында еңбектерінің жемісін көруде.Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілінде, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған.

Баяс:Сонымен қатар әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ертегісін, бесік жырын, аңыздарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.

Амангүл:Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде. 



1-жүргізуші:

Мен – қазақ,
Қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі,
Өзім қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіренткен.



2-жүргізуші:

Елді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен – бірі туысқан.

Қол ұстасқан ел жатыр

Қырғыз, қазақ, Өзбектер

Армян, түрік, грузин.

Орыс пенен Украин

Терезесі тең жатыр,

Алатау Кавказ ұласып

Баурайы бұйрат кең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап

Құлаққа даусы кеп жатыр.



1-жүргізуші:

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі- деп ортаға қазақ ұлтын шақырамыз.


(әр ұлт өздерінің ұлттық тағамдарын алып шығады.)

«Қазақ-өте қонақжай халық, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. Ұлт тағамдарының негізі –сүт тағамдары. Қазақ халқы еттен түрлі тағамдар жасаған. Ет тағамдары: шұжық, түйемеш,шыж-мыж, бұжы, сырбаз, сірне, қуырдақ, сүр ет т.б»

2-жүргізуші:

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр

1-жүргізуші:

Мына бір аңызға тоқталайықшы 
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

2-жүргізуші:

Дұрыс айтасың, достым.Әр ұлттың салты бөлек, тілі өзге болса да, кіндік қанымыз тамған мекеніміз біз үшін ыстық. 

Мұғалім: 
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!
Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

1-жүргізуші:Барлық ұлт өкілдерінің биі

2-жүргізуші:

Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
Ендеше, бейбітшілік жасасын!

1-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
Қазақстан жасасын!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

Мұғалім: Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

Келіп қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет!



































Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің МІ-25 тобының 2017 жылғы



Хаттама

Күні:

Қатысқандар:24-топ студенттері



Күн тәртібінде

«Халықтар достастығы»

Тыңдалды:

1.Топ жетекшісі Аменова М.Мсөз алып, жас ұрпақты ынтымақтастықта, бірлікте болуға шақырып, әр ұлттың өзіндік ерекшелгі барын, құрметтеу керек екенін айтып қорытындылады.

Төлеген Баяс (топ студенті)« Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің шаңырағы биік болмақ»

Халитова Гүлайым (топ студенті)- Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет.



Шешім: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.



Хатшы: Нұрымова А

Төраға: Аменова М.М










-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Зат есімнің 2-ші жіктеуі» (25.45 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт