Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Разное  /  Прочее  /  Заман технологиялары.

Заман технологиялары.

Методологичесие основы и новые технологи обучения казахского языка показывает развитие методики преподавания казахского языка, наука теоритический и практические поиски и основывается на практики. Философия образования, познавательная теория, социальные основы образования, дидактические воспитательные основы – основа методологий методики преподавания казахского языка.

26.11.2017

Содержимое разработки

Қостанай облысы Қарасу ауданы

Ушаков ауылы

Ушаков негізгі мектебінің

қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ағзұмова Айгүл Ғабдұлманапқызы

Білімі:жоғарғы

Санаты: бірінші









Заман талабындағы-технологиялардың

құнды нәтижелері.

Бүгінгі таңда еліміздің негізгі алдына қойылып отырған мақсаттардың барлығы жүзеге асырылу үшін өмірде мұғалімнің рөлі көлемді екеніне сенеміз де және қосыла отырып, Ыбырай Алтынсарин атамыз салған сара жол – бүгінгі заманда қанатын сабадай жайған, тамырын тұңғиыққа жіберген, экономикасы мен мәдениеті жоғарғы сатыда дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім ордаларында жалғасын кеңінен табуда. Сондықтан өмірдің негізгі талаптары да нәтижелері де білім алу,оқу үдерістерінің ең негізгі қажетті тұжырымын игерген мұғалім сапалы тәрбие берудің жолдарын іздеп соларды өмірлік жағдайда өз білім, ұғымдарын қолдана білуге нақты ықпалын тигізіп ойлау, тұжырымдау қолдануға үйретуді қарастыруда.Осыдан көптеген себептердің туындауынан ұстаздар қауымын дүние жүзілік білім беру методика, технологияларын меңгерту көзделген және мұғалім біліктілігін артыруға бағытталған бағдарламалар дүние жүзілік озық практикалық тәжірибенің ықпалын көрсеткендіктен келешекте еліміздің білім беру жүйесінде үлкен жетістіктерге жетуді көздеп отырмыз.Бағдарламаның негізгі мақсаты келешекте өмір талабына байланысты табысты өмір сүруге дайын жаңа технологияларға құзырлық танытатын белсенді ел азаматы, келешекте мамандық иесі болуға дайын азамат тәрбиелеу,білім беру. Ы. Алтынсариннің ұрпағына қалдырған мұрасы –ұлан-ғайыр. Небәрі жарты ғасырға жуық өмір кешкен ұстаздың өнегелі еңбегі жан – жақты зерттеліп, туған халқының керегіне жарауда. Мұғалім қауымы тарапынан құштарлық,белсенділік оянғанын білемін.Негізінен алып қарағанда бағдарламаның методикасының фрагментерін сабақтарда қолданылып жүрдік бірақ басқа технологиялар бойынша және бұлай шұғырланылған жоқ. Биыл осы Қазақстан Республикасы педогог қызмерлерінің біліктілігін арттыру курсының бір айлық бағдарламасын тәмәмдадым.Өзім сабақтарымда жаңа бағдарламаның жеті модульді тәсілдерін қолданып келе жатырмын. Мұғалімге және оқушыларға беретін мүмкіндігі өтте зор, сондықтан сабақта үнемі осы тәсілдермен жұмыс жүргіземін,бірақ әлі толықтырар жерлерді әр сабақ сайын өзіме жинақтап оларға шешім іздеймін.Бұл бағдарлама оқушыны қазақ тілін білуге құлшынысын өсіреді және өз бетінше ақпарат алуға, өзін-өзі бағалауға және жеке,топпен,алмасу,ұсыну методикаларын толық меңгеріп келеді.Алдында «бағалау»деген бізде үлкен проблема туғызды артынан үйрендік. Оқушы санасына қарай талантты оқушылар нормадан ілгері тыс өз еркімен,нұсқаумен жақсы және нәтижелі еңбектер шығара бастады.Ал кейбір оқушылар өздерін ойлау идеяларды ситездеу қабілеттерін кең түрде көрсете білді.Сыни түрде жүйелі ойлауға бағыт бағдар берсеңіз оқушы өз ой қабілетін өрбітіп тіпі зерттеу шығармашылық шыңға жетуге талпынады. Баланың жадында жақсы және дұрыс қабылдау мұғалімнің шеберлігіне байланыты.Қандайда бір ережені теорияны практика жүзінде оқушы орындап оқып,жазып аударар болса ол үлкен табыс.Орыс мектептерінде қазақ тілін толық меңгерту оңай шаруа емес.Қазіргі заманда балаларға АКТ мен сабақ түсіндіру тиімді өйткені ол оларға жақын және ең оңай тиімді технология.Оқушы көзімен көрсе өзі оны құрастырса оған деген үлкен талаппен қабілет анағұрлым өрістеледі.Қазақ тілі кабинетінде үлкен әріппен әр уақытта жазулы тұрады. «Барлық жауап дұрыс,қате жауап болмайды»-деген өз көз қарасыңды анықта,мысал келтір және өз көз қарасыңды толықтыр. Оқу,есте сақтау, жинақтау,қайталау барлығы осы жерде оқушыың тілдік барьерге қарамай кластер,презинтация,постер,эссе,мазмұндама ретінде қарастырып оқушыны танып білуге болады.Оқушыда «Менің ойымша» -деген сезіммен оқушы өз ой өрісін ортаға салып талқылауға кіріседі және оқушылардың жауаптарына ой қарсылығын немесе келісетінін айта кетеді. Осы тұста оқушы тіл дамыту қабілетіне ие болады.Орыс мектептерінде қазақ тілін сапалы түрде оқытуға деген ынталандыру әлеуметтік сенімдер қалыптасып оқушының қазақ тілге деген құдіреті күшейеді. Бағдарламадан күтілетін нәтижелерде аз емес. Мұғалім де, оқушы да, нәтижесі туралы өз білімі туралы сыни тұрғыда ойлану қорыту рефлексия дағдысын және өзін- өзі жан жақты жетілдіру,белсенді жұмыс істеу білген тұжырымын кең түрде өмір ағынында толық қолдану дағдыларын қалыптастырады. Мұғалім бағдар беру арқылы оқушы кең түрде өз қабілетіне байланысты білімін жетілдіреді.Оқушының пәнге деген қызығушылығы терең түсіну қабілеттері дамытылады әр оқушы өзіне оңай түсінікті тәсілдермен меңгертіліп,дамытылады.Оқушының шығармашылық қасиеті кең түрде дамытылып оқуға, сауаты жазуға құштарлығы дамиды. Проблемалық жағдайларға шешім іздеп оны толық түсінуге мұғалімнің көмек бағдарымен өз еркімен ізденіп оны дамытудың жолдарын іздейді.Бұл деген әр оқушының өз қабілетімен ,өз идеяларымен білімді кең түрде қабылдау,сыни тұрғыда ойлау, сөйлеу нәтижелерін шығаруда.Оқушының метотану нәтижесінің шыңына жетер бірден бір стратегиялардың үдерісінің арқасында менің оқушыларым дистанциондық олимпияда,ғылыми жұмыстарға, аудандық әр түрлі конкурстарға жиі қатысып нәтижелі жүлделерге жетуде.Былтырғы оқу жылында «Республика күніне»қарсаңында аудандық шығармашылық конкурысынан Дзюбчук Надежда бірінші жүлделі орын алды.Биылғы оқу жылында екі оқушым КИОдан қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен сертификаттар алды.Республикалық ғылыми-практикалық дистанциондық конференцияда «Қазақстан:жаңа формат» оқушылар мен колледж студенттеріне арналған ғылыми жұмысқа қатысып, үшінші жүлделі орын алды.(Интернет журнал «Просвещение» Қазақстан). Осының барлығы білім саласындағы жаңа бағдарламалардың көптен- көп ықпалдарының белгісі. Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жанын аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында орыны орасан.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл аударған.Сондықтан да талай жылдар бойы Ыбырай Алтынсаринның асыл мұрасы, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл оқулықтарға енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, Отанын-елін сүюшілік,талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кіші-пейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге біздің қоғамымызда ең құнды керекті мәселелерді қамтамасыз етеді. Ы.Алтынсариннің ойынша адамның сана-сезімін негізінен тәрбие билейді де, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» болып қалыптасуын материалдық өмір жағдайларымен емес, идеалогиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен оқушы санасына ұялатқан. Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілетін өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Ыбырай Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орны тұңғиықты ұшан теңіз. Ыбырай Алтынсарин- реалист жазушы, ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тіл тазалығы үшін күрескен, тұңғыш кемеңгер. Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор,»- деп баға береді.Оның еңбектері жан-жақты зерттеліп, ондаған ғылыми –зерттеу еңбектер жазылған,докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды.Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танимыз. Әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан, олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға өз заманына байланысты проблемалық шешулер табады, да уақыт өткен сайын биіктеп, мән мағынасы мен қадір – қасиеті арта түседі.Қазақ халқының ағартушылық тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай құнды өрісін кеңейту жолдарының ең құдіреттісі.Ыбырай Алтынсарин қалдырған мәдени мұра бүгінгі өскелең оқушы қауымның қолына жеткенше талай кезеңді басынан кешірді. Ыбырай Алтынсариның қазақ халқының өміріне деген ықпалы оның жас ұрпақ, жаңа қауымға қалдырған мұрасы қандай жағдайлар басынан өткеніне де қарамастан ескірмей, өшпей, бүкілдәуір сайын асыл қасиеттерін өз бойында сақтап, уақыт, дәуір сынынан толық өтіп біздің бақытты заманымызға өз негізгі құндылықтармен сол қалыпта халықтың құндылық ерекшеліктерімен қолданып келеміз.Ыбырайдың халық ағарту еңбектері әдебиет саласындағы еңбектері сол заман кезінде – ақ көп жұртшылықтың назарын дүр сілкіндірген еді. Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының даму тарихында ерекше құбылыс боп саналатын «Қазақ хрестоматиясының» баспадан шыға салысымен – ақ «Оренбургский листок» газетінде басылып шығуы және бағалануы қазақ даласында анық бір төңкеріс жағдайға лайық болды. Қоғамдық өмірге жаңа ғана келген, прогресшіл мәдениет пен озық өнерге,білімге құштар,қу далада шөлдеген қазақ халқына – білімнің алғашқы қарлығашы тәрізді хрестоматияның бірден, халық сынына түспей тұрып – ақ жоғары бағалануы ,халықтың сана сезімін,оятуы халыққа,елге деген құдіретті сүйіспеншілігініңең негізгі шыңы.Ағартушы сол қоғамдық өмірдегі ең абыройлы, оның қандай мұрат, мақсаттағы ағартушылық еңбектерінде қиыншылықтың бәріне төтеп берген қайраткері ретінде замандастарына танылғанын аңғарып қана қоймаймыз, хрестоматиямен нақты танысқан бастапқы аз ғана жұршылықтың оның жаңаша мазмұны мен мақсатын дұрыс бағалап, оған лайықты үлкен үміттер артқанын айқындаған.Ыбырай Алтынсариннің еңбегі, әдеби шығармаларының сынды құндылықтарының бірден - бір жинағы, қазақ халқының ағартушылық баспалдағының төл басы «Қазақ хрестоматиясы» екенін мақтанышпен ауыз толтыра айтамыз.Ағартушыны қасиетті сөз «Дала Қоңырауы» -қазақ жұртшылығын қараңғы түнектен алып шығып, тұңғыш рет қазақ тілін де сауаттылық жолына бастауда көптеген ұлттық мектептер мен гимназиялар ашып, мектеп және мұғалімдер үшін оқулық пен әдістемелік еңбектер жазудағы ұшан – теңіз еңбектері өшпес мұра. Сол себептен бүгінгіҚазақстан педагог қауымы Ыбырай Алтынсарин шығармаларын өз еңбектерінде үнемі зерделі мұра етіп қастерлеп жүрміз.Ақылбек Шаяхметов ағамыз айтқандай Алтынсарин – қазақтың жарық  шамы!

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – Алматы: № 11, 2004. 109 – 112 б.

2.Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас.-Алматы, «мектеп», 1987. 
3.Советская педагогика №7, 1965ж 

4. Ы.Алтынсарин. Елтұтқа.-Астана: Күлтегін, 2001.-226-228

5. Оспанұлы С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар. Қостанай: «Шапақ», 2006 ж. 8-15 бет.

6. Сарбаева А.М. «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері. IX-XIX ғасырлар. 7.Ғұлама тағылымы»: Оқу – әдістемелік құрал. Көкшетау: «Келешек 2030», 2011ж. 144-161бет.

8. Ы.Алтынсарин. Елтұтқа.-Астана: Күлтегін, 2001.-226-228-б.

9. Ы.Алтынсарин. Қазақ энциклопедиясы.-Т.1-121 –б7

7.Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-Алматы,1981



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Филолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Заман технологиялары. (226.97 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт