Тақырыбы: Ынтымақты отбасы
Мақсаты:
Ата-ана мектеп арасындағы байланысты нығайту, оқушылар бойында өнеге боларлық халықтық салт-дәстүрлерді дарыту, ата-аналардың бала тәрбиесінде қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру,
Балалардың дене қимылдарын дамыту, салауатты өмір салтына, үлкенге ,ата-анаға деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер: « Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер» т.б қанатты сөздер, шарлар, интерактивті тақта,ойынға қажетті құрал-жабдықтар: доп, кедергілер....
Әдісі: сайыс түрінде
Өтетін орны: спорт залы
Барысы:
Жүргізуші : -Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Бүгін сіздер «Ынтымақты отбасы» атты отбасылық сайысқа қатысқалы отырған 2 «б» сыныбының оқушылары мен ата-аналарының өнерін тамашалағалы отырсыздар.
Жүргізуш і:
Ұстанған салауатты өмірсалтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Өнерлі отбасылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
Жүргізуші :
-Олай болса,
Жанұялар отыр сынға түскелі,
Әрбірінің күш-жігері жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі,
Жалындайды сайысқанда жанымыз,
Сайысатын ата-аналарды бүгінгі,
Қарсы алайық ,қошеметпен бәріміз.
Жүргізуші :
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға Карабалиндар, Сагынгалиевтар,Кусайновтар, Кадыргалиевтар және ...отбасыларын шақырамыз, қошеметпен қарсы алайық!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
І жүргізуші:
Отбасы-әр адамның шағын Отаны. Отбасы- келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ.Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып саналады. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.
Жүргізуші :
Ата-ана өмірге ұрпақ әкелгесін оның жақсы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп, аса ілтипатпен қарайды. Ал ондай саналы ұрпақтың өсуіне ата-анамен бірге мектеп ұжымы да ат салысады.
Мектебіміздің 2г және 2д сынып оқушылары мен белсенді ата-аналарының қатысуымен өткелі тұрған жарыста әр топ ( әр отбасы) жеңіс мәресіне жету үшін белгіленген сайыс шарттары мен бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.
Құрметті ата-аналар! Бұл сіздердің мерекелеріңіз!
Сайысымызды бастамас бұрын алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Аймурзина Жанаргүл Төлегенқызына, бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісінің мееңгерушісі: Кенжебаева Алмагүл Алғалиқызына беріледі.
І жүргізуші:
Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,
Сайысқа төрелік ететін қазылар алқасы тағайындалады.
Мектебіміздің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі:
Кенжебаева Алмагүл Алғалиқызы, тәрбие ісінің орынбасары: Утегенова А.А, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Хайрушев А.Х
Сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады, әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Жүргізуші :
Сайыс шарты 5 турдан тұрады.
1. «Сәлем-сөздің анасы» /таныстыру,эмблема,ұран/
2. «Сөздің көркі-мақал» /мақалдың жалғасын табу/
3. «Бірінші байлық-денсаулық» /көңілді спорттық ойындар/
4. «Ас-адамның арқауы» / ас мәзірі, салат дайындау/
5. «Шебердің қолы ортақ» / үй тапсырмасы, қолөнер бұйымын дайындау/
Жанұялар қоржындағы асықты суыру арқылы реттік нөмірлерін анықтайды.
Ән: «Топ-топ балақан»
Орындайтын 2б- сынып оқушылары
Жүргізуші :
Кімдер білгір, өнерпаз білейікші
«Жарасымды жанұя екен деп жүрейікші»
Әділқазы алқасына әділдікті,
Ал, жанұяларға сәттілікті тілейікші.
Жүргізуші :
Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жанұялар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
І тур бойынша жанұялар өздерін таныстырып шығады.
(ұран,эмблема,топ аты)
Әділқазылар бағасы
ІІ тур: «Сөздің көркі-мақал»
Бала тәрбиесі, ата-ана туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айту, әр топ 4 мақалдың жалғасын табады.
«Қыран» тобына: 1.«Балапан ұяда не көрсе,................... (ұшқанда соны алады)
(Сагынгалиевтер отбасы)
2. «Күннің шуағы жылы,...............(ананың құшағы жылы)
3. «Тәрбие басы- .....................( тал бесік)
4. «Ата- бәйтерек,......................(бала- жапырақ)....
Әділқазылар бағасы
ІІІ тур: «Бірінші байлық- денсаулық»
( көңілді спорттық ойындар)
Нұрлы үмітпен алға жүзсе кемеміз,
Ойын ойнап шынығады денеміз.
Күш- жігерді қол күресте көрсетіп,
Жанұя боп картопты да егеміз.
1. Қол күресі ( жанұя басшысы әкелерге)
2. Допты жерге соғып, кедергілердің арасынан тез өту (аналарға)
3. Допты таяқшамен жылжытып, кедергілер арасымен өту (балаларға)
4. « Тез жеткіз» ( Отбасы мүшелері түгел қатысады,допты екі аяқтың ортасына
қысып алып, белгіленген жерге дейін секіріп келу)
5. «Картобыңды егіп кел де, жинап ал» (ойын шартын түсіндіру)
Әділқазылар бағасы
ІV тур: «Ас- адамның арқауы»
/ Мұнда барлық жанұя мүшелері атсалысып, салат дайындайды/
Әділқазылар бағасы
V тур: «Шебердің қолы ортақ»
Халық тұрмысында, дәстүрімізде қолданылып қолөнер бұйымдарын жасап келіп таныстыру.
Музыкалық ән шашу. «Атамекен»
Қорытынды
Қазылар алқасына сөз беріліп, сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз отбасыны марапаттау.
№22 орта жалпы білім беретін мектебі
3 «Б»- сыныбы оқушылары мен ата-аналары арасында өткен

Өткізген: 3 «Б» сынып жетекшісі: Жармағамбетова А.Н

Ынтымақты отбасы (42.5 KB)

