Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Практикумы  /  10 класс  /  ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Критериальное оценование позволяет обьективно оценивать достижения учащихся, активизирует саморазвитие и самооценивание учащихся. В данной статье представлены критерии и декрипторы оценивания самостоятельных и контрольных работ.

02.12.2016

Содержимое разработки


ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУҒА ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ


Нурсеитова Райхан Зайнулкабиденқызы

бірінші санатты математика пәнінің оқытушысы

азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі


Кілт сөздер: бағалау жүйесі, формативті бағалау, сумативті абағалау, бағалау критерийлері


Аңдатпа

Критериалды бағалау арқылы оқушыларға жетістіктері обьективті түрде бағаланады, өзіндік білім алу, өз жұмысына өзі анализ жасау, өзін-өзі бағалау мүмкіндіктері артады. Мақалада өзіндік жұмыстарды және бақылау жұмыстарын бағалау критерийлері мен дескрипторлары берілген.



«Балаға күштеп білім беруден гөрі,

баланың білімге деген құштарлығын ояту

–ең маңызды мақсат»

К.Д.Ушинский



Алғашқы бағалау жүйесі Германияда пайда болған.  Ол үш балдық жүйе  еді, «1 разряд» -үздік, «2 разряд» -орташа  және «3 разряд»- төмен деген мағына берді.  Балл оқушылардың басқалармен салыстырғандағы деңгейін көрсетті. Уақыт өте келе  орташа деңгей  оқушылардың көбеюі әсерінен екіге бөлініп, бес балдық жүйе пайда болды және кейіннен Ресейдегі бағалау жүйесі орнын басты. Бұнда балдық жүйеге басқаша мағына берілді, яғни оқушылардың разрядын емес, балдық жүйе көмегімен оқушылардың танымын бағалауға тырысты. ХХ ғасырдың басында енгізілген бес балдық бағалау  1950-ші жылдардан бастап шындығында 3 балдық бағалау жүйесіне айналды, «4» пен «5» ке оқи алмайтындар үшін, 2 балдық бағалау десе де болады. Бұл бағалау оқушыны оқуға ынталандыра алмады.  Мұғалімдердің кейбірі бес балдық жүйенің өзін 5: +5; -5 деген өзіндік градацияны қолданды.

Шетелдік мектептерде білім,білік, дағдыны бағалаудың  -жүз; -он екі, -он,-екі т.б. балдық бағалау жүйесін тәжірибеде қолданып көріп, бағалау жүйесін енгізуде тұрақты шешім қабылданды. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында білімді бағалаудың ерекше жүйесі бар.  «А» деген баға біздің «5»-тігіміз, егер тапсырманың 90-100 %-ы орындалса қойылады. «В» деген баға біздің «4»-тігіміз, тапсырманың 80-90 %-ы орындалса қойылады.  «С» деген баға біздің біздің «3»-тігіміз, егер тапсырманың 70-79 %-ы орындалса қойылады. Тапсырманың тек 60-69 %-ы орындалса «Д» деген баға қойылады, ол біздің «2» деген бағамыз.

Қазақстандық бағалау жүйесіне назар аударатын болсақ, жалпы орта білім мектептері қазіргі кезде сынға ұшырап жүрген 5 балдық бағалау жүйесін қолданып отыр.  Жоғарыда атап көрсеткенімдей, бұл бағалау оқушының оқуға ынталандыра алмай отыр. 2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі қолдауымен  Кембридждік әріптестермен бірлесе құрылған Біліктілікті арттырудың деңгейлік курсы бағдарламасындағы  Оқуды және оқу үшін бағалау модулі осы олқылықты жою жолын көрсетіп отыр. Деңгейлік курсты аяқтап, сертификатталған мұғалім мектептегі тәжірибесінде түйінді идеяларды жүзеге асыруда кедергіге ұшырайды, себебі сабақ соңында қалыптасқан 5 балдық бағалау бойынша бағалауы керек

Бағалау жүргізу үшін ең алдымен мынаны анықтап алу керек, оқушылар не біледі, нені істей алады, сонымен қатар қандай қиындықтар кедергі келтіреді. Мен курс барысында оқушылардың білімін критерий бойынша бағалауға болатынын білдім. Критерий бойынша бағалау оқушылардың білімін тексеруге, сабақтың материалдарын қаншалықты меңгергендерін білуге мүмкіндік беретінін, ашық бағалауға, оқушылардың не үшін ондай баға алғанын өздері оңай түсінуге, мұғалім мен оқушы арасында түсіністік орнауына көп септігін тигізетінін байқадым.

Алдағы уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын бағалау жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Бағалау тек қана үлгерімді көрсету ғана емес, мұғалім оқушыға өзінің нәтижесін жақсарту үшін алдағы уақытта не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы, екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.

Формативті бағалау:

  • Күнделікті тәжірибеде қолданылады(сабақ сайын, күнбе күн);

  • Алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс;

  • Оқушыға да, мұғалімге де қолайлы бағалау формасы;

  • Мұғалімге сыныптың үлгірімін қадағалауға көмектеседі;

  • формативті бағалау қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады


Сумативті бағалау:

  • Бірнеше уақыттан кейінгі оқу нәтижесін көрсететін суммативті немесе қортынды бағалау (емтихан, қортынды тест, білім кесіндісі т.б)

  • Формасы мен бағалау әдісін мұғалім айқындайды

Суммативті бағалау – бұл өлшеу үрдісі, бірақ ол өзімен өзі өсімдіктің өсуіне әсер етпейді

Формативті бағалау нәтиженің дамуы мен өсуіне тікелей әсер ететін ұрдіс

Сондықтан формативті бағалау оқыту мен оқудың маңызды факторларының бірі


Формативті бағалаудың шарттары

  • Оқушылардың оқу мақсатын білуі мен түсінуі

  • Оқушылар мен тиімді керібайланыс

  • Өздерінің тану үрдісіне белсенді қатысуы

  • Оқушылардың бағалау өлшемдерін білуі мен түсінуі

  • Оқушылардың өз жұмыстарын талдай алуы және талдау мүмкіндіктің болуы (рефлексия)

  • Бағалау қортындылардың негізінде оқыту амалдарын түзету

Сабақтың сапасын арттыру мақсатында мен математика  сабағында бағалаудың мына түрлерін тиімді қолданып жүрмін: бірін - бірі бағалау; өзін -өзі бағалау; топтардың бірін- бірі бағалауы; стикерлер арқылы бағалау; критериалды бағалау арқылы жинаған ұпайларын бағаға айналдырады; тестер; сұрақтар (жіңішке, жуан); саусақтар арқылы бағалау.

Сабақтарымда бағалаудың өзін-өзі бағалау, өзара жұптық бағалауды, топтық бағалауды үнемі қолданып жүрмін. Осы бағытта тәжірибеммен бөліскіміз келеді.  Мысалы 8-ші сыныпта өткізілген «Квадрат үшмүше» және «Геометриялық фигуралар» тақырыбыптары бойынша бақылау жұмыстарының жобасы жазылып,оқушылардың білімдерін байқау мақсатындабақылау жұмыстары жүргізіліп, әрбір оқушыға бағалау парағы берілді. Бағалау парағында сабақтың әр бөліміне құрылған критериі  бойынша өздерін өздері бағалайды. Оқушылардың бағасы өзім белгілеген бағалармен сәйкес келіп отырды. Оқушылардың өздерін бұлай әділ бағалау себебі критерийлердің нақты берілуі мен оқушылардың сыныптастары алдында өзін артық бағалауға бара алмауынан деп тұжырымдадым.

Критериалды бағалау технологиясы оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайды, яғни оқушылардың білімін барынша шынайы бағалауға мүмкіндік береді деген шешімге келді

Бағалау критерийлері:

Критерийлері

Дескрипторлар

А

Білу және түсіну

Оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді және ақпараттарды білу. Білу алған ақпараттарды есте сақтау мен анықталады. Алдыңғы ақпараттың мағынасын түсіну.

В

Қолдану

Сабақ барысында білгенін, түсінгенін, дағдыларын қолдану арқылы көрсету

С

Анализ және синтез

Сабақ барысында алынған ақпараттарды жіктеп ой қорыту ережелерді негіздеп дәлелдеу. Алынған ақпаратты жан-жақты қолдану

Д

Коммуникация

Алынған ақпаратты ой елегінен өткізіп шешім қабылдау. Басқалардың пікірін тыңдай отырып өз көзқарасын қалыптастырып шешім қабылдай білу.


1 курста Математика пәнінен өзіндік жұмыс тапсырмалары мен десрипторларын мысал қарастырып көрейік.Оқушы бұл критерилер арқылы өзін-өзі бағалайды.

Туынды табу ережелері және физикалық және геометриялық мағынасы функция графигіне жүргізілгіен жанама тақырыбы бойынша өзіндік жұмысты бағалау критериилері


Критерии

Тапсырма

Дискриптор

Өзін-өзі бағалау ұпайлары

Жалпы ұпай

А

Егер болса, есептеңіз

Критерийдің бірінде орындай алмады

0

3 ұпай

Туындыны табады

1


Туындының мәнін берілген нүктеде есептей аламын

1


Жауабын дұрыс жаздым

1


В


Критерийдің бірінде орындай алмадым

0

3 ұпай

Бөліндінің туындысын табу ережесін білемін

1


Бөліндінің туындын ережесін пайдаланып таба аламын

1


Туындыны дұрыс таптым

1


С

функциясының графигіне жүргізілген жанаманың, абсциссаның нүктесінде теңдеуін тап

Критерийдің бірінде орындай алмадым

0

3 ұпай

Жанаманың теңдеуін жазу алгоримін білемін

1


Алгоритмде берілген шамаларды дұрыс таба аламын

1


Алгоритмді дұрыс пайдаланып жанама теңдеуін жаздым

1


D

функциясының графигіне екі параллель жанамалар жүргізілген. Олардың біреуі графиктің абсцисасы нүктесі арқылы өтеді. Басқа жанама берілген функцияның графигін кейбір нүктеде жанайды, осы нүктенің абсцисасын тап

Критерийдің бірінде орындай алмадым

0

3 ұпай

нүктесі арқылы өтетін жанама теңдеуін жаза аламын

1


Түзулердің параллельдік белгісін білемін

1


Тапсырманың жауабын дұрыс таптым

1



Туынды тақырыбы бойынша бақылау жұмысы бағалау критерийлері

Критерии

Тапсырма

Дискриптор

Өзін-өзі бағалау ұпайлары

Жалпы ұпай

А

1) Функцияның туындысын табыңдар

а) б)

в) г)

д)

Критерийдің бірінде орындай алмады

0

2 ұпай

Туындыны табу ережелерін біледі

1


Туындыны табу формулаларын орынды қолданып туындыны дұрыс есептей алады

1


В

2) функциясының графигіне нүктесі арқылы жүргізілген жанамамен абсцисса осі арасындағы бұрышты табыңдар.

Критерийдің бірінде орындай алмады

0

3 ұпай

Жанаманың теңдеуін жазу алгоритмін білемін

1


Берілген функцияның туындысын есептей алады

1


Туындының геометриялық мағынасын біледі

1


D

функциясының

Табыңдар:

а) өсу, кему аралықтары;

б) экстремум нүктелерін;

в) аралығындағы ең үлкен және ең кіші мәндерін

Критерийдің бірінде орындай алмады

0

4 ұпай

Туындының функцияны зерттеуде қолдана алады

1


Өсу кему аралықтарын таба алады

1


Экстремумдарын таба алады

1


Функцияның ең үлкенмжәне ең кіші мәндерін берілген аралықта таба алады

1



- 0-6 9пай ба5а "2"

- 7-8 ұпай баға "3"

- 9-10 ұпай баға "4"

- 11-12 ұпай "5"

- ұпай ____________ баға __________

Критериалды бағалау арқылы оқушының жұмысы алдын ала белгілі алгоритм бойынша бағаланып, оқушының білім деңгейі анық көрініп тұрады. Оқушы өзінің анық қандай мақсатта жұмыс істеп отырғанын біліп, өзінің нені білетінін және білмейтінін көреді. Соның нәтижесінде білім сапасы артады

Мақаламды американдық профессор Эдвард де Боно ойлаудың алты қалпағы әдісі бойынша қорытындылаймын.

  • Бақылау жұмысы нақты, түсінікті, уақтылы, тақырыпқа сай

  • Оқушыны оқытуда үрдістің қалай жүріп жатқанын көрсетеді

  • Мұғалімнің жетістіктері мен кемшіліктері

  • Мұғалімен оқушы арасында және оқушымен оқушы арасында өзара сыйластық пен жақсы қарым қатынас

  • Бақылау жұмысының нәтижесі оқушылардың ой бағытын өзгертуге, қатесін түзеуге, дұрыс жауап беруге уақыт бөлінеді

  • Дұрыс құрастырылған сабақ түрі жетістікке әкеледі, оқушы нақты бағасын алады.Келешекте сабақты түрлендіру жаңаша әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, іздену оқушыны әділ бағалау оқушының оқуға ынтасын арттырады

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады.

Бағалау нәтижесінде оқушыларда уәж, өздеріне деген сенімділік, көшбасшылық қабілеттері көрініп, ең бастысы әділ білім көрсеткіші байқалғанына көзіміз жетеді.

Ал оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады.

Оқушының бойында қалыптасуға тиiстi дағды мен шеберлiк мемлекеттiк стандарт талабына сәйкес болу үшiн , оқу – бiлiм үрдiсiнде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелi жұмыс жүргiзу арқылы бiлiм сапасын арттыруға болады


Қолданылған әдебиеттер:


1.Құтпанбаев Ә, «Оқушының білімін бағалау дұрыс па?»Журнал «Бастауыш мектеп» №6,2001ж.

2.Локтионова М.В. Критерии оценки, показатели качества обучения[Электронный ресурс].

3.Пальчевский С.С. Критерии оценивания учебных достижений учащихся по 12-бальной системе оценивания[Электронный ресурс].

4.Асқарбаев А., Храпченко Г.М. Мектептердегі оқытудың мазмұны мен әдістері. Алматы.«Мектеп»,1981

5. Бәйдібекова Е. I. Логикалық ойлауға үйрету (Бастауыш мектеп.-Алматы, 1987.№3.)

6. Ксензова Г.Ю. Оценочная деятельность учителя. Учебно-методическое пособие. М:Педагогическое общество России, 2000. 121с

7.Десяти балльная система оценки результатов учебной деятельность учащихся: Инструктивно –метод.Материалы /Под.ред. О.Е.ЛисейчиковаМн:НИО, 2002.400с.

8. .Педагогика. ҚоянбаевЖ.Б., ҚоянбаевР.М., Алматы-2004, 3-басылымы

9. .Мануал «12 жылдық мектептегі бастауыш білімнің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері», Ж.Ш.Адамова, Д.А.Сүртібаева, МББҚБА және ҚД институты,2007

10.Мануалға қосымшалар, Ж.Ш.Адамова, Қарағанды,200



Ключевые слова: система оценивания, формативное оценование, сумативтивное оценование , критерий оценивания.



Аннотация

Критериальное оценование позволяет обьективно оценивать достижения учащихся, активизирует саморазвитие и самооценивание учащихся. В данной статье представлены критерии и декрипторы оценивания самостоятельных и контрольных работ.



Keywords: evaluation system,  formative evaluation , summative assessment,  criterion  of  evaluation.

Annotation

The criteria evaluation lets assess students achievements correctly, and force the procecesses of self-development and self-study of students. in this article elements of module's content6 seff-evaluation, works of control are presented



7


-75%
Курсы повышения квалификации

Методы решения функциональных уравнений и неравенств

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ (146 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт