Акимат туралы қысқаша сипаттама
Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы бірлескен Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі N 3/522 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІX сессиясының 2014 жылғы 2 шілдедегі № 240 шешімі бойынша Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 шілдеде № 1068 болып тіркелді.

Наурызбай ауданы Теректі ауылының батыс шекарасы арқылы және Райымбек даңғылының солтүстік жағымен өтетін қара жол қиылысынан шығыс бағытта Қарғалы өзені арнасының шығыс жағына дейін өтеді. Райымбек даңғылы мен Қарғалы өзені арнасының қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылады және Қарғалы өзені арнасының шығыс жағымен Жандосов көшесінің қиылысына дейін өтеді. Қарғалы өзені арнасы мен Жандосов көшесінің қиылысынан шығыс бағытқа бұрылады және Жандосов көшесінің оңтүстік жағымен Центральная көшесі және «Таугүл-3» шағын ауданының солтүстік-батыс шекарасына дейін өтеді.
Мен кәсіби тәжірбиемді «Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналды мемлекеттік мекемесінде өттім. Наурызбай аудан аумағы 6967га- ға жуық екенін және ауданның нақты тұрғындар саны 118 932 екенін білдім. Осы аумақтың экономикалық белсенді халқының саны 48 275 адамға жеткен. Бұл дегеніміз өте жақсы көрсеткіштердің бірі.

Сурет 1. Наурызбай ауданы әкім апаратының «әкімдік құрылымы».
Әкім аппаратында қырық мемлекеттік қызметші жұмыс атқарады. Және тоғыз бөлім бар. Олар келесідегідей:
1.Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
2. Мемлекеттік-құқықтық бөлімӘлеуметтік сала бөлімі
3. Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі
4.Коммуналды шаруашылық бөлімі
5.Көріктендеру бөлімі
6.Қаржы-шаруашылық бөлімі
7.Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
8.Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері болып табылады
9.Әлеуметтік сала бөлімі.
2. Қызметтің негізгі бағыттары:
| Жұмыс сипаттамасы | Осы жұмыс түрін орындауда қандай жаңа білім немесе дағдылар қалыптасты | Осы білім немесе дағдылар көрінді (мысалы, табысты орындалды) |
| Құжат үлгілерімен танысу | Құжаттың қандай түрлері бар екендігін білу және оны тәжірибеде көру | Құжаттың қандай түрлерін бар екендігін білу арқылы теориядағы білімді толықтырдым. Тәжірибе кезінде де қарапайым жағдайларда қолдандым. |
| Хаттама мәтінімен танысу | Хаттама мәтінімен танысу және оны да толтырып үйрену, хаттамадағы әр сөздің мағынасын білу | Хаттама мәтінімен танысу тәжірибе кезінде әр жиналыс сайын орын алып тұрды, ол аптасына бір рет болатын еді, яғни 2 рет жиналыс хаттамасымен танысып үлгердім. |
| Акт толтыру | Актты қалай толтыру керек екендігін үйрену және оның қандай түрлері бар екенін білу | Актты толтыруды тәжірибе кезінде көп қолдандым. Актты толтыру өз білімімді шыңдауға көп септігін тигізді |
3. Акиматтың өзекті мәселелерінің қысқаша сипаттамасы
Мен тәжірибеден өткен жер Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппараты болғандықтан, бұл жерде мен көрген өзекті мәселелер, тек осы акиматта ғана емес, барлық Қазақстандағы әкім аппараттың проблемасы-бұл демалыс объектілерін (саябақтар, скверлер), облыс тұрғындары жоқтығы ,көбінесе жолдың, жеке тұрғын, үй тұрғын, үй құрылысын, су тасқыны және басқа да ғимараттар эрозиясынан әкелетін арықтар желілерін болмауы болып табылады. Осы мәселелерінің кесірінен көптеген тұрғындардың наразылығы туындайды, сондықтан қазіргі таңда біздің Қазақстанның бюджетінде қаржының жетіспеушілігі және олардың сұраныста екендігі көрініп тұр.
«Алматы қаласы наурызбай ауданы әкімі аппараты» КММ 2014 жылы 2-ші шілдеде құрылды. Әкім аппаратында қырық мемлекеттік қызметші жұмыс атқарды. Және тоғыз бөлім бар. Олар келесідегідей: Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, Мемлекеттік-құқықтық бөлім, Әлеуметтік сала бөлімі, Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі, Коммуналды шаруашылық бөлімі, Көріктендеру бөлімі, Қаржы-шаруашылық бөлімі, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері болып табылады. Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша 2018 жылғы 30 наурыздағы жағдайға сәйкес аудандағы салық түсімдерінің сомасы 1 млрд. 715 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 110%-ға өсті (1 млрд. 497 млн. теңге). 2018 жылдың жоспары 6 млрд. 919 млн. теңге, жоспардың орындалуы 25 % құрады.
Қазіргі уақытта ауданда тіркелген заңды тұлғалардың саны- 1 888 , жеке кәсіпкерлер- 5 221, жеке тұлғалар- 78 510. Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларына қазіргі бағасында 981 млн. теңге соммасын құрады, физикалық көлем индексі 100,2 %.Бөлшек сауда айналымының көлемі 214 млн. теңгені құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 156,7 %, көтерме сауда көлемі 405 млн.теңге.Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 1 331, жұмыс істейтіндер- 1 037.Негізгі капиталға салынған инвестициялар аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6 млрд. 60 млн. теңге соммасын құрады (478 млн.- мемлекеттік бюджет, 4 млрд. 672 млн.- меншікті қаражат) өткен жылғы сәйкес кезеңге 72,9%, қала бойынша көлемдегі ауданның үлесі – 7,4 %.
Салық түсімдері 3 жыл ішінде 391 миллион теңгеден (2014 жыл) 6,4 миллиард теңгеге дейін өсті , соның ішінде Республикалық бюджет 90 млн. теңгеден 2,4 млрд. теңгеге дейін және жергілікті бюджет 300 млн. теңгеден 4 млрд. теңгеге дейін:
1-Кесте. «Қарасай ауданының Жаңашамалған ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік кірістері: млн.теңге
| Салық | 2014 ж. | 2015 ж. | 2016 ж. | Динамика ,% (15-16жж.) | 2017 ж. жоспар | 06.12.17 ж. Салық түсімі | Өсу қарқыны, в% |
| МБ | 391 | 3 130 | 5 027 | 160,6 | 5 826 | 6 488 (111%) | 129 |
| РБ |
| 1 552 | 1 713 | 110,4 | 2 395 | 2 457 (103%) | 143 |
| ЖБ |
| 1 577 | 3 313 | 210,0 | 3 431 | 4 031 (118%) | 122 |
Жыл басынан бері жаңадан 22 834 субъект тіркелді, оның ішінде:
- 20 861 жеке тұлға,
- 510 заңды тұлға,
- 1 463 жеке кәсіпкер тіркелді .
Қазіргі уақытта ауданда тіркелген:
Заңды тұлғалардың саны – 1 794 ;
Жеке кәсіпкерлер – 4 949 ;
Жеке тұлғалар – 69 209 .
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп :
Қазіргі уақытта аудан аумағында 20 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеуде. Оның ішінде 1 орта («БротМастер» ЖШС), 19 шағын. Ауданның өнеркәсіп өндірісінің негізгі бағыты бетон өнімдерін, құрылыс материалдарын және ағаш өнімдерн өндіру болып табылады. 2017 жылы аудан аумағында 5 жаңа өнеркәсіп орыны ашылды, 59 жаңа жұмыс орыны құрылды.Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі ағымдағы жылғы қаңтар-қазан айларына 3 млрд. 842 млн. теңге соммасын құрады, физикалық көлем индексі 101,2 % құрады.
2-Кесте. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі:
| Көрсеткіштер | 2014 ж. | 2015 ж. | 2016 ж. | 2017 ж. Қаңтар-қараша | 2014ж.-2017ж. |
| Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі | 7 912 | 5 302 | 22 381 | 26 289 | +3,3есе |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7 млрд. теңгеден 26 млрд. теңгеге дейін 3,3 есе өсті.
3-Кесте. Аудан бойынша жұмысшылардың орташа айлық жалақысы:
| Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2014-2017 |
| Шағын және орта кәсіпорындар (тіркелгендер), бірлік | 409 | 546 | 853 | 1242 | +1,3есе |
| Шағын және орта кәсіпорындар (жұмыс істейтіндер), бірлік | 175 | 391 | 662 | 966 | +5,5есе |
3 жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5,5 есе өсті (175 - 2014 жыл және 966- 2017 жыл). 3 жыл ішінде 2000-ға тарта жаңа жұмыс орындары құрылды.Аудан бойынша жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 1,3 есеге өсті : 101 мың 545 теңгеден 135 мың теңгеге дейін, ірі және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған жалданушы қызметкерлердің саны 3 есеге өсті: 1996 адамнан 6584 адамға дейін.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жаңа нысандар.
Аудан аумағында 2016 жылы 11 сауда және қызмет көрсету нысандары ашылды, оның ішінде: 2 мейрамхана, 2 кафе, 4 дүкен, 1 жатақхана. Салынған инвестиция көлемі 990 млн. теңге, жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны 60.Аудан аумағында 2017 жылы 6 сауда және қызмет көрсету нысандары ашылды. Салынған инвестиция көлемі- 510 млн. теңге, жаңадан 42 жұмыс орыны ашылды.
Қоғамдық көлік:
Қазіргі таңда Қарасай ауданы Жаңашамалған ауылында 5 қоғамдық көлік маршруты жолаушылар тасымалымен айналысуда,
2017 жылы жаңадан № 26 (Таужолы- №1 ҚКБ) маршрут ашылды және №44 маршрут қайта қалпына келтірілді.
5 қоғамдық көлік маршрутында жылжымалы бірлік саны жаңартылды: 14, 15, 22, 26, 44.
«Қоршаусыз қала» бағдарламасы
«Қоршаусыз қала» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 1070 м. 41 қоршау демонтаждалды.
Стационарлы емес сауда нысандары бойынша
Аудан бойынша барлығы 47 стационарлы емес сауда нысаны және 10 дөңгелек жөндеу орталығы анықталды, оның ішінде бүгінгі таңда 53 демонтаждалды.
Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
мемелекеттік бағдарламалары
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» кеңінен насихаттау мақсатында аудан аумағындағы кәсіпкерлермен 3 жиналыс өткізілді. Аталған жиналыстарда «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерімен мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жолдарын түсіндіру жұмыстары жұргізілді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің мамандарымен күнделікті түрде барлық мүдделі шағын және орта бизнес субъектілеріне кері байланыс арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
4. Тәжірибеден өту барысында қол
жеткізілген тәжірибе және акиматпен алдағы уақытта жұмыс жасау бойынша ұсынымдар
Осы тәжірибеден өту барысында, мен көптеген нәрселерді үйрендім. Құжаттың қандай түрлері бар екендігін білу арқылы теориядағы білімді толықтырдым. Тәжірибе кезінде де қарапайым жағдайларда қолдандым.
Қорытындылай келе, құжаттардың үлгілермен танысу, акт толтыру,хаттама мәтінімен танысу сияқты теориядан көріп жүрген нәрселерді іс жүзінде көріп жасадым.Бұл әкім аппаратымен алдағы уақытта сабақтан тыс уақытта аптасына 1 рет тәжірибе үшін келіп тұруға келістім. Әкім аппаратының халыққа деген қызметі өте зор екендігін түсіндім,
Студенттің қолы


Windows 10 editions (290.98 KB)

