Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Утренник "Құт берекелі, Жаңа жыл!"

Утренник "Құт берекелі, Жаңа жыл!"

Утренник на тему: "Құт берекелі, Жаңа жыл!»" для младших груп

07.02.2018

Содержимое разработки

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылы

ҚМҚК «Айгөлек» балабақшасы



«Құт берекелі, Жаңа жыл!»













Тәрбиешілері: Сайлхан Н

Касымова С.Қ







06.01.2016ж



Тақырыбы: «Құт берекелі, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балалардың жаңа жылға деген қызығушылықтарын ояту. Жаңа жылдық Жақсы көңіл күй сыйлау.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті тәрбиешілер, балалар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2016 мешін жылы мен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа
жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!

Ән: «Жаңа жыл» хоровод

Жүргізуші: Балалар бізге кім жетіспей тұр Аяз ата мен Ақшақар деп дауыстап шақырайық.

Аяз ата ақшақар3 деп айту.(балалар өздері айтады)

Аяз ата мен Ақшақар кіреді

Аяз ата: Сәлеметсіңдерме? балалар ! мен сонау орманнан борандадып арез сендерге жеттім.

Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан

Жүргізуші:Сәлеметсіздерме ! аяз ата мен ақшақар орманнан қалай жеттіңіздер.

Біздің балалар сіздерді сағынып асыға күтті.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.
Жүргізуші: Балалар аяз атаға «Сұр қоянды» айтып берейікші.

Ұзын құлақ сұр қоян.

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден.

Ытқып-ытқып жүгірді,

Қарап еді артыңа .

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап .

Көжегі екен өзінің.

Сол кезде ортамызға қоян келеді.

Қоян: (Раушан) Сәлеметсіңдерме? балалар ! сендерде мереке өтіп жатыр дегенді естіп менде келдім.

Жүргізуші: Ал балалар қоянға аю туралы айтып берейікші.

«Қорбандаған аю»

Қорбандаған аюдың ,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Анамызға сыйлайық.

Сол кезде ортаға аю кіреді.

Аю:(Гулназ) Сәлеметсіңдерме? балалар ! орманнан сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтайын деп келдім.

Жүргізуші:Олай болса барлығымыз «Буги-вуги» орындайық.

Жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке
қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәрін де жеңеді.Аспанымызды
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...

Осыменен біздің шағың «Құт берекелі, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды зер салып тыңдағандарыңызға рахмет.




-80%
Курсы повышения квалификации

Менеджмент в образовании

Продолжительность 108 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
5900 руб.
1180 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Утренник "Құт берекелі, Жаңа жыл!" (14.2 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт