МАТЕМАТИКА ( 2-класс)
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік – санды баған түрінде жазып,сәйкес амалдарың алгоритмін пайдаланып,
қосу мен азайту амалдарын орындау.Бір және екі амалмен шығаратын
есептерді талдау,есептеу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,түрлі
тапсырмалар орындау барысында шығармашылық, іскерлік
қабілеттерін, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру .
Тәрбиелік – оқушылардың адамгершілікке,әдептілікке,тапқырлыққа,жылдам
ойлауға,өз ойын қорыта айта біуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер:
а) интерактивті тақта;
ә) түсіндіру;
б) сұрақ – жауап;
в) талдау – жинақтау;
г) практикалық жұмыс
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құралдар: оқулық, интерактивті тақта,
суреттер, текшелер, «лото» ойыны т.б.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық. (Оқушылардың зейінін сабаққа тоқтату).
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Балалар, бүгін біздің сабағымызда қонаққа апайлар келіп отыр, олар біздің математика сабағымыз қалай өтеді, сіздер осы уақытқа дейін не үйреніп, не білетіндеріңізді, есептерді шығара аласыздар ма соны қарайды. Сондықтан сабағымызға жақсы қатысайық. Ал, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жазбаша қосу мен азайту»амалдарын орындату. Соған байланысты тапсырмалар орындаймыз және сонымен қатарсаяхатқа шығамыз.Жолға шығуға дайынбыз ба?(-Иә)
ІІІ. -Алдымен дәптерлеріңді ашып күннің жадын жазып қойыңыздар, ал мен оған дейін үй тапсырмаларыңызды тексеріп шығайын.
-Балалар арал су ортасында тұрады,сондықтан онда жету үшін бізге кемеге міну керек.Мен сұраныс жіберіп едім ,соған ертегілер елінен маған мынадай хат келді.
| Саламатсыздар ма,балалар! Менің бір сандық алтынымды қарақшылар тонап алып кетті.Егер де сіздер оны маған табуға көмектессеңіздер, онда мен сіздерді кемемен сол аралға жеткізіп салайын. с/н кеме капитаны Шора |
-Ал балалар көмек береміз бе?(-Иә)
-Ендеше тақтаға қарайық.Алдымен баратын аралымыздың атын білуіміз керек.Ол үшін мына өрнектердіауызша шығарайық.(Геометрия деген жазу шықты)Ендеше біздің баратын аралымыздың аты «Геометрия» екен.
ІV. Математикалық диктант. Интерактивті тақтадан жазып, дұрыстығын тексереді (1ондық 8бірлік;3ондық 7бірлік;4ондық 6бірлік; 7ондык 5 бірлік;8 ондық;
9ондык 5 бірлік;) (18,37,46,75,80,95)
V. Жаңа тақырып. «Амалдар» елінде
Оқулықтағы №1 тапсырманы қарайық.Кестедегі сандарды оқы.
№2 ( Тактада түсіндіре отырып,шығару)
27 36 |
№3 Оқушылар тақтада шығарады.
+25 -62 +38 -77 +36 -84
37 37 39 39 48 36
62 25 77 38 84 48
(Қазына табылмады,келесі елге аттанайық)
ҮІ.*Интерактивті тақтада «Кесінділер»еліне келдік
№4 7см-5см=2см
6см-4см=2см
7см+4см=11см=1дм1см
5см+6см=11см=1дм1см
(Қазына табылмады,келесі елге аттанайық)
ҮІІ*Интерактивті тақтада «Геометриялық пішіндер» еліне келдік
| Р-?см Қабырғасы 3см және 5см тік төртбұрыштың периметрін тап.
| Р-?см Қабырғасы 2см және 3см тік төртбұрыштың периметрін тап.
| Р-?см Қабырғасы 2см шаршынын периметрін тап.
|
(Қазына табылмады, бірақ бұл ел өз қонақтарын билеп шығарып салады екен , орнымыздан тұрып сергіту сәтін өткізейік . Келесі елге аттанайық)
*Интерактивті тақтада «Есептер» елінде
ҮІІІ.Оқулықпен жұмыс. №5 есеп
|
Биледі-6н. (3+7)+6=16(а) Жауабы:16 адам |
7+6=13(н) Жауабы:13 немересі |
(Қазына табылмады,келесі елге аттанайық)
ІХ.*Интерактивті тақтада «Белгісіздер» елінде
| х+30=85 х=85-30 х=55 55+30=85 85=85 | х-24=40 х=40+24 х=64 64-24=40 40=40 | 57-х=17 х=57-17 х=40 57-40=17 17=17 |
(Қазына табылмады,келесі елге аттанайық)
Х.*Интерактивті тақтада «Математикалық сиқыр» елінде.Су түбіне түсіп,балықтардан сұрайық.
Жігітке...7..өнер де аз.
...8...қырлы,бір сырлы.
...6....-ау ала болса,ауыздағы кетеді,
...4....-еу түгел болса,төбедегі келеді.
(Қазына табылмады,келесі елге аттанайық)
ХІ*Интерактивті тақтада «логика» елінде
Кім жүйрік боса ойға,сол алда!
Атамның жасы ең үлкен екі таңбалы санға тең. Атамның жасы нешеде?
Немересінің жасы ең үлкен бір таңбалы санға тең. Немересінің жасы нешеде?
Қуыршақ 30 тг тұрады. Осындай 2 қуыршақ қанша тұрады?
1 кг етті пісіру үшін 1 сағат кетеді. Ал 2 кг етті пісіру үшін қанша сағат кетеді?
3 қозыда неше аяқ, неше құлақ бар?
Марат Қайраттан күшті. Кім әлсіз?
Түлкі қасқырдан қулау. Не аңқау?
Киік бұланнан жүйрік. Не баяу?
Хасен жолда келе жатып 10 тг тауп алды. Асқар мен Сержан сол жолдан қанша тг тауып алар еді?
Асқар мысығының салмағы қанша екенін білгісі келді. Алдымен өзі өлшенді. Салмағы 35 кг көрсетті. Содан кейін мысығын қолына алып таразыға тұрды. Ол 40 кг болды. Мысығының салмағы қанша?
Жануардың оң жағында 2 аяқ, сол жағында 2 аяқ, артында 2 аяқ, алдында 2 аяқ, барлығы қанша аяқ?
4 лақта неше аяқ, неше құлақ бар?
(Қазына табылмады,келесі елге аттанайық)
ХІІ. *Интерактивті тақтада «Математикалық тестер» елінде
| Тест жұмысы 1.70 –те неше ондық бар? а) 3 онд. ә) 6 онд. б) 7 онд. 2. 89 неше ондық,неше бірлік бар? а) 9 онд. 8 бірл. ә) 8 онд. 9 бірл. б) 8 онд. 8 бірл.
15
4. 42 а) 16 ә) 15 б) 14 27 5. Ұл бала-7 , қыз бала-13 , барлығы-? бала а) 16 ә) 19 б) 20
|
(Қазына табылмады,келесі елге аттанайық)
ХІІІ. Қорытындылау «лото» ойыны арқылы (ауызша есептеуге байланысты өрнектер берілген)
Шора капитанына көмектесеміз деп едік,қарақшылардың алып кеткен бір сандық алтынын тауып бердік, ендеше ол да сендерге бағаларың тек «5» пен «4» болсын деп жатыр.
ХІҮ. Бағалау.
ХҮ. Үй тапсырмасы 153-бет, №6
ХҮІ. Рефлексия
-Өте қатты ұнады
-Ұнамады,себебі.....
«Геометрия» аралының тұрғындары сендерге «Жолдарың болсын!»деп жатыр.Енді мектебімізге қайтайық.

Домбыра тартты-3б.
Ән салды-7н. ? а
Ән салды-7н.
Биледі-6н. ? а
Урок "Жазбаша қосу және азайту" (28.15 KB)

