Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  Урок "Тұқым және жеміс"

Урок "Тұқым және жеміс"

т??ым ж?не жеміс

12.02.2017

Содержимое разработки

Дүниетану

Күні:

Класс: 2

Тақырыбы

Тұқым және жеміс

Мақсаты

Оқушыларға өсімдіктердің өсіп – өнуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістердің түрлерін, тұқымның таралу жолдарын таныстыру.

Күтілетін нәтиже


Өсімдіктердің өніп өсуі, жетілуі жайлы, олардың түрлері, таралу жолдары туралы түсінеді, шығармашылықпен жұмыс жасап, өз ойын жүйелі айта алады, табиғатқа қамқор болады.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Психологиялық ахуал

Қайырлы күн, оқушылар!

Жұманың сәті

Сәттілікке толсын.

Бүгін алғаң бағаң

Кілең бестік болсын!

Әрбір адам?

Әрбір сабақ?

Әрбір ісің?

Әрбір сөзің?






Досым, сыныптасым

Үйрену, оқу, іздену

Тірлік, тірек, адамдық

Шындық, бірлік, адалдық.

Қызығушылығын ояту




I топ «Алма»  III топ «Шие»

II топ «Алмұрт»  IV топ «Өрік»



Оқушылар мұғалім үстелінен келіп, жемістердің суреттерін таңдап алады. Сол суреттер бойынша 4 топқа бөлінеді. Әр топ спикерлерін сайлайды.

Ойын « Жеміс – жидектер жинау»

Мақсаты: өткен тақырыпты пысықтап, үй тапсырмасын тексеру

1. Өсімдіктер тірі ағза екенін дәлелде.
2. Жапырақтары нені жұтады, нені бөліп шығарады?
3. Сабақтың қандай түрлері бар?
4. Тамырдың атқаратын қызметі қандай?
5. Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын не үшін сүртіп, су бүркіп отырады?
6. Жапырақ өсімдіктің қай мүшесінде орналасқан?
7. Өсімдік мүшелерін ата.
8. Жапырақтың түсі қалай өзгереді?

Оқушылар таңдаған жемістің артында сұрағы бар.

Сол сұрақтарға жауап береді

Тақырыпты ашу

Оқушыларға әртүрлі жемістерді көрсетемін.

1.Балалар менің қолымдағы нелер?

2.Ал осылардың барлығын бір сөзбен не деп атайды?

3.Ал енді мысалы мына алманы қазір ортасынан бөліп көрейік.

Ортасында не бар екен?

-Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады.


1.Алма, алмұрт, қызанақ, сәбіз, картоп, банан, шие т.с.с.

2.Жемістер дейді.

3.Бұл жемістің тұқымы екен

Мағынаны тану

«Білемін, білгім келеді, білдім»







«Мен сізден сұрақ күтемін» әдісі





Әр топқа сұрақтар қою:







Ойын «Кім көп біледі?»

.




Тақтаға сызба ілінеді

«Білемін, білгім келеді, білдім»

Топтардың айтқан жауаптарын жазады. Бірінші не білемін , содан соң не білгім келеді бағандарын толтырады.

Қане, балалар, сендер жалпы осы уақытқа дейін жеміс туралы не білесіңдер екен. Соны әр топ мына алдарыңда жатқан кестеге толтырып берсеңдер.

Кітаптағы мәтін беріледі.







I топ «Алма»

Жемістер қайдан пайда болады?

II топ «Алмұрт»

Тұқым нешеге бөлінеді?

III топ «Шие»

Құрғақ, шырынды жемісті ата?

IV топ «Өрік»

Тұқымы жемістің ішінде болатын өсімдіктерді атаңдар?

Топтарға арналған тапсырма:

I топ. Шырынды жемістердің суретін салу.
ІІ топ. Құрғақ жемістердің суретін салу.
ІІІ топ. Кез-келген жемісті сипаттап жазу
Ivтоп. Венн диаграммасын құру

Топтарға да қима қағаз таратылып береді

«Білемін, білгім келеді, білдім»

Әр топ өз ойларын екі бағанға

ғана толтырады





Әр топ мүшелері өздері оқиды. Топта талқылайды. Әр топ спикерлері сағат тілімен алмасып, келесі топқа барып, шырынды, құрғақ жемістерді көрсетіп, түсіндіріп береді.

Сұрақтарға жауап бергеннен соң, әр топ келесі топтың жауабын бас бармақпен бағалап отырады.




Спикерлер қорытындысын жасап, қорғайды. Келесі топтың жұмысын толықтыруға болады.


Сергіту сәті

Жұмбақ шешу.
1. Көктемде жерге сенемін
Ылғалда өсіп өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (тұқым)
2. Аспай піскен.
Қайнамай түскен. (жеміс)

Оқушылар жұмбақтарға жауап беріп, серігіп алады.

Қорытынды Білемін,Білгім келеді Білдім








Балалар енді сабақ басындағы берілген кестенің соңғы бағанын толтыру керек, яғни бүгінгі сабақтан не білдік соны жазамыз.



- Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар. Сол Заңның

38 бабында Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның міндеті делінген. Демек, оқушылар, келешекті көркейтетін сендерсіңдер! Олай болса, айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғаңдар! Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!

Қане, қандай уәде бересіңдер?

Қандай жеміс түрлерінің бар екенін білемін.

Жемістің қалай пайда болатынын, құрғақ және шырынды болатынын білдім.

Біздің аймақта өспейтін қандай жемістер барын.

Алманын тағы қандай түрлері барын.Шөл далаларда жемістер өсе ме екенін.


Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Жаман бала болмаймыз,

Табиғатты қорғаймыз!

Үйге тапсырма

Біздің аймақтарда өспейтін жемістер бар ма екен, бар болса ол қандай жеміс екенін немесе алма, алмұрт сияқты жемістердің тағы қандай түрлері бар екенін интернеттен іздеп, тауып келу.

Күнделіктеріне жазып алады

Кері байланыс

Балалар мына ағашқа не жетпейді?

Ендеше алдарындағы жасыл, сары,

қызғылтсары жапырақтарды ағашқа іліп, көркін келтірейік.

Жасыл-түсіндім

Сары-сұрағым бар

Қызғылтсары-ештене түсінген жоқпын.

Жапырақ

Оқушылар қалаған түсті жапырақтарын ағашқа іледі




Шұбаршы орта мектебі








«Тұқым және жеміс»

(ашық сабақ)

2 «ә» класс

Өткізген: Г.Б.Когамбаева













2016-2017 оқу жылы









































































  1. Өсімдіктер тірі ағза екенін дәлелде.


2. Жапырақтары нені жұтады,

нені бөліп шығарады?

3. Сабақтың қандай түрлері бар?

4. Тамырдың атқаратын қызметі қандай?

5. Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын

не үшін сүртіп, су бүркіп отырады?

6. Жапырақ өсімдіктің қай

мүшесінде орналасқан?

7. Өсімдік мүшелерін ата.

8. Жапырақтың түсі қалай өзгереді?

















-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Урок "Тұқым және жеміс" (2.12 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт