Меню
Разработки

Әуе шарлары

ЗАНЯТИЯ ДЛЯ ДЕТЕЙ СТАРШЕЙ ГРУППЫ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА

07.02.2018

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Әуе шарлары.

Мақсаты:

а) қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстай отырып, ирек сызықтар салу дағдысын бекіту;

ә) саусақ икемділіктерін, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру;

б) балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: әртүрлі қарындаштар, үлестірмелі материалдар, қол сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: әуе.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

  • Балалар, мен сендерге асығып келе жатып жолда көңілсіз тұрған қоянды көрдім.

Педагог осыны айтып жатқанда қоян келіп кіреді.

Балалар ертегіні қызығушылықпен тыңдайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

  • Қоян, саған не болды? Сен неге көңілсізсің?

  • Өзімнің балабақшадағы достарыма -сендерге шарлар сыйлайын деп келе жатыр едім, қатты жел соғып, шарлардың жібі болмағандықтан жел ұшырып алып кетті. Сендер сол шарларды көрмедіңдер ме?

Педагог балаларға қоянға көмектесу керектігі жайлы айтып, шардың түсі, пішіні қандай екені жайлы әңгімелеседі. Педагог балалардың алдарындағы шарлар салынған қағазға көңіл аударуларын өтініп,осы шарлардың өз түстеріне сәйкес жіптерін үлгі сурет бойынша ирек сызықтар арқылы қалай салуға болатынын түсіндіріп көрсетеді.

«Әуе шарларын ұшырамыз» қимылды ойыны.

Балалардан қандай түсті қарындашты пайдаланғандарын және шарларының қандай түсті екенін сұрау.

Балалар салған суреттерін қоянға көрсетеді.

Қоян балалардың салып берген суреттері өте әдемі екенін айтып, алғысын білдіріп қоштасады.

Балалар таңдана қарайды. Балалар өздері білетін шардың түстерін және пішіндері жайлы айтады.

Балалар педагогтің нұсқауы бойынша шардың аузын байлайтын әртүрлі жіптерді немесе ирек сызықтарды сызады. Балалар өздерінің қандай қарындашпен жұмыс жасағандары жайлы әңгімелейді. Салған суреттерін тамашалайды.

Рефлексиялық-түзетушілк

Балалардың суретін салу барысындағы іс-әрекетіне басшылық жасап, бағыт-бағдар беріп, жасаған жұмыстарын мадақтайды.



Балалар өздерінің және бір-бірлерінің жұмыстарын қарап көреді.









Күтілетін нәтиже:

Біледі: шардың жеңіл, салмақсыз болатындығын.

Игереді:қарындашты дұрыс ұстап жұмыс жасауды.

Меңгереді:қарындашпен ирек сызықтар сызу дағдысын.



-80%
Курсы повышения квалификации

Организация профилактической работы по ВИЧ-инфекции: формы и методы работы

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Әуе шарлары (17.24 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт