Қысқа мерзімді жоспар
Пән:дүниетану Сынып:1 сынып Күні:17.05.2017 ж Сабақтыңтақырыбы: Үйдегі қауіпсіздік ережесі | Мектеп: №180 «Қызылмақташы» орта мектеп Мұғалімніңаты-жөні:Сайдакбарова Дариха Ибадуллаевна
Қатысқандар:24 Қатыспағандар саны: - | |
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты | 1.1.4.3 Үйдегі қауіпсіздік ережесін түсіндіру 1.1.4.6 Шұғыл көмек қызметтерін білу және олармен хабарласу жағдайларын анықтау | |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқшы: Қауіпсіздік ережесі не екенін түсіндіреді, үйдегі қауіпті заттармен жағдайларды атай алады.Шұғыл көмек көрсету қызметін атайды. Басым көпшілігі: Үйдегі қауіпсіздік ережелерін тұжырымдай алады. Шұғыл көмек көрсету қызметтерін ажырата алады. Кейбір оқушылар:Оқушылар қауіпсіздік ережесін құрастыра алады.Шұғыл көмек көрсету қызметіне толық сипаттап әңгімелей алады. | |
Бағалау критерилері | Үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атайды. Үйдегі қауіпсіздік ережелерін тұжырымдайды. Шұғыл көмек көрсету қызметтерін атайды. Шұғыл көмек көрсету қызметтерімен хабарласу жағдайларын сипаттайды. | |
Сөздік қор | Қауіп-қатер,жазатайым жағдай,қоршаған орта құтқару қызметі | |
Құндылықтарды дарыту
| Бос уақытты дұрыс пайдалану,жауапкершілікті сезіну. | |
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы | Үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.Өзін-өзі қорғау. | |
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану,сауат ашу ,еңбекке баулу | |
АКТ қолданудағдысы (сабақта олданылатын болса көрсетіңіз) | Суреттермен жұмыс. Бой ширату бейнеролик арқылы. | |
Алдыңғы меңгерілген білім
| Тазалық денсаулық кепілі. Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері:Бір-біріне қауіпсіздік ережесіне байланысты сөздер айтады.. Кеспе сөздер арқылы топқа бөлінеді. І- топ «Жедел жәрдем» ІІ- топ «Өрт сөндіруші» ІІІ- топ «Жол сақшысы» |
Кеспе сөздер | ||||||||
Сабақтың ортасы
| Өткен сабақты еске түсіру (Ұ) «Денсаулығы мықты болу» деген сөз нені білдіреді? Суретке қара .Үйде қай жер және қандай тұрмыстық заттар қауіпті деп ойлайсың? Міне балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз «Үйдегі қауіпсіздік ережелері және Шұғыл көмек қызметтерін білу және олармен хабарласу жағдайларын анықтау».Осыған байланысты бірнеше тапсырмалады орындаймыз. Топтық жұмыыс.Үш топқа тапсырма беремін 1топ: Сурет бойынша үйдегі қауіпсіздікті сақтау ережесін құрастырыңыздар. 2 топ:Үйдегі қауіпсіздікті сақтаудың шартты белгілеріне мұқият қараңыз.Олар нені білдіреді?Үйдегі қауіпсіздікті сақтауға қатысты шартты белгі ойлап табады. 3 топ:Ойлан және жауап бер.Суреттегі оқиғаны түсіндіріп бер. Дескриптор: Білім алушы -Қауіп туғызатын заттар мен жағдайларды атайды. -Үйдегі қауіпсіздікті сақтау ережесін құрастырады. -Айналадағы қауіп – қатер туралы біледі. Бағалау «Жақсылық тамшысы» әр топтың жұмысына баға беріп ойын айтады. Жұптық жұмыс “Телефон” арқылы шұғыл көмек көрсету қызметіне хабарласып диалог құрастырады. Шұғыл көмек көрсету орталығының нөмері мен хабарласу барысында айтылатын ақпараттарды жазады. Дескриптор: Білім алушы -Шұғыл көмек көрсету қызметтеріне хабарласу диалогін құрастырады. -Диалогті қарым-қатынас құра алады. -Жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу барысында айтылатын ақпараттарды жазады. Бағалау. «Үздік жұпты» анықта Бой ширату Бейнеролик арқылы сергіту сәті. Жеке жұмыс. Әр суреттегі жедел көмек көрсету қызметінің атауын және телефон нөмерін жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы -Шұғыл көмек көрсету қызметінің түрлерін анықтайды. -Шұғыл көмек көрсету қызметінің сәйкес нөмерлерін жазады. Бағалау. «Шапалақ »әдісі арқылы бағалайды |
Суреттер
Суретер «ПОПС» формуласына сай Менің ойымша Себебі Мысалы Түйінді ой тіркесеті арқылы ойларын тұжырымдамада түсіндіреді.
Суреттер
АКТ бейнеролк
Суреттер | ||||||||
Сабақтың соңы | Қорытындылау. Сәйкестендіру тесті
Дескриптор: -Қауіпсіздік ережесіне сай сәйкестендіре алады; Бағалау: “Үлгі” арқылы бағалайды. Кері байланыс Бағдаршамның түсіне қарай орналастырады. Жасыл түс- түсіндім Сары түс - түсінбедім Қызыл түс - мүлдем түсінбедім. Әркім өз түсін бояйды. | АКТ тест жауабы Қима бағдаршамдар |
Менің түйгенім
Не өзгерді?
Жоспарлау барысында бағалау критерийлерін жүйелі құрастыру қажеттілігін, тапсырмалардың дескрипторлар арқылы нақтыланатындығын, оқушылар үшін алға ілгерілеуге және тапсырманы қалай орындағандығы туралы ақпарат беретіндігін түсіндім. Оқушылардың қабілеттерін басшылыққа ала отырып, сараланған жаттығулар мен сұрақтарды жоспарлаудың тиімділігін ұғындым. Болашақта тұлға болып қалыптасуы үшін оқушы бойына кең ауқымды дағдылар мен тілдік дағдыны дамыту аса маңызды екендігін түсіндім.