Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Практикумы  /  6 класс  /  Ұлттық денсаулық сақтау, жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндет.

Ұлттық денсаулық сақтау, жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндет.

технологии ЗОЖ
16.02.2022

Содержимое разработки

Қош келдіңіздер семинар-коучинг

  Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепте жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепте оқушы тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, оның денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.

 Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Олай болса бүгінгі семинар- коучингымыздың тақырыбы өзіміздің курска байланысты «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі- сапалы білім берудің кеплі»- деп алдық.




Оқушының салауатты өмір салтын құруы тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.

Денсаулық сақтау технологияларын еңгізу қажетті заман талабынан туындайды.

Шынықтырудың негізгі  міндеттері

Оқушының тұлғалық ерекшелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізеді, яғни қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды,  қимыл-әрекеті үйлесімді ұйымдастыру.

Баламен  шынықтыру  шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек:

Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет.

 

Оқу тәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны нығайтуға көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық дамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.


Педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын қолдану

Денсаулықтарын сақтау және ынталандыру

Стретчинг

(созылу)

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин

Сымбаттары бұзылған және жалпақтабандылықтын алдын-алуға ұсынылады. Бұлшық еттерге жүктеменің үлесі тең болуы керек.

Ырғақты - қозғалыс

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин.

Жүктеменің көлемі  және өлшемі баланың жас ерекшелігіне қарай болу. Көркем құндылыққа назар аудару

Динамикалық үзіліс

Сабақта балалардың шаршауларына қарай, 2-5 мин.

Шаршаудың алдын-алу үшін барлық балаларға ұсынылады. Сабақтың ерекшелігіне қарай көзге. Тыныс алуға және басқада жаттығуларды қосуға болады.

Қимылды және спорттық ойындар

Серуенде, топта сабақтың бөлігі ретінде, барлық топтарды күнде

Ойындар баланың жас шамалық ерекшелігіне және маусымдыққа, уақытына сәйкес іріктелінеді. МДМ-де спорттық ойындарының элементтері ғана қолданылады.

Релаксация

Барлық топта кез-келген ыңғайлы бөлмеде. Педагог технологияның қарқындығын мақсатпен балалардың  жағдайына байланысты анықтайды.

Табиғат үнінін, классикалық баяу әуенді (Чайковский, Рахманинов) қолдануға болады.

Саусақ жаттығулары

Күнде барлық топтарда жеке-дара немесе жарты топпен

Күнде кез-келген ыңғайлы уақытта Барлық балаларға, әсіресе сөз мүкістігі бар  балаларға ұсынылады

Көзге арналға

Көзге түскен жүктеменің қарқынына қарай күнде 3-5 мин

Педагогтың көрсетуі, көрнекілікті қолдану ұсынылады.

Тыныс алу жаттығулары

Дене тәрбие және сауықтыру жұмыстарының әртүрлі формасында

Процедураның алдында балаларға мұрын гигиенасы жөніндегі міндеттер нұсқауын беру, бөлмені желдетіп алуОбеспечить проветривание

Сергітетін жаттығулар

Күнде түскі ұйқыдан, 5-10 мин.

Өткізу түрі әртүрлі: керуетте жатып, молынан жуыну, қабырғалы жолмен жүру, ауасы әртүрлі деңгейдегі бөлмеде жеңіл жүгіру

Дене тәрбиесі сабағы

Спорт немесе музыка залында  аптасына 3  рет

Сәбилер тобында – топ бөлмесінде, 10-15 мин.  Ортаңғы -15-20, Ересек 20-25, Дайындық тобында -25-30 минут

МДМ-нің жұмыс істейтін бағдарламасына сәйкес желдетілген бөлмеде өткізіледі.

Мәселелі ойындар (тренингтар)

Күннің екінші жартысында немесе кез-келген бос уақытта педагогтың алдына қойған міндеттіне қарай ұйымдастырылады.

Сабақ педагогтың баланың ойын әрекетіне оған білтіртпей қосылуы арқылы өтеді

Тіл қатынас ойындары

Ересек тобынан бастап аптасына 1-2 рет, 30 минуттан өткізіледі.

Сабақ  белгілі тірек-ызба бойынша және бірнеше бөлімдерден құрылады. Олар әңгімелесу, сызба-нұсқалар, әртүрлі деңгейдегі ойындар, сурет салу, жапсыру, т.б.

Нүктелі  массаж

Ересек тобынан бастап кез-келген ыңғайлы уақытта және күзгі және көктемгі індеттердің алдында өткізіледі.

Тұмау ауруымен жиі ауыратын балалармен қатаң түрде арнайы әдістер арқылы өткізіледі. Көрнекілік құрал қолданылады.

Арт-терапия

Ортаңғы топтан бастап сеанс бойынша 10-12 сабақ, 30-35 минут өткізіледі.

Сабақ жарты топ бойынша 10-13 адаммен  өткізіледі. Диагностикалық құрал және сабақтың хаттамасы болуы керек.

Әуен әсері

Айына 1-2 рет сабақтан тыс уақыта сауықтыру-шынықтыру жұмысы ретінде өткізіледі

Басқа технологияларға көмекші ретінде: шиленісті шешуге, эмоцияның жоғары кездерінде қолданылады

Ертегі терапиясы

Айына 1-2 рет

Дамыту және психологиялық жұмыстар үшін қолданылады. Ертегіне ересек немесе топтасып айтуға болады.

Түстердің әсері

Алға қойылған міндеттерге қарай айына 1-2 рет

МДМ-нің безендірілген түстеріне ерекше назар бөлу керек. Бөлменің ішкі көріністерінің түстерін дұрыс таңдау – баланың шиленісін шешуіне және эмоциялық икемделуіне жақсы

Мінез-құлқын түзету

Ересек тобынан бастап сеанс ретінде 10-12 сабақ 25-30

Сабақ арнайы әдіс-түсілдер арқылы аз топты 6-8 баламен Ойын түрінде әртүрлі мәселелі балалармен жүргізіледі.

 

Мектепке дейінгі ұйымындағы шынықтыру-сауықтырудың негізгі міндеттері

  • Баланың денсаулығын нығайту және сақтау

  • Баланың дене тәрбиесінің сапалық дамуын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өміріне қажет қимыл ептілігін қалыптастыру

  • Баланың қиыл белсенділік талабын жүзеге асыруға жағдайлар тудыру

  • Салауатты өмір салтының талаптарына сай тәрбиелеу

  • Психологиялық және физиологиялық  саулықпен қамту

 

Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етудегі  бағыттар.

  • Баланың физиологиялық даму және балалардың ауруларының төмендету үшін жағдайлар жасау

  • Балабақшадағы педагогтардың шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату

  • Медициналық қызметкелермен байланысты шынықтыру-сауықтыру міндеттерін кешенді шешу

  • Балабақша және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу

Балалардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын жүзеге асыру үшін балабақшада арнайы жағдайлар туғызу.

     Топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залда дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және балабақша алаңында спорт алаң болу. Осының барлығы баланың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын жоғарлатады, сабақтың  тиімділігін арттырады,  балалардың барлық негізгі қимыл түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

Құрметті  әріптестер, тәрбиешілер мен педагогтар Қазақстанның болашақ ұрпақтарының денсаулығын нығайту мен сақтау сіздердің аяулы алақандарыңызда.























-82%
Курсы повышения квалификации

Адаптивная физическая культура в условиях реализации ФГОС для лиц с ОВЗ

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
720 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұлттық денсаулық сақтау, жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндет. (29.37 KB)