Тақырыбы: Ұқыпты бала - әдепті бала.
| Сабақ мақсаты: Оқушыларға әдептілік, ұқыптылық, сыпайылық адами қажеттер туралы кеңінен түсіндіріп,ұқыптылық, әдептілік ережелерін сақтауға тәрбиелеу Міндеттері: - оқушыларға ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсінік беру; - сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту; - ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. | түрлі-түсті маркерлер стикерлер |
| Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері Мұғалім оқушыларға шаттық шенберін құруды ұсынады: - Балалар, қайырлы күн! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Шаттық шенберінде тұрып, бір-бірімізбен қуанышты көңіл күйде жылы жүректен, жақсы тілекпен, игі әдеппен сәлемдесейік. Бәрі кезекпен сәлемдесіп шығады.
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Бала тілегі» әнін жаттау. | Оқулық |
| 3.Дәйексөз. «Ұқыптының уақыты мол» М.Әлімбаев Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді | Нақыл сөз |
| 4.Мұғалімнің сыйы. Ойын: «Жақыс мен жаман» Балалар,шеңберге тұрады.Мұғалім «жақсы» мен «жаман» деген сөздері кезек-кезек қолдану арқылы балаларға ретімен айтқызады.Оқушылар жақсы немесе жаман әдеттерін атап шығады. «Екі дос»ертегісін оқып берейін |
|
| 5. 1.Әңгімелесу
(еңбекқорлық, табандылық) -Ұқыпсыздыққа апаратын адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді атайықшы. (еріншектік, жалқаулық, немқұрайлылық
2.Мәтінмен жұмыс Оқулықтан Е. Өтетілеуовтың « Ұқыптылық»әңгімесін мәнерлеп оқу. Мазмұнын аша отырып,ұқыптылықты салыстырмалы түрде түсіндіру Мәтіндегі балаларға мінездеме бере отырып,ұқыптылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Мұғалім балалардың ұқыптылыққа көзқарастарын білу үшін әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды. - Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады? - Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды? - «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер? - Сендер өз уақыттарыңды қалай үнемдейсіңдер? - Қорық дегеніміз не? - Бекеттің атасы қорықта кім болып жұмыс жасайды? - Бекеттің атасы қорыққа бару үшін балаларға қандай тапсырма берді? - Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
4.Шығармашылық жұмыс: - Балалар мақалдарды қарап, қажет сөздерді жазалық ....................ның тоны тозбас, ....................ісі оңбас Жаңылтпаш ....................бала – Кітапты түптеп тастады ....................бала – Кітапты бүктеп тастады 5.Жаттығу – ойлану Балаларды үш топқа бөліп, әр топ ұқыпсыздықтан арылу туралы ойланып, ойларын қағаз бетіне түсіреді. 1- 2 минут уақыт беріледі. әр топ өз ойларын қорытқан соң, ойларын ортаға салады. Оқушылар бір -бірімен пікір алмасады. Түйіндеме Түйіндеме оқушыларға «Ұқыпты болудың жолын біліп алуға» кеңес беріледі. · Күнделікті өзіңе тиесілі жұмысты атқаруды ұмытпа. · Бір күндік жұмыс кестесін құрып ал. · Мерекелік күндерді белгілеп қой. · Атқарылатын істерді жоспарлап ал. · Өз істіріңді қадағалау үшін күнтізбені серік ет. · Жақын, туыс адамдардың туған күнін есте сақта. · Айналаңа мұқият бол.
|
|
| 6.Топпен ән айту. «Мен өсемін» әнін айту. |
|
| 7.Үй тапсырмасы. 3- 4 жолдан тұратын «Мен ұқыпты баламын» тақырыбында өлең құрастыру. |
|
| 8.Жүректен жүрекке. Тыныштық сәті |
|
Бастауыш сынып мұғалімі: Жандарбек Камшат Бахытжанқызы
Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №24 лицей МКМ


Ұқыпты бала - әдепті бала. (33.22 KB)

