1. Қанайналым жүйесі дегеніміз не? Қандай мүшелер жатады?
2. Қантамырлары неше топқа бөлінеді?
3. Жүрек неше қуысты, қабырғасы неше қабаттан тұрады?
4. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады? Қалай білуге болады?
5. Қанның қанайналым шеңберімен ағатынын ашқан ағылшын ғалымы?
6. Мынау қандай аурудың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді.
- Ешбір техникамен алмастыруға болмайтын моторлы қызмет атқаратын мүше?
- Көптеген ұлпалардың жиынтығынан не құралады? Мысалы бұлшықет және дәнекер ұлпасынан тұратын қанайналым .........
- Жүрек кемістігі (порок) жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын жұрек-қантамырларның ….?
- Дәнекер ұлпасының сұйық түріне немесе ағзаның ішкі ортасына не жатады?
- Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып → дене жасушаларына → жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталып, қанды бүкіл денеге таратып, қайтадан жүрекке әкелетін қанайналым шеңбері
- Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → өкпеге → жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталатын қанайналым шеңбері
- Л ейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болатын, тек қана рентген сәулесі, радиоактивті элементтердің көмегімен емдейтін жүрек-қантамырларының ауруы
- Қай қантамыр оттекпен қаныққан? Себебі біз не арқылы тыныс аламыз?
- Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайтын қантамыр?
- Қандай да болмасын аурудың алдын алу үшін әр адам нені сақтап, ұстану қажет?
- Тыныс алудың маңызы
- Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
- Тыныс алу мүшелерінің қызметі
Тыныс алу деп
организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады.
Тыныс
алудың
маңызы
Газ алмасу
Органикалық
заттарды
тотықтыру,
ыдырату
Энергия
бөліп,
су түзіледі
МҰРЫН
ҚУЫСЫ
АҢҚА
ӨКПЕ
ТЫНЫС АЛУ
МҮШЕЛЕРІ
КӨМЕЙ
БРОНХЫЛАР
КЕҢІРДЕК
АҢҚА
ТАНАУ
МҰРЫН ҚУЫСЫ
КЕҢІРДЕК
КӨМЕЙ
ЖҰТҚЫНШАҚ
ОҢ ЖӘНЕ СОЛ
ЖАҚ ӨКПЕ
АЛЬВЕОЛА
2 БРОНХЫ
БРОНХИОЛА
Танау ар қылы ауа сүйек – шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлетін мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікте – қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасады. Мұрын қуысының барлық ішкі беті, шамамен, 100 см². Ол тербелмелі эпителийі сілемейлі қабықпен жабылған және көп қан тамырлары бар. Тамырлармен аққан қан дем алған ауаны дене температурасына дейін жылытады. Сілемейлі қабық бөлетін сілемей ауаны ылғалдайды және шаң – тозаң мен микроорганизмдерді тұтып қалады.
Сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан кейін эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге сыртқа шығарылады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті қабылдайтын иіс сезужүйкелерінің ұшы болады. Мұрын қуысынан жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен жабылады.
Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.
Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм.
Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см, диаметрі 15–18 мм. Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады.
ТАҚЫРЫПТЫ ТҮЙІНДЕУ:
- Тыныс алудың маңызы қандай?
- Тыныс жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
- Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі қандай?
- Көмей құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
- Дыбыс сіңірлері қайда орналасқан?
- Дыбыс сіңірлерінің маңызы қандай?
- Кеңірдек пен бронхылардың құрылысы мен қызметі туралы айтып беріңдер.
СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАҢДАР:
- Мұрын қуысы
- Көмей
- Кеңірдек
- Бронхылар
А) шемірщекті жартылай сақиналардан тұрады.
Ә ) ауа жылытады, зарарсыздандырылады, ылғалданады, шаң – тозаңнан тазартылады
Б ) шеміршек сақиналарынан түзілген.
В) сілемейлі қабықта иіс сезу жасушалары болады
Г) сүйекті – шеміршекті қалқа бар
Ғ ) сілемейлі қабықта сілемейлі бездері бар тербелмелі эпителий болады
Д) сілемейлі қабық қатпарындағы шеміршектер арасында дыбыс сіңірлері түзілген
Е) қалқада үш қалқан орналасқан
Ж) дыбыс түзіледі
СУРЕТПЕН ЖҰМЫС
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
§ 41 . Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі