Күні: 25.01.2017
Пәні: қазақ тілі
Сынып: 8
Тақырыбы: Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдары
Мақсаты: Оқушыларға түсіндірмелі салалас сөйлем туралы түсінік беру.
1.Білімділік: Оқушыларға салалас құрмалас сөйлем түрі түсіндірмелі салалас сөйлем туралы мысалдар келтіре отырып, түсіндіру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білу және сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ана тілін қадір тұтуға, ізденіспаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау;
Көрнекілігі: плакат
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақ барысы
І. Бағдарлау-мотивациялық кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
Үй тапсырмасын сұрау.
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.
Ыңғайлас салалас дегеніміз не?
Себеп-салдар салалас дегеніміз не?
Қарсылықты салалас дегеніміз не?
Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
Жазбаша жұмыстарын тексеру.
Мұғалім оқушылардың білетіндерін қорытындылап, жаңа сабақты бастайды.
ІІ. Операционалды – орындаушылық кезеңі
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім рөлі:
Түсіндірмелі салаластың жайсөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелесе байланысады. Бірінші жайсөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынау, сол,сонша, соншалық, сондай) болады. Сол, сонша, соншалық, сондай деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болады. Мұндай жағдайда қос нүктенің орнына сызықша қойылады.
Ашуланғаны сонша – өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрады.
Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғандығын білген жоқ.
Түсіндірмелі салаластың мазмұны түсіндіру, ойды толықтыру, ойды анықтау болады.
Дүниенікі дүниеде қайтты: патша Николайды, болыс Итбайды біз де өлтірдік. (түсіндіру)
Сізге айтар тілегім сол: мені ұшқыштар оқуына жіберіңіз. (ойды толықтыру)
Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан. (ойды анықтау)
Сонымен, құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.
Тақтамен жұмыс. 110-жаттығу. Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдаын түсінідіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін айтыңдар.
Опасыз адам жел сияқты: алдыңда құдық барда артыңнан итереді. (түсіндіру) Келіннің үш күйеуі болады: алғашқы күйеуі – алтын елі, екінші күйеуі – ар-намысы, соңғы күйеуі – алған жары. (түсіндіру) Оның қорыққаны сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ. (ойды толықтыру) Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады. (ойды анықтау)
ІІІ. Бағалау-рефлексиялық кезең
Өздік жұмыс. 111- жаттығу. Берілген сөйлемдердің қйсысы түсіндірмелі, қайсысы себеп-салдар екенін анықтаңдар.
Құлыңды көп жәбірлеме: қожа бұғауланып, құл бостандық алатын да күн туады. (себеп-салдар)
Өзіңе қарай дос таңда: тең теңімен жарасады.
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз. (түсіндірмелі)
Ақ болсаң қараға жуыма; аққа қара тез жұғады. (түсіндірмелі)
Әйелдің жалғыз жетістігі бар: ол- дақ түспеген ары. (түсіндірмелі)
Сабақты қорытындылау.
ВЕНН диаграммасы арқылы салыстыру.
Ортақ қасиеттері
Ортақ қасиеттері
түсіндірмелі
Себеп-салдар
|
Үйге тапсырма: 118-119-жаттығу.112-жаттығу. Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау. |

Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдары (15.88 KB)

