Четтыкпаева Ляззат Байтановна тәрбиеші
Жамбыл облысы ,Шу ауданы,
Төле би ауылы,
«Әсем» бөбекжай- бақшасы КМҚК
Мақсаты:
Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер:
Елбасы суреті.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар:
Саламатсыздар ма! Здравствуйте
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Кәне енді бәріміз шеңберге тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар!
Балалар бүгінгі ашық оқу қызметінде Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті туралы айтамыз.Тақтаға назар аударыңдар, кімнің суретін көріп тұрсыңдар?
Балалар жауабы:
Нұрсұлтан Назарбаев!
Тәрбиеші:
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар жауабы:
Ол біздің Елбасымыз!
Тәрбиеші:
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.
Балалар, сендердің Әкелерің, Аналарың жұмыс істейді сол сияқты, Нұрсұлтан Назарбаевта Президент болып жұмыс істейді. Біздің президенттің жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар жауабы:
Астанада!
Тәрбиеші:
Дұрыс айтасыңдар! Астанада Ақордамызда. Балалар Астанада тағы не бар?
Балалар жауабы:
Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің астанамыздың символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар жауабы:
Иә, білеміз. Олар: Ту, Әнұран және Елтаңба.
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Балалар «Туды құрастыр» ойынын ойнайық.Мен сендерге геометриялық пішіндерді беремін, сендер бұл пішіндерден туды құрастыруларың керек. Кім бірінші болып құрастырады екен? Жарайсыңдар, балалар! Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не бейнеленген?
Балалар жауабы:
Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ал бұл суреттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар:
Көк!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін
қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Балалар:
Шаңырақ!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,
отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?
Балалар:
Ат бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.
Шаршадыңдар ма балалар?
Балалар:
Иә, шаршадық!
Тәрбиеші:
Кәне келіңдер сергіту сәтіне.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз
Қорытынды:
Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар:
Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:
Ол кім?
Балалар:
Ол біздің елдің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені
білдіреді?
Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. Орнымыздан
тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық.

"Тұңғыш президент күні (18.29 KB)

