Жаңбыр астындағы адам.
Мақсаты: Адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көру «зерттеу». Адамның ішкі жан дүниесінің күйзелістерін, көрінісін білдіреді.
1 ресурс: А4 парағына тақырып бойынша сурет салу ұсынылады
немесе
2 ресурс: тақырыпқа байланысты әртүрлі жағдайдағы дайын суреттерден тандау ұсынылады
Салған немесе тандаған суреті ауызша бейнелеп айтады
Қара бұлт – жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Депресивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді.
Сирек тамшылар – уақытша жеңуге болатын жағдайлар.
Боялған тамшылар, сызықтар – қиын, үздіксіз жағдайлар
Шалшық су, батпақ, балшық – үрейлі жағдайды салдарынан, «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.
Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрінісі ретінде қарастырылады.
Найзағай - дамудағы жаңа циклдың бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын, күннің шуағын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.
Қолшатыр - сыртқы жағымсыз нөсерлерден психикалық қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді.
Қолшатырдың күмбезі – ананың бастауы, ұстайтын жері әке бастауы.
Үлкен қолшатыр – саңырауқұлақ адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайлылығын дәлелдеуі мүмкін.
Суретте қолшатырдың болмауы қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.
Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын мәлімдейді.
Ағаштың басы биік, үлкен етіп бейнеленсе – салған адамның ойы ұшқыр, арманшыл, мәселені кеңінен жоспарлап, алдын болжап, ойлайтын адам. Жоспары мықты, ойы тиянақты.
Қысқы, күзгі ағаштардың жапырақсыз сидиып салынуы – көңілсіздік, торығып, жабырқауының байқалуы, ағаш тамырсыз немес діңі жуан, бірте-бірте жіңішкеріп, ауада тұрғандай болса – өзіндік дербестігі жоқ, жанұясына жіпсіз байлаулы.

Тренинг сабақ : Жаңбыр астындағы адам (27 KB)

