Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Планирование  /  8 класс  /  Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы

Жаңа бағдарлама бойынша күнделікті сабақ жоспары

31.01.2019

Содержимое разработки



Физика 8-Сынып



I.Сабақтың тақырыбы

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы



Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы туралы ақпарат беру.

Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы  формулаларын пайдаланып есептер шығаруға үйрету.

Топпен жұмыс жасауға үйрету

Күтілетін нәтиже

 Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы туралы білетін болады.

Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы   формулаларын пайдаланып есептер шығаруды үйренеді.

Топпен жұмыс жасай алатын болады.

Негізгі  идеялар

Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы ток күшіне   тәуелді.

Тапсырмалар

Топтық  жұмыс  «Мәтінмен жұмыс»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс  «Есептер шығару»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс    «Кеңейтілген тапсырма»

Сабақтың типі: Жаңабілім қалыптастыру.

Әдісі: Түсіндірмелі-мысалды, теориялық-пратикалық, интерактивті

Сабаққа қажетті құралдар мен жабдықтар: Оқулық  физика8-сынып, интерактивті тақта, физика есептерінің жинағы,тұрмыстық электр приборлары, топтамалар.

Сабақтың барысы



І.Ұйымдастыру.

 ІІ.  Үйге берілген тапсырманы сұрау.

III. Жаңа сабаққа мақсат қою.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

V. Жаңа сабақты бекіту. .

VI. Білімдерін тексеру. 1-7 слайдтармен

VII.Қортынды.

VIII. Кері байланыс

IXБағалау.

X. Үйге тапсырма.



І.Ұйымдастыру. (3 минут)  

1.1.  Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.2.  Столдағы кағаздар арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз. (Марс бір топ, Меркурий екінші топ, Юпитер үшінші топ, Сатурн төртінші топ)

ІІ. Миға шабуыл ( 5 минут)

Оқушылар өздерінің топтары жайлы мәлімет бере кетеді. . 

 Үйге берілген тапсырманы сұрау. сұрақтар:

Электр тогы деген не?

Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?

Тұрақты ток деген не?

Электр тогының қандай әсерлері болады ?

Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар?

Электр тогын өткізетін заттар мен денелерді айтыңдар?

Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер.

Электр қозғаушы күш деген не?

Электр кернеуі деген не?

Бөгде күш деген қандай күш?

Қандай тұрақты ток заңдарын білесіңдер?



ІІІ. Жаңа сабаққа көшу үшін берілетін сұрақтар (сұрақ қою техникасы) (5 минут)

Елімізде 2017 жылы не өтейін деп жатыр? (ЭКСПО 2017 көрмесі)

Осы көрменің тақырыбы қалай аталады? (Болашақ қуаты)

Осы қуат деген сөзді бұрын естулерің барма? ( 7 сыныпта механикалық қуат)

Қуат неге байланысты? (жұмыс)

(Осылай сұрақтарға жауап бере отырып оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын біледі.



Жаңа сабақ: «Токтың жұмысы мен қуаты.Джоуль-Ленц заңы»

ІV. Топтық жұмыс «Мәтінмен жұмыс» (13 минут) 

Берілген мәтінді әр оқушы өз бетінше оқиды. Келесі кезекте топтарға төмендегі сұрақтар таратылады.

Электр тогы жұмысының формуласы қалай өрнектеледі, өлшем бірлігі қанадй?

Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып ток жұмысының формуласын өрнектеп беріңдер?

Электр тогы қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңдар, өлшем бірлігін ата?

Джоуль-Ленц заңы қалайжазылады,түсіндір?

Берілген сұрақты   топта өзара талқылайды. Әр топтың баяндамашылары сұраққа кезектесіп жауап береді. (Жауаптарын критериий арқылы формативті бағалайды.)

V. Жұптық жұмыс  «Есептер шығару»  (10 минут)

Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5 В, ал тоқ күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?

Егер резистордағы ток күші 10 мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

№1166. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92 А. Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықта.

№1167. Кернеуі 220В болатын дәнекерлегіштегі ток күші 0,9 А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын тап.

Практикалық есептер шығару.Тұрмыстық электр приборларын пайдаланады.

Үтікті 5 минут қыздырып, оның техникалық көрсеткіштерін пайдаланып, үтіктен бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығару.

Плойка-шаш бұйралағышты 7 минут қыздырып барып, одан бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығар.

Топтамамен жұмыс.

Кернеуі 25В, ток күші 0,25 А. Токтың қуатын табу керек.

Токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.

Токтың қуатын есепте. Амперметрдің көрсетуі 0,3 А, вольтметр 120В.

Токтың жұмысын есепте. Вольтметр-100В, резистор -30 Ом, уақыт-3 с.

Білімді тиянақтау- тексеру.

Деңгейлік тапсырмалар. Оқушы  өзі таңдайды.

Генератордың қысқыштарындағы кернеу 380 В, тізбектегі ток күші 5 А. Генератордың қуатын тап.

Электрлік құралда 5А ток күші 45 минут ішінде 162 кДж жұмыс жасады. Осы құралдың кедергісін тап.

Кедергісі 6 Ом және 10 Ом екі резистор тізбекке тізбектей қосылған. Егер екінші резисторға түсетін кернеу 20 В тең болса, онда 2 минут уақыт ішінде әрбір резисторда қандай жылу мөлшері бөлінеді?





1

2

3

4

Өрістің кернеулігі нөлге тең болмауы керек.

Өріске әсер етуші күштің бар болуы шарт.

Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы болуы керек.

Потенцииалдар айырымы нөлге тең болмауы керек.

1. Электр тогының бар болу шарттарын атап көрсетіңдер ,дұрыс жауаптар тақтаның пердесін жылжыту арқылы тексеріліп отырады.

2. Электр  тогын сипаттайтын параметрлер.

Формуласын жазып көрсет.толықтыру керек қалам арқылы

Атауы

Таңбалануы

Формуласы

өлшем бірлігі

Бірлік атауы.

1

Ток күші

I

 I=q/t

1A=1кл/1c

Ампер

2

Электр кернеу

U

 U=I*R

1B=1A*1Ом

Вольт

3

Кедергі

R,r

 R=U/I

1Oм=1B/1A

Ом

4

Заряд

q

 q=I*t

1кл=1A*1c

Кулон

5

Электр қозғаушы күші

Е

 E=A/q

1B=Дж/1кл

Вольт

6

Токтың жұмысы

A

 A=I*U*t

1Дж=1A*1B*1c

Джоуль

7

Токтың қуаты

P

 P=I*U

1Bт=1A*1B

Ватт

8

Жылу мөлшері

Q

Q=I*R*t 

1Дж=1A*1Oм*1c

Джоуль



3.Тұрақты ток заңдары, Формуласын жазып толықтыр қалам арқылы.

1

2

3

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.

 

Меншікті кедергі.

Джоуль-Ленц заңы.

Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал

Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал, көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материялына тәуелді.

Өткізгіштердегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақтына тура пропорционал.




Жылулық

Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит тілшесінің ауытқуы.





Химиялық

Өткізгіштің, электір приборларының қызуы.

Магниттік

Медициналық ақпараттардың. Жұмсы.УДЗ, рентген, лазер сәулелері

Биологиялық

Заттың химиялық құрамының өзгеруі.



Сергіту сәті

Оқушыларды интерактивті тақтадан сергіту сәтін ұйымдастырамын.





5.Электір тогын өткізу қабілетіне қарай заттар бөлінеді – оқушылар тақтада тұрып ,пердені

шетінен ашып отырып жауаптарын  тексереді.



Өткізгіштер

Жартылай өткізгіштер

Диэлектриктер

Металдар

Газдар

Электролиттер

Кейде өткізгіш

Кейде диэлектрик

 

Мүлдем электр тогын өткізбейтіндер



6. Электр тогы тасымалдаушы негізгі бөлшектерді сәйкесінше көрсет қаламмен

7. Электр тогының жұмысы, қуатты . Джоуль – Ленцзаңы –тақтаның пердесін жылжытып отырып осы жауаппен сәйкестендіру керек.

Электр тогының жұмысы

A

Дж

А=IUt

Электр тогының жұмысын есептеу үшін – ток күшінің, кедергінің уақыттың шамаларын өзара көбейту керек

Электр тогының қуаты

P

Вт

P=IU=U2/R=I2R

Токтың қуатын есептеу үшін – ток күші мен кернеудің шамаларын көбейту керек

 Джоуль – Ленц заңы

Q

Дж

Q=I2Rt

Жылу мөлшерін есептеу үшін ток күшінің квадраттын, кедергіні, уақытты өз ара көбейту керек

 

Физикалық диктант дәптермен жүмыс.

Зарядталған бөлшектің  реттелген бағытталған қозғалысы  ..... деп аталады.

Уақыт бойынша өзгермейтін ток  ........  деп аталады.

Электр тогының әсерлері болып табылады ......... әсерлер.

Уақыт бірлгіндегі өтетін заттың мөлшеріне тең шама ....... деп аталады.

Ток күші  ....  өлшенеді

Кулондық күштер мен бөгде күштердің жасаған қосынды ж....ы деп аталады.

Токтың қуаты ток күші мен ....... көбейтіндісіне тең физикалық шама.

Өткізгіште бөлінген жылу мөлшерін есептеу үшін ток күшінің квадратын  өткізгіш ....... және электр тогының өту уақытын өз ара көбейту керек.





VII. Сабақты қорыту.

Джоуль-Ленц заңы қалай тұжырымдалады?

Ток күші 3А, кернеуі 220В желіге 3 сағ қосылған үтік қанша жылу мөлшерін бөледі? .

Бүгінгі тақырыпта танысқан формулалар мен өлшем бірліктерді жазыңыз




VIII. Кері байланыс. (3 минут)  

Рефлексия.(Маған ұнады,қиын болды.)



IX. ,Бағалау.

р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақты бекіту

Қорытынды баға

Сұрақтарға жауап беру

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Адасқан формулалар


1









2









3









4









5









Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі.

Үйге тапсырма

21-жаттығуды шығару.














-75%
Курсы повышения квалификации

Просто о сложном в физике. Динамика. Силы механики

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы (27.63 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт