Меню
Разработки
Разработки  /  Технология мальчики  /  Планирование  /  9 класс  /  Токарь станогында цилиндр үлгісіндегі, конус үлгісіндегі, фасонды бөлшектерді жону

Токарь станогында цилиндр үлгісіндегі, конус үлгісіндегі, фасонды бөлшектерді жону

Саба?ты? та?ырыбы: Токарь станогында цилиндр ?лгісіндегі, конус ?лгісіндегі, фасонды б?лшектерді жону

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а а?аш жону станогында б?йым жасауда?ы е?бекті? ат?арлатын р?лін дамыту?а жа?дай жасау. Дамытушылы?: Токарьлы? станокпен ж?мыс істеу шеберлігін шы?дау ар?ылы ?те к?рделі емес б?лшектерді ??детіп, б?йым жасау?а ?ызы?ушылы?ын артыру. Т?рбиелік: Ж?мысты на?ты орындап,шы?армашылы?пен ж?мыс жасау?а т?рбиелеу. Саба?ты? т?рі: Аралас саба?. П?н аралы? байланыс: Бейнелеу, Сызу, Тарих. Саба?ты? к?рнектілігі: Суреттер,а?аштан жасал?ан б?йымдар,станок, технологиялы? карта. Саба?ты? барысы: 1. ?йымдастыру б?лімі. 2. Техникалы? ?ауіпсіздік

Ж?мыс сипаттамасы. Б?лшектерді 8-11 квалитет бойынша кескіш ??рал мен ?мбебап ??рыл?ыларды ?олдана отырып, токарлы?-револьверлік станоктарда ж?не 7-8 квалитет бойынша белгілі б?лшектерді ??деу ж?не жекелеген операцияларды орындау ?шін баптал?ан станоктарда токарлы? ??деу. Станокты баптау.

Білуге тиіс: токарлы?-револьверлік станоктарды? ??рыл?ысын, баптау ж?не д?лдікке тексеру ережесін; ?мбебап ?рі арнайы ??рыл?ыларды? ??рыл?ысын ж?не ?олдану ережесін; аспапты болаттан немесе ?атты ?орытпаларды? не керамиканы? пластиналарынан жасал?ан кескіш ??ралды? геометриясын, ?айрау ж?не орнату ережесін; ша?тамалар мен ?ондырмаларды? ж?йесін; кедір-б?дырлы? квалитеттері мен параметрлерін; ??делетін материалдарды? негізгі ?асиетін.

Ж?мыс ?лгілері 1. Тежегіш барабандары –сырт?ы ?айрау, конусты жону, ?айрау ж?не шетжа?ты ?ыс?арта кесу. 2. Диаметрі мен ?зынды?ы 100 мм бас ж?не кертпек т?лкелер – толы? токарлы? ??деу. 3. Б?рама диаметрі 24 мм жо?ары гайкалар мен ба?ылау гайкалары – толы? токарлы? ??деу. 4. Кесінді ?зынды?ы 50 мм дейін суппортты гайкалар – б?раманы ?ыс?арта кесу, б?р?ылау, жону ж?не кесу.

08.03.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Токарь станогында цилиндр үлгісіндегі, конус үлгісіндегі, фасонды бөлшектерді жону

Сабақтың  мақсаты:   Оқушыларға ағаш жону станогында бұйым  жасаудағы еңбектің атқарлатын рөлін дамытуға жағдай жасау.          
Дамытушылық:        Токарьлық станокпен жұмыс істеу шеберлігін шыңдау арқылы өте күрделі емес бөлшектерді өңдетіп, бұйым жасауға қызығушылығын артыру. 
Тәрбиелік:                Жұмысты нақты орындап ,шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:         Аралас сабақ. 
Пән аралық байланыс:  Бейнелеу, Сызу, Тарих. 
Сабақтың көрнектілігі: Суреттер,ағаштан жасалған бұйымдар,станок, технологиялық карта. 
Сабақтың барысы:
                                                            1.  Ұйымдастыру бөлімі. 
                                                            2. Техникалық қауіпсіздік

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді 8-11 квалитет бойынша кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, токарлық-револьверлік станоктарда және 7-8 квалитет бойынша белгілі бөлшектерді өңдеу және жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған станоктарда токарлық өңдеу. Станокты баптау. 

Білуге тиіс: токарлық-револьверлік станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін; аспапты болаттан немесе қатты қорытпалардың не керамиканың пластиналарынан жасалған кескіш құралдың геометриясын, қайрау және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; өңделетін материалдардың негізгі қасиетін. 

Жұмыс үлгілері 
1. Тежегіш барабандары –сыртқы қайрау, конусты жону, қайрау және шетжақты қысқарта кесу. 
2. Диаметрі мен ұзындығы 100 мм бас және кертпек төлкелер – толық токарлық өңдеу. 
3. Бұрама диаметрі 24 мм жоғары гайкалар мен бақылау гайкалары – толық токарлық өңдеу. 
4. Кесінді ұзындығы 50 мм дейін суппортты гайкалар – бұраманы қысқарта кесу, бұрғылау, жону және кесу. 
5. Фасон, арматура крандары – шетжақты қысқарта кесу, бұраманы бұрғылау және кесу. 
6. Диаметрі 200 мм дейін лабиринтті бунақтары бар қақпалар, сақиналар – толық токарлық өңдеу. 
7. Жонғыш бұрамалардың түзетушілері – толық токарлық өңдеу. 
8. Дөңгелек плашкалар – бұраманы кесе отырып, токарлық өңдеу.
9. Фигуралық тұтқалар мен тұтқа саптар – толық токарлық өңдеу. 
10. Фланецтер, маховиктер, шкивтер – толық токарлық өңдеу. 
11. Барлық түрдегі фрезалар, ұңғылар, үңгілер – токарлық өңдеу. 
12. Барлық өлшемдегі футоркалар, тік үштіктер, ауыспалы бұрыштықтар – толық токарлық өңдеу.
13. Қысатын және станокқа құлап тұратын цангалар – ажарлауға арналаған әдіппен токарлық өңдеу. 
14. Радиусы 100 мм дейін шарлар және шар бірікпелері – шаблон бойынша қайрау және жону. 
15. Цилиндрлік тістегершіктер, диаметрі 500 мм дейін тегіс және сына белдікті беріліске арналған, диаметрі 300 мм дейін конустық және бұрамдық шкивтер – толық токарлық өңдеу. 
16. Конустық штифттер – толық токарлық өңдеу. 
17. Құбырлдарды біріктіруге арналған штуцерлер – бұраманы қайрау, қысқарта кесу, бұрғылау, жону, кесу


-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Токарь станогында цилиндр үлгісіндегі, конус үлгісіндегі, фасонды бөлшектерді жону (15.03 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт