Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Уроки  /  Прочее  /  Тимбилдинг немесе 1+1=5

Тимбилдинг немесе 1+1=5

Жас ұстаздармен жүргізілген ағартушылық-профилактикалық жұмыс

05.03.2018

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Тимбилдинг немесе 1+1=5»

Мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру , ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру

Міндеттері:

  • ойын барысында жағымды атмосфера құру, ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру

  • біртұтас команда моделін қалыптастыру: топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау,топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі мен пікірін ескере отырып бірыңғай ұжымдық ережелерді қабылдау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету

  • ойын арқылы түзету: шамадан тыс эмоционалдық стрессті төмендету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою, қарым-қатынасты реттеу

Күтілетін нәтиже: бірін-бірі қолдауға дайын, біртұтас команда құрылады;

командалық ортақ пікір, тиімді қарым-қатынас, өзара

сенім қалыптасады

Жұмыс түрі: іскерлік ойын

Пайдаланылған әдістер: ойын элементтері, психотехникалық жаттығулар

Қолданылатын құралдар: түрлі-түсті ленталар, қағаздар, қарындаштар

Аудитория: жас ұстаздар мен тәлімгерлер, 15 ұстаз

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Стиккерлерге тренингтік есім жазып ілу. Сәлемдесу: «Түрлі-түсті көңіл-күй». /5минут/

Мақсаты: жағымды эмоционалдық көңіл-күй қалыптастыру, өзгені қабылдау, қолдау, педагогтың ішкі психикалық күшін дамыту, кәсіби сана-сезімді кеңейту

Шарты: ойынға қатысушылар үстел үстіндегі түрлі-түсті ленталардан өзіне ұнағанын таңдап алады. Келесі, сол лента түсіне сәйкес әр қатысушы шеңбер бойымен сәлемдесіп, көңіл-күйін өлең, ән, қара сөзбен сипаттайды да, келесі адамның лентасына байлайды. Лентадан шеңбер түзіледі.

ІІ. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. /2минут/

Рақмет. Сонымен біз лента арқылы түрлі-түсті шеңбер түздік, қараңыздаршы ол лента қандай әр түрлі болса, бізде сондай әр түрліміз. Яғни өмірде біз әр түрлі рөл атқарамыз, біз анамыз, баламыз, жармыз, әпкеміз, ағамыз және біз ұжымда ұстазбыз. Біз бір ұжымда еңбек етеміз. Қазіргі жаңартылған білім мазмұны міндеттерінің бірі ұжымда бірлесе, одақтаса еңбек ете отырып жеке тұлға қалыптастыру екендігін ескерсек, сол ұжымдық ортақ мақсатпен мүддеге бағытталған іс-әрекеттерді дамытушы «Тимбилдинг немесе 1+1=5» атты іскерлік ойынына қош келдіңіздер деймін! «Тим» ағылшын тілінен аударғанда – «команда», «билдинг» - «құру» деген мағына береді. Яғни, «команда құру» деген мағына береді, бүгін сіздер, жас ұстаздар және олардың тәлімгер ұстаздары, команда құра отырып, ұжымдық ойынға қатысасыздар!

  1. Ереже қабылдау

  • Белсенді болу

  • Қолдау, өзара сыйластық

  • Шынайылылық

  • Қатысушының жеке басын емес, оның сөзі мен іс-әрекетін ғана бағалау

  1. Жаттығу: «Достық шеңбері» /5 минут/

Мақсаты: ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру, топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, шамадан тыс эмоционалдық стрессті төмендету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою

Шарты: лентаны шеңбер бойында бір-бірімен қол ұстап тұрып, әр

қатысушы қолдарын үзбей лентадан өтеді.

Жаттығуды талқылау: Жаттығу сәтті орындалды ма? Жаттығу барысында команда болу үшін қандай әрекет қажет болды? Команда бола алдық па? Сәтті команда болу үшін қандай қасиет қажет деп ойлайсыздар? Қолдауды сезіне алдыңыздар ма?

  1. Жаттығу: «Шеңбердегі фигуралар» /5 минут/

Мақсаты: топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі мен пікірін ескере отырып бірыңғай ұжымдық ережелерді қабылдау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету

Шарты: лентаны ұстап тұрып, шеңбер бойында көздерін жұмып,

психолог берген нұсқауды орындайды. Шеңбер бойымен: үшбұрыш,

төрбұрыш, шаршы, доғал, сегізбұрыш жасайды. Жаттығудың шарты қашан дұрыс жасалғанша жалғасады.



Жаттығуды талқылау: Жаттығу сәтті орындалды ма? Жаттығу барысында команда болу үшін қандай әрекет қажет болды?Команда бола алдық па? Сәтті команда болу үшін қандай қасиет қажет деп ойлайсыздар? Қолдауды сезіне алдыңыздар ма?

  1. Жаттығу: «Ұжымдық санамақ» /5 минут/

Мақсаты: топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету, конструктивті қарым-қатынасқа кедергі келтіретін әрекеттерді жою,қарым-қатынасты реттеу

Шарты: шеңбер бойымен отырады, психолог әр түрлі сандар, мысалы: 3,4,5,6 деп айтады. Сол кезде, үш десе үш адам орынынан тұрады, егер төрт адам тұрса, ол қате болып саналады. Жаттығудың шарты қашан дұрыс жасалғанша жалғасады.

Жаттығуды талқылау: Жаттығу сәтті орындалды ма? Жаттығу барысында команда болу үшін қандай әрекет қажет болды?Команда бола алдық па? Сәтті команда болу үшін қандай қасиет қажет деп ойлайсыздар? Қолдауды сезіне алдыңыздар ма?

  1. Сергіту массажы: «Керуен» /3минут/

Мақсаты: сергіту , шамадан тыс эмоционалдық стрессті төмендету

Шарты: бұл массаж жиынтығы арқаға арналған, қатысушылар бір-біріне арқасын беріп тұрады.

-шөл далада керуен келе жатыр. /Саусақтарымызда айқастырып, жұдырықпен бір-біріміздің арқамызға керуен қадамын жасаймыз/

-керуен басындаы түйеде АХ патша келе жатыр. /Жұдырықпен арқаны «АХ» деп айта отырып, қатты сипалаймыз/

-Келесі түйеде Сұлу да сымбатты Ох ханшайым келе жатыр./ Жұдырықпен арқаны «ОХ» деп айта отырып, жай сипалаймыз/

-Ал олардың соңынан ханшайымның сүйікті иті ИХ-ИХ жүгіріп келеді.





  1. Жаттығу: «Телефакс». /5 минут/

  2. Кері байланыс. Рефлексия: «1+1=5». /5 минут/

  3. Қоштасу ритуалы.





-80%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тимбилдинг немесе 1+1=5 (49.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт