Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Т.Е.
Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы
достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады.Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел.Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.Қазақстан біздің достық үйіміз, ал №4 орта мектеп білім үйіміз.
Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық. Бұл ойын 5 кезеңнен тұрады.
Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:
1.
2.
3.
Топтар өздерін таныстырады: І топ «Шырақ», ІІ топ «Тапқырлар».
Бірінші кезең «Сөз тапқанға».Қазір сендер әріптер аласыңдар.Әр топқа сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек.Жауап шапшаң болуы тиіс.
І топ сұрақтары. Ө,Қ, Т.
1. Бүгін қандай күн?
2.Сен қайда тұрасың?
3.Жазда қайда болдың?
4.Нені жақсы көресің?
5.Сыныбыңда қанша оқушы бар?
6.Қай пән ұнайды?
7.Досың көп пе?
8.Сенің сүйікті ақының?
9.Немен саяхат жасайсың?
ІІ топ сұрақтары. Ә,Ғ, С.
1.Сенің калаң қандай?
2.Кім болғың келеді?
3.Нені ұнатасың?
4.Қандай құсты білесің?
5.Қандай фильм көрдің?
6.Жақсы көретін күнің?
7.Қыс мезгілі ұнай ма?
8.Сенің сүйіп оқитын жазушың?
9.Саған қандай тағам ұнайды?
Екінші кезең «Білімпаздар» сөзі беріледі.Бұл сөзден 1 минутта бірнеше сөз құрау.
Үшінші кезең «Қызықты ұйқастар».
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
Ітоп:
1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).
2.Число-сан, кровь- ...(қан).
3.Молоко-сут, жди-… (күт).
4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).
5.Таможня- кеден, пол-...(еден).
ІІ топ:
1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).
3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).
4.Город- қала, ребенок- …(бала).
5.Игра-ойын, шея-…(мойын).
Төртінші кезең «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.
І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,
доп, сызғыш, гүл.
ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, себет, үзіліс, қоян, сурет, пойыз,
сабақ, маймыл,қолшатыр.
Бесінші кезең «Тіл- өнер»
І топ:
1.Ең тәтті де тіл,... (ең ащы да тіл).
2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).
3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).
4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба).
5.Тіл- қылыштан ...(да өткір).
6.Отан ...(оттан да ыстық).
ІІ топ:
1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ).
2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).
3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі).
4.Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз).
5.Жақсы жолдас- жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік).
6.Өнер алды- ...(қызыл тіл
Бүгінігі сайысымыз аяқталды,
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын (21.79 KB)

