Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Мероприятия  /  8 класс  /  Тіл -менің тірлігімнің тірегі

Тіл -менің тірлігімнің тірегі

Познавательный урок приурочен к 22-сентября Дню языков народов Казахстана

06.12.2016

Содержимое разработки


Тілім – менің тірлігімнің тірегі

8 –сыныптарға арналған 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне байланысты өткізілген онкүндік аясында бағдарланған танымдық-ақпараттық сабағының

Ж О С П А Р Ы


Мақсаты: оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға тәрбиелеу;

-жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру арқылы халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген құрметін арттыру;

-ана тілін терең меңгеруге деген құштарлықтарын арттыру,ана тілінің кең қанат жаюына үлес қосуға, оны мақтан тұтуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: компьютер, мультимедиялық жүйе, презентация «22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні»,үлестірмелі материалдар.


Өту барысы: 1. Кіріспе сөз.

2. Презентация бойынша әңгіме.

3. Оқушылармен пікірлесу

4. Ойындар: «Көңілді аудармашы»,

«Мақалды жалғастыр»

5. Қорытындылау.


1.Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан атамыздың: «Жан көріністерінің ең қымбаты– ой, ой тілі –сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны...» деген сөзі дәлел деуге болады.

Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4-ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген.

Біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе?


-Енді осы тіл туралы презентацияны тамашалайық.

- Ал,балалар, енді сендердің тіл туралы, тіл мерекесі туралы пікірлеріңді тыңдайық.


1.Айдана:

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 

  • Өте орынды тақпағың, рахмет.

2.Абай:

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.

  • Бұл да өте жақсы пікір,рахмет Абай.

3. Гүлдана «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы», Мұхтар Шаханов

Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам, 
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын, 
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Сан түрлі тіл меңгереміз, айдындап ой қарқыны.
Ал ғаламдық ортақ тілсіз-
Бірлік –гүлсіз, сенім –нұрсыз, 
Бірақ ана тіліңе оның түспеу керек салқыны.
Бұл табиғи жолдан айну қырсық қаупін өсірер.
Тарихың тұр санаңа өткел тастап, 
Өз тіліңе ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің, 
Өз анаңды менсінбедің
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол –рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық?
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?..
Мейлі он тіл, 
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.


  • Сонымен, кезек ойындарға да келіп жетті. (Үлестірме материалдар таратылады) Тапсырма алған оқушы сөздерді дұрыс аударып айтуы керек.



«Көңілді аудармашы » ойыны

Число- кровь- ...

Молоко- жди-

Человек – шаг-

Таможня- пол-

Рыба- народ-

Дверь- колыбель-

Город- ребенок

Игра- шея-

«Мақалды жалғастыр»

1. Тіл тас жарады,

2. Дәлелсіз сөз …

3. Ине көзінен сынады, ...

4. Піл көтермегенді, ...

5. Сөз тапқанға ...

6. Жеті жұрттың тілін біл,

7. Шебердің қолы ортақ, ...

8. Қаһарлы сөз ...

9. Бас кеспек болса да, ...

10. Жыланның уы тісінде,

12. Тауды, тасты жел бұзар, ...

13. Жақсы сөз ...

14. Жақсы байқап сөйлер, ...

15. Тіл қылыштан ...

16. Ана сүті бой өсіреді,

17. Жыланның уы тісінде,

18. Көре-көре көсем боларсың

19. Тілден артық ...

20. Сүңгі жарасы бітер, ...



Қорыта айтқанда, «Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмейік » - деп Абылай хан айтып кеткендей, ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық! Бiлiм мен ғылымның, экономиканың, бизнестiң, саясаттың, жалпы бәсекелестiктiң қарыштап дамып отырған бүгiнгiдей жақандану кезеңiнде Елбасы көрегендiк танытып, алдымызға үш тiлдi бiлу қажеттiгiн қойып отыр. Әсiресе, өскелең ұрпақтың жастар алдында бiрнеше тiл бiлу мiндетi тұр. Олай болса, бүгiнгi Қазақстан азаматтарының парызы - «өзге тiлдiң бәрiн меңгерiп, мемлекеттiк тiлдi құрметтеу» деп бiлемiн!











-80%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тіл -менің тірлігімнің тірегі (75.51 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт