Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Разное  /  6 класс  /  Тіл көрнекілігі

Тіл көрнекілігі

Тіл көрнекілігі туралы айтылады. Тіл көрнекілігі дегеніміз не, оған қандай көрнекіліктер жатады.

01.11.2018

Содержимое разработки



Сабақтың тақырыбы: Тіл көрнекілігі.Сөзге ерекше өң беретін тілдің көркемдегіш құралдары(теңеу, эпитет, метафора, метонимия)
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Сөзге ерекше өң беретін құралдардың түрлерімен таныстыру ;
ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру;
б) тәрбиелік: сөздердің көркемдегіш құралдарын пайдалана отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі:
Сабақтың әдісі: лекция, сұрақ-жауап, талдау
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекіліктер: кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу
Ә) Сабаққа даярлықтарын тексеру, тіл дамыту
ІІ. Үй тапсырмасын немесе өткен сабақтан жазған материалдары бойынша сұрақтар қою
ІІІ. Жаңа саба

Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Тіл, әрине, жалпы ұғым. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, әдеп-әркен тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоқыстары да бар.

         Көркем тіл, образды сөздерді білу тек жазушылар үшін ғана керек емес, әрбір сауатты адамның бәріне керекті. Өйткені әрбір адам өзінің ой-сезімін басқаларға білдіру үшін барынша көркем сөздерді қолдануға тырысады. Ол – табиғи нәрсе. Сондықтан оны түсіну, білу әр адамның өзі үшін керек.

         Жазушылар адам образын да, көркем сюжетті де, жеке адамға тән мінезді де, күйініш-сүйінішті де, табиғаттың әдемі көріністерін де көркем тіл арқылы жасайды. Тілсіз көркем шығарма жоқ. Тілге мән бермеу не оны білмеушілік әдебиеттің даму процесіне де көп кеселдік келтіруі мүмкін. «Жылтырағанның бәрі алтын емес». Жақсының жаманнан, асылды жасықтан айыру үшін әдебиетші, сыншылар көркем тілді өздері жақсы біліп, толық меңгеруі – басты шарттардың бірі. Міне, осылардың бәрі де көркем тілді кең зерттеп, терең түсінуімізді қажет етеді.

Төлен Әбдіковтің шығармаларындағы көркемдегіш құралдар.

          Көптеген жазушылардың жазу практикасына қарағанда, олардың біразы маңызды тақырып көтеріп, оқиғаны қоюлатуға және тартымды баяндауға қабілетті болады да, көркемдік шеберлігі одан біршама қалыстау болып жатады. Енді біреулері, керісінше, азды-көпті деректі көркем ой елегінен өткізіп, сөзді нәрімен сұлуландыра қолдану жағынан оқырмандардың назарын өзіне еріксіз аударып отырады.

          Төлен Әдбіков – прозашы, драматург, аудармашы. Оның үлкенді-кішілі көркем шығармаларындағыдай, әдеби туындылардың тіліне қатысты ой-тұжырымдары оқырмандарға барынша түсінікті болып келеді. Осындай әдеби туындыларына тән келесі ерекшелік – оның көп стильдігі. Мұның мәнісі көркем әдебиет шығармаларында басқа функциональдық стильдердің элементтері кездесіп отырады деген сөз. Қандай да көркем туындының (әсіресе, прозаның) көп кейіпкерлерден, оқиғалардан тұратындығын ескерсек, тілдік құралдардың да көп түрі пайдаланылатыны белгілі. Айталық, шығарма кейіпкерлерінің сөйлесіп, тіл қатысуы көп жағдайда ауызекі сөйлеу стилін еске салады.

          Төлен Әбдіков шығармаларында жиі пайдаланылатын көркем әдебиет тілінің тағы бір ерекшелігі – бейнелеу. Тілінің осындай бейнелі болып келуінің арқасында, сөздің көп мағыналық қасиеттерін әр қырына шеберлікпен жұмсаудың нәтижесінде жазушы қаламынан туған шығарма көркем деп аталады. Ал көркем әдебиет үшін әрбір сөздің, сөз тіркесінің және сөйлемнің былайғы оқырмандар байқай бермейтін мағынасын аша білу, сөз мағынасының «күнгейі мен көлеңкесін» айыра білу ерекше роль атқарады. Сондықтан да Төлен Әбдіков өз шығармаларының көркемдігі үшін тіліміздегі троптардың, фигуралардың еркін де жан-жақты қолдана білген.

Жазушының кейіпкер тілін жасаудағы шеберлігі, ең алдымен, бәрін бір қалыптан шыққандай етіп боямаламай, ауыл адамдарын өзіне тән ерекшелігімен сөйлете білгендігінде, әркімнің өз үнін оқушыға табиғи қалпында естірте білгендігінде, әркімнің «бойына шақтап тон піше» білетіндігінде. Автор осы мақсатта тіліміздің сөздік құрамын, фразеологиясын, фонетикалық бояуын, синтаксистік амалдарын кеңінен пайдаланады. Ал кейіпкерлердің рухани дәрежесіне, қоғамда алатын орнына, тартыстың сипатына байланысты сөздің алуан жарқылын орнымен пайдалану сәттері жазушы шеберлігін айқын танытып отыр.

          Жазушы қаламынан туған қайталамалар үйіп-төгіліп жұмсалуы арқылы кейіпкердің бет-бейнесін немесе сан алуан әрекеттерін әр қырынан таныту мақсатында оқырманның алдына айқын сурет тәрізді жайып салады. Былайша айтқанда, қаламгердің шығармаларындағы қайталамалардың бір маңызды жағы – оның суреттеудегі көрнекілік мәнге ие болатындығы. Мұндай қайталамалар сөздің мағыналарына астар, түрлі рең берулері арқасында неше алуан теңеулер ыңғайында да, метафора, синекдоха, метонимия ретінде де қолданылып отырады.

          Жазушы Төлен Әбдіковтің өз әріптестерінен ең басты ерекшеліктерінің бірі – қалың қауымға барынша түсінікті және әдеби нормадағы сөздерді пайдаланады. Екінші сөзбен айтқанда, оның туындыларында оқырманның күдігін тудыратын сөздер мен сөз тіркестері ұшыраспайды десе де болады. Егер суреткердің сөз қолдану тәжірбиесін ой елегінен байыппен өткізер болсақ, аз да болса диалектілік сипаттағы немесе баршамыз түсіне бермейтіндері кездесіп қалады. Бұл, әлбетте, автордың аңқаулығынан немесе  сөзге деген жауапкершілігінің төмендеуінен деуге әсте болмайды. Керісінше, жазушы мұндай жағдайда да әр түрлілікті басты нысана етсе керек.

1. Метафора

   Метафораны жасау немесе жасай алмау бұл ойлаушы, сөйлеуші адамды сипаттайтын критерийлердің бірі ретінде танылады. Зерттеушілер сөзімен айтқанда, метафора әлемнің жеке тілдік көрінісін бейнелейді, себебі индивидуальдылық жеке адамның белгілі тілдік құралдарды таңдауына байланысты, яғни әр адамға, сөз суретшісіне, арнайы тек соған ғана тән қасиет бар.[1]

   Қазіргі кезде ғылыми парадигманың ауысуына байланысты, яғни өзінің дүниетанымы мен санасы бар адам орталығындағы тілдің “жансыз” жүйесіне қарсы тұрған, метафораға деген көзқарас қауырт өзгеріп, қызығушылық арта түсті.

          Ғалымдардың пайымдауынша, ойлау қабілетінің арқасында метафораларды күннен күнге жандандырады. Егер метафораны мағына ойыны ретінде қарастырсақ, ол (метафора) белгілі бір мағынаның көмегімен оған арналмаған басқа мағынаны жеткізеді. Бұл айтылған қасиет метафораның бір құбылыс арқылы басқа мағына білдіруі – адамның ассоциативті ойлауына негізделеді.

   Сөз жасауда, сөздік қорды байытуда мағына өзгерушілігі жетекші орын алады. Жаңа мағына жасау тілдегі бар материалдардың негізінде болса да, екінші жағынан, сол жаңа мағынаны көрсету мұқтаждығы сол сөздің мағынасының дамуына, сол сөзден жаңа сөз жасауға себепкер болады.

Сөздің мағынасының өзгеруіне әсіресе ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарынан өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мүмкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде қолданылып келе жатқан байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға сондай әсер етуі ықтимал.        

Мысалдар:

1. « - Қоян  жылы азғантай малымыз қырылып қалды да, туыстары сағалап, жер аяғы құрғасымен Жылындыға көшіп кеттік, - деп бастар еді көп әңгімесінің бірін». ("Әке” повесі, 8 бет). Мұндағы метафора «жер аяғы» автордың тілдің ерекше  философиялық белгілеріне тән ойлау қабілетін танытып отыр. Философиялық ойлау мен көркем шығармашылық адамның айналасындағы дүниені танумен байланысты. Автор қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстар өзгешелігімен оқырман қауымға әсерлі болып отыр.

2.      «Е, е, заманның беті жаман боп барады». (“Әке” повесі, 9 бет). Берілген мысалдағы метафора «заманның беті». Мұнда жазушы  сол кездегі дәуірдің, заманның көрінісін беті деген сөзбен сомдаған. Бұл жерде нақтылай кететін фактор сөздің жаңа мағынаға ие болуы емес, оның белгілі бір жағдаятқа байланысты мәнмәтінде жаңа қолданысқа түсуі.

2 Теңеу

         Жазушының бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін, ол нәрсенің өзгешелік белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып та суреттей алады. Бұл салыстыруды теңеу деп атайды. Теңеудің өзіне тән ерекшелігі – белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге салыстыру арқылы көзге елсетету.[1]

         Қай теңеуді алмайық, суреттеліп отырған нәрсені не құбылысты тура біздің көз алдымызға әкеліп, олар туралы дәл, нақты ұғым қалыптастырады. Бұл ретте теңеу белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, шығармадағы авторлық идеяға қолма-қол көркемдікшешім тауып тұрғандай.

Мысалдар:

1.      «Қыста мойылдай қап-қара, атақты бәйге қарақасқасын, ал жер қайырысымен жұмыртқадай аппақ жорғасын мінетін». Осы сөйлемдегі «мойылдай» және «жұмыртқадай» деген сөздер теңеу ретінде қолданылып тұр. Себебі: 1) –дай деген жұрнақ арқылы жасалып тұр; 2) Ахмет Байтұрсыновтың тұжырымдамасы бойынша: «Теңеу, көріктеу, нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанымен, нәрсенің бейнесін суреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз» дегендей, осы сөйлемдегі теңеулер белгісіз затты белгілі затқа айналдырып, сөйлемдегі авторлық идеяға қолма-қол көркемдегіш шешім тауып қолданылған. («Әке» повесі, 9 бет)

2.      «Жапағы құлағы қалқиған, қалақтай, мұртты қара екен». Осы сөйлемдегі «қалақтай» деген сөз – теңеу. Өйткені: 1) – тай деген жұрнақ арқылы жасалған; 2) Бұл теңеу – көркемдік заңдылыққа бағындырылған ажарлаудың белгісі. («Әке» повесі, 18 бет)

3.Эпитет

         Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ал көркем тілдердің түрлері сан алуан. Олар өмір құбылысын сурет арқылы көзге елестету міндетін қойса, өз мағынасында қолданылатын сөздерге ол міндеттер қойылмайды. Солардың бірі – эпитет.

         Эпитет ең алдымен өмір құбылысын сурет арқылы көрсететін көркем сөздер саналалы және әдеби шығармаларда жиі кездеседі. Басқа тілдердегі тәрізді, қазақ тіліндегі эпитеттер де негізінде сын есім арқылы анықтауыш, т.б. жолдармен де жасалынады. Сосынғы бір түрі - көсемше мен өткен шақтық есімше. Сөйлемнің мүшесі жағынан көпшілігі анықтауыш, кейде толықтауыш, пысықтауыш болып келеді. Бұлар алдыңғы анықтауыш болып келетін эпитетке қарағанда, анағұрлым аз, анағұрлым сирек. Эпитеттің шығу тарихын зерттеуші дүниежүзінің ғалымдарының қайсысы болсын мейлі, эпитет поэтик тілдің кәрі замандардан бері келе жатқан адам баласының сәбилік дәуірінде өзінің ой-пікірін сурет арқылы берумен байланысты жарыққа шықты деп таныса, қазақ фольклоры да бұл пікірдің дұрыстығын растайды. Қазақтың ескі заманнан сақталынып келген фольклор нұсқауларын алсақ, эпитет, әсіресе тұрақты эпитеттерді жиі кездестіреміз.

         Ғылымдағы тың тұжырымдардың байыпты бағалануы және дәйекті дәлелденуінің бір негізі эпитеттерге байланысты болып келетіні, көркем дүниелерімізден соны танудың жолдарын түсіндіретін ізденістер барлығына көз жеткізе түстік. Соның енді бірі – академик З. Ахметовтің еңбегі. Ғалымның жалпы рухани мұрамыздың сөз кестесі мен тіл өрнегіне қатысты байыпты пікірлері ғылымда қуатталып, көркем шығармалардың поэтикалық тілдік ерекшеліктеріне қатысты тексерулерде орынды аталып жүр. З. Ахметовтің еңбегінде эпитетке қатысты мынадай пікір айтылады: «Көркем шығармада белгілі бір ұғымға үнемі қатарласып айтылатын тұрақты эпитеттер көп кездесетіні белгілі. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес».

Мысалдар:

1.  «Шаңы бұрқылдаған, қуықтай тар көше бойымен малта тастарға шоқалақтап, ағаш көпірден өтіп, поселканың сыртына шықтық». Осы сөйлемде малта деген сөз эпитет болып қолданылып тұр. Өйткені тастың ерекше бір сипатын, сапасын көретеді. Яғни тасты ерекшелеп, ажарлай түсу үшін «малта» деген көркем сөз үстемелей қосылады.(«Оралу» повесі, 65 бет)

2. «Рульге сәл еңкейе түсіп, екі жағына ақ түбіт боз өскен тастақ жолға селсоқ қарап, үнсіз отыр». Сөйлемде түбіт деген сөздің сапасын анықтау үшін қолданылған. Қолданылуы бойынша, эпитеттің бұл үлгілері көп те, орынды да, ол өз алдына.(«Оралу» повесі, 65 бет).

4.Метонимия.

         Метонимия (гр. 'метонyміа' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады. Мысалы, Абай “Үйі мәз боп қой сойды, Сүйіншіге шапқанға” дегенде сүйінші сұраған жандардың баспанасын емес, адамдарын айтады. Тілімізде мифологиялық метонимиялар да кездеседі: Парнас – поэзия мен музыка мекендейтін тау аты, Пегас – Зевстің қанатты тұлпары, ақындарды рухтандырушы. Метонимия тілге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына үстейді немесе оның қолдану аясын кеңейтеді. Метонимияда әдет-ғұрыпқа, діни ұғымға байланысты сөздер алғашқы атауымен айтылмай, басқа сөздермен ауыстырылады (табу, эвфемизм): Тетелес, Шырайлым, ит-құс, жан тапсырды, қолды болды, т.б. Метонимия заттар мен құбылыстар атауын нақты мағынадағы байланысына қарай алмастырады. Метонимия мен оның бір түрі меңзеудің арақатынасын білу аса маңызды, жалпының орнына жалқыны немесе бөлшегі арқылы бүтінді тану меңзеуге жатса, басқа ауыстырулар метонимия бола алады.

Мысалдар:

1. «- Ойға барып кел, Қапсаттардың үй ішінің амандығын біл».(“Әке” повесі, 11 бет). Бұл мысалда үй ішінің  деген метонимия болып тұр.Бұл жерде үйдің өзі емес, сол үйде тұратын адамдар екені өзінен-өзі түсінікті.

2. «Талып барып, ұйықтап кетсем керек, таңертеңгі шайды алдыға алып жатқан кезде тұрдым». (“Әке” повесі, 12 бет).Бұл берілген мысалда «алдыға алып» деген метонимия. Ол шайды ішіп жатқан деген мағынаны үстеп тұр. Автор бұл жердегі ойындағы бірер сөзді айтпай-ақ, ол сөзді екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жіберген.

.Сабақты бекіту.

  • Метафора дегеніміз не?

  • Эпитет дегеніміз не?

  • Теңеу дегеніміз

  • Метонимия дегеніміз не?- деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймын.



-75%
Курсы повышения квалификации

Журналист и его профессия

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тіл көрнекілігі (30.78 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели