Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 6"а"
Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыға координаталық жазықтық терминін ұғындыру, координаталық жазықтықта нүкте салуға баулу
ә) дамытушылық: Ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, координаталық жазықтықтың күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру, танымдық қабілетін арттыру
б) тәрбиелік: Оқушыларды дәптерге таза сызуға, ұқыптылыққа баулу. Есте сақтау қабілетін дамытуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Көрнекі құрал-жабдықтар: үлестірме материалдар, проектор
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген №1137 есеп пен қосымша тапсырманың (№1 тапсырма қарлығаш пен №2 тапсырма тасбақаның бейнесі) орындалуын тексеру.
3. Өткен тақырыпты қайталау:
Рене Декарт (1596-1650) француз философы, математик. Декарттың мақсаты табиғатты математикалық заңдылықтар арқылы суреттеу болатын. Координаталық жазықтықты автор атымен Декарттық координаталық жазықтығы деп атайды.
Координаталық жүйенің қолданылуын оқушылардан сұрау, содан соң презентация бойынша мысалдар келтіру.
Оқулықпен жұмыс №1143, №1145 есептерін шығару

Қосымша тапсырмалар
Берілген нүктелерді тізбектей қосып отырып фигураларды анықтау.
№1 тапсырма
1) (2; 7), (0; 5), (- 2; 7), (0; 8), (2; 7), (- 4; - 3), (4; 0), (11; - 2), (9; - 2), (11; - 3), (9; - 3), (5; - 7), (- 4; - 3).
2) Тұмсық: (- 4; 8), (- 2; 7), (- 4; 6).
3) Қанат: (1; - 3), (4; - 2), (7; - 3), (4; - 5), (1; - 3).
4) Көз: (0; 7).
№2 тапсырма
(1; 7), (3; 8), (5; 8), (5; 7), (4; 5), (4; 4), (10; 4), (11; 5), (11; 3), (10; 1), (3; 1), (2;2), (2;4), (3;5), (4;7), (1;7).
Көз: (3; 7,5)
№3 тапсырма
(2; 2), (3; 1), (3; -1), (2; 0), (1; -1), (1; - 2), (0; - 1), (- 1; -2), (- 1; -1), (-2; 0),(- 2; 2), (-3; 2), (- 2; 3), (- 1; 2), (- 1; 1), (1; 1), (2; 2),
Көз: (-2; 2,5)
№4 тапсырма
(4; 4), (- 4; 4), (- 1; 5), (- 1; 6), (1; 6), (1; 5), (4; 4), (4; 3), (5; -2), (4; - 4), (3; - 5), (-3; - 5), (-4; - 4), (-7; 2), (-4; 3), (-4; 4), (4; 4), (6; 5), (7; 1), (5; - 2) .
Жауаптар:
№1 тапсырма Аққу

№2 тапсырма Үйрек

№3 тапсырма Балапан

№4 тапсырма Шәугім

Шығармашылық тапсырма
Берілген координаталарды қажеттінің таңдап алып, суретті толықтырыңдар:
1) (2; - 3), (2; - 2), (4; - 2), (4; - 1), (3; 1), (2; 1), (1; 2), (0; 0), (- 3; 2), (- 4; 5), (0; 8), (2; 7), (6; 7),
(8; 8), (10; 6), (10; 2), (7; 0), (6; 2), (6; - 2), (5; - 3), (2; - 3).
2) (4; - 3), (4; - 5), (3; - 9), (0; - 8), (1; - 5), (1; - 4), (0; - 4), (0; - 9), (- 3; - 9), (- 3; - 3), (- 7; - 3),
(- 7; - 7), (- 8; - 7), (- 8; - 8), (- 11; - 8), (- 10; - 4), (- 11; - 1), (- 14; - 3), (- 12; - 1), (- 11;2), (- 8;4), (- 4;5).
3) Көздері: (2; 4), (6; 4).
Жауабы: 
Сабақты қорытындылау
Сұрақтарға жазбаша жауап беру
1) Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?
2) Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
3) Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
4) Координаталық жазықтық деген не?
5) Координаталық жазықтықта неше ширек бар
6) Ох осінің аталуы
7) Оу осінің аталуы
8) Санақ басының координаталарын ата
9) А(-3; 5) нүктесі қай ширекте орналасқан?
10) А(0; 6), В(-5; 0), С(5; -9), D(-9; 0), Е(12; -23), F(0; -11) нүктелерінің қайсысы Ох, Оу осьтерінің бойында жатыр?
Жауаптары:
1) 4 бұрыш
2) жазықтықта тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер
3) жазықтықта қиылыспайтын түзулер
4) Тік бұрышты координаталар жүйесі орналасқан жазықтық.
5) 4 ширек
6) абсцисса
7) ордината
8) О(0; 0)
9) ІІ ширек
10) Ох осінде В(-5; 0), D(-9; 0) нүктелері, Оу осінде А(0; 6), F(0; -11) нүктелері орналасқан.
Үйге тапсырма: №1146, №1147 есептерін шығару. Координаталық жазықтықта дененің бейнесін салып, координатасын жазып келу.
Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.
Бағалау парағы
| № | Үй тапсырмасы №1137 – 3 балл Сурет – 5 балл | Сұрақтарға жауап 5 балл | №1143 3 балл | №1145 3 балл | Тапсырма 10 балл | Суретті аяқтау 15 балл | Қорытындылау сұрақтары 10 балл | Жалпы балл | Бағалау «5» - 40-54 «4» - 20-39 «3» - 8-19 |
| Балдары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|


Тiкбурышты координаталар жуйесi (15.43 MB)

