Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Сынып: 6 | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі | ||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.1.1 координаталық жазықтық ұғымын меңгеру; 6.3.1.2 тік бұрышты координаталар жүйесін салу. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларға: координаталық жазықтық ұғымын меңгерту; тік бұрышты координаталар жүйесін салуды үйрету. | ||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: координаталық жазықтық ұғымын біледі және түсінеді; тік бұрышты координаталар жүйесін құрады; координаталар осьтері мен басының орналасуын түсінеді, координаталық ширектердің таңбаларын біледі. | ||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: жазықтықта екі түзудің өзара орналасуын түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика мен терминология: параллель түзулер; қиылысатын түзулер; перпендикуляр түзулер; координаталық жазықтық; координаталар жүйесі; координата осьтері; жазықтықтағы нүктенің координаталары; абсцисса, ордината; координаталық жазықтықтың ширегі; симметрия; осьтік симметрия, центрлік симметрия; симметрия осі; симметрия центрі; фигура бейнесі; фигураның бастапқы бейнесі. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: өзара перпендикуляр екі түзулерді салайық. | ||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық және жеке жұмыстар арқылы оқушыларға академиялық әділдік, ынтымақтастық құндылықтарын дарыту. | ||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Перпендикуляр түзулер. Координаталық түзу. | ||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру. | ||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Перпендикуляр түзулер анықтамасы мен белгілеуі, оларды салу әдістері. Координаталық түзу бойында 0 саны О (санақ басы) нүктесімен кескінделеді. Координаталық түзудегі оң бағытты стрелкамен белгілеу қабылданған. Координаталық түзудің О нүктесінен оң бағытта оң сандар кескінделеді, сол бағытта теріс сандар кескінделеді. Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келеді. | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
0 – 2 мин 2 – 7 мин 7 – 9 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Оқушыларды жинақтау Біріккен оқу ортасын құру. Қызығушылық таныту мақсатында, оқушыларға «Сәлеметсің бе!» ерекше амандасуды ұсыныңыз. Оқушылар бір-бірімен бас бармақтарынан бастап, кезекпен саусақтарын тигізіп, былай дейді: үлкен табыс (сұқ саусақтарын); барлық жағдайларда (орташа саусақтарын); және барлық жерде (сақина саусақтарын); тілеймін! (кішкентай саусақтарын); Сәлеметсің бе! (бүкіл алақанды бір-біріне тигізеді) Ой қозғау мақсатында Жалпы сыныптық жұмыс. Практикалық тапсырмалар арқылы перпендикуляр түзулердің және координаталық түзу анықтамаларын оқушылардың есіне түсіру. №1. М және Р нүктелері арқылы l түзуіне перпендикуляр түзулер жүргізіңіз.
№2. Сурет бойынша (тікбұрышты үшбұрыш сызғышын пайдаланбай) өзара перпендикуляр түзулерді анықтаңыз. Жауапты тікбұрышты үшбұрыш сызғышпен тексеріңіз.
№3. Р мен К нүктелерінің координаталарын анықтап жазыңыз.
Осы орындалған тапсырмалар бойынша түсінік жұмысын жүргізіп, кері байланыс беріңіз. |
Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6
Қосымша 1
Слайд 4 | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 9 – 18 мин 18 – 20 мин 20 – 21 мин 21 – 24 мин 24 – 30 мин 30 – 34 мин 34 – 37 мин 37 – 38 мин
| Жаңа тақырып. Видеомен түсіндіру. Практикалық тапсырмалар. Оқушылардың өздеріне перпендикуляр координаталық түзулерді салуды, горизонталь түзуді – Ох, вертикаль түзуді – Оу және олардың қиылысу нүктесін – О деп белгілеуді ұсыныңыз, дұрыстығын қадағалаңыз. Диалог арқылы жаңа ұғымдарды түсіндіру - шыққан нәтижелерді салыстырайық; - анықтап алайық. Абсцисса осі дегеніміз .... Ордината осі - ол .... Координаталар басы деп .... Қорытынды: Координаталық жазықтықтың координаталар жүйесі берілген жазықтық екенін түсіндіру ұсынылады.)
Тікбұрышты координаталар жүйесі екі сандық жүйенің тік бұрыш жасап қиылысуынан пайда болады. Горизонталь сызылған және солдан оңға қарай бағытталған координаталық түзу абсциссалар осі деп аталады. Тік сызылған және төменнен жоғары қарай бағытталған координаталық түзу ординаталар осі деп аталады. Абциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесін координаталар басы деп атайды. Координата – объектінің орналасқан орынын анықтайтын, деректер жинағы. Координаталар осі жазықтықты 4 бұрышқа бөледі. Оларды координаталық ширектер деп атайды. Жартылай оң осьтерден құрылған ширек (үстінгі оң жақ бұрыш) (I) ширек деп саналады. Ширектерді (немесе координаталық бұрыштарды) сағат тіліне қарсы санаймыз. Көзге жаттығу жасауды ұйымдастырыңыз:
– Оқушыларға тікбұрышты координаталар жүйесін салудың критерийлерін талқылап, құрастыруды ұсыныңыз. Тікбұрышты координаталар жүйесін салудың критерийлер дескрипторы
Жаңа материал бойынша тапсырмалар: Жұптық жұмыс. Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. Әр оқушыға координаталар жүйесін құруды тапсырыңыз. Содан соң жұпта жұмыстарымен алмасып критерийлер бойынша өзара бағалауды ұсыныңыз. Жеке жұмыс. Мұғалім дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар оқиды. Дұрыс жауап оқылса оқушылар қолдарын тік жоғары көтереді, егер дұрыс емес жауап оқылса қолдарын горизонталь бағытта созады. 4. Өзара қиылыспайтын түзулер перпендикуляр деп аталады. (дұрыс емес). 5. Түзуге берілген нүктеден бір ғана перпендикуляр жүргізуге болады. ( дұрыс ). 6. Рене Декарт француз математигі және философы. ( дұрыс) 7. Вертикаль сызылған түзу абсциссалар осі деп аталады. (дұрыс емес). 8. ІV мен І ширектерде абциссасының оң мәнді болады. ( дұрыс) Оқушылар өздерінің қаншалықты дұрыс жауап бергенін ескеріп, өз түсінігін өзі бағалауды ұсыныңыз. Тест. №1. Қай ширектерде ординатаның теріс мәнді болады? A) І мен ІІ ширектерде B) ІІ мен ІІІ ширектерде C) ІІІ мен VІ ширектерде D) VІ мен І ширектерде №2. Қай шеректерде абцисса мен ординатаның таңбалары бірдей болады? A) І мен ІІІ ширектерде B) ІІ мен VІ ширектерде C) ІІІ мен VІ ширектерде D) VІ мен І ширектерде №3. Екі осьтің қиылысу нүктесін не деп аталады? A) абцисса B) ордината C) координаталар бас нүктесі D) координата №4. О (0; 0) координаталар бас нүктесі қай ширекте орналасқан A) І B) ІІ C) Абсциссалар осі мен ординаталар осінің қиылысу нүктесінде D) ІІІ, VІ №5. Тік бұрышты координаталар жүйесінің неше ширегі бар A) 3 B) 4 C) 5 D) 6 Жауаптары:
Шығармашылық тапсырма Жауабы: А(3;-3). Дескриптор: Білім алушы: координаталық жазықтық сала алады; координаталық жазықтықта нүкте орнын таба алады; координаталық жазықтықта нүктенің қозғалысын анықтай алады. Дайын жауап, дескриптор арқылы оқушылар «карусель» әдісімен бірін – бірі бағалайды. | https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/koordinatalyq-zhazyqtyq-tikburyshty-koordinatalar-zhujesi Қосымша 2 Слайд 5 Слайд 6 А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г. Слайд 7 Қосымша 3 Слайд 8 Қосымша 4 Слайд 9 Қосымша 5 Слайд 10 Қосымша 6 | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау. 1) Координаталар жүйесі қалай құрылады? 2) Горизонталь сызылған координаталық түзу қалай аталады? 3) Вертикаль сызылған координаталық түзу қалай аталады? 4) Координаталық жазықтықта неше ширек бар? Үйге тапсырма №1.
Сурет бойынша О нүктесінен M, K, P, N нүктелеріне дейін қанша торкөз солға, оңға, жоғары, төмен жылжу қажет. Рефлексия
| Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Слайд 11 | |||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақта ұсынылған тапсырмалар координаталық жазықтық ұғымын түсініп, білуге және салуға беріледі.Келесі сабаққа бастама ретінде нүктн орынын анықтауға да ұсынылады. Тапсырмалар біртіндеп күрделенген. | Жұптық, шығармашылық жұмыстарда өзара бағалау, жеке жұмыста өзін – өзі бағалау ұсынылады. | Сабақ үрдісінде оқушылар сызба жұмыстарымен жұмыстанған соң көзге жаттығу жасатыңыз. |
2