Меню
Разработки

Темекінің зияны

ата-аналармен бірлесе отырып, балалар?а зиянды заттарда? аула? болуларын ескерту

26.02.2017

Содержимое разработки

Шылымға жол жоқ















Темекі туралы жалпы түсінік

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні. Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.

Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.



Темекінің зияны

-Асқа деген тәбетті қайтарады.

-Ас қорытуды қиындатады.

-Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.

-Асқазанда жара пайда болады.

-Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.

-Тыныс алуға

-Жөтел және қақырық пайда болады.

-Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.

-Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.

-Қан айналымына

-Тамырды қатайтады (атересклероз).

-Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.

-Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.

-Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.



Темекі туралы қызықты мәліметтер

Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады;

АҚШ-та темекі шегетін әйелдер саны (22%) шылым шегетін ер адамдар санына жетіп қалды (35%). Европада айырмашылық 20 пайыздай(46 пайыз ер адамдар, 26 пайыз әйел адамдар). Статистика бойынша темекі тартатын әйелдер саны шылым шегетін ер азаматтар санынан әлдеқайда аз.

Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен.

Жылдан жылға ең танымал темекі маркаларының өнімдерінде никотин мөлшері артуда.

1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.

Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.

Күніне тартылған 20 темекі жылына 300 рет өткен флюрографиямен тең.

20 қараша – Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні.













































-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Воспитатель общежития

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Темекінің зияны (256.91 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели