Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы топ: «Ақ тиін»
Білім беру саласы:Денсаулық,Қатынас,Шығармашылық
Кіші сала: Сурет салу
Тақырыбы: Сәндік сурет «Табақты әшекейлеу» , «алма»
Мақсаты: Дөңгелекте оюдың элементтерін бейнелеуге үйрету , олардың арақашықтығын сақтауларын көрсету.
Сөздік жұмыс: ою-өрнек, гүл
| Қызмет кезеңдері | Тәрбиеші қызметі | Балалар қызметі |
| Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет |
|
|
| Ұйымдастыру-ізденушілік | Балалар оқу іс әрекеті сурет салу болғандықтан сурет жайлы тақпақтар айтады.
Бірінші суретті салмас бұрын ұжымдық жұмыс болғандықтан топтарға бөліну үшін түстерден берілген белгілерді аламыз. Балалармен « Ең шебер әшекейлеуші» сайысын өткіземіз.Бізге берілген тақырып жемістерді салатын тарелкені әшекейлеу болып тұр.Ол үшін бөлінген топ өз орындарына барып ортада тұрған дөңгелекті ашады.Сол дөңгелекте қандай затпен құралмен жұмыс жасайтыны берілген. Тәрбиеші үлгіні көрсетіп түсіндіреді, қиналған балаларға жеке көмек көрсетеді. | Балалар тәрбиешіні тыңдап, естеріне сақтайды. Дайын қағаз қаламым Бояу таңдап аламын Ақ көгершін,кең аспан Суретін біз саламыз
Балалар қайталайды Балалар жақындап топқа бөліну үшін түстерді таңдап бөлінеді.
Балалар бізге тақырып белгілі болды.Ендеше алма жайлы не білеміз. Кешегі сәби балаңыз Жарады міне қараңыз Ғылым білім жолына Енді алма саламыз.
1.топ қыл қалам мен жасайды 2.топ треферат,құлақ тазартатын мақта мен 3 топ саусақ арқылы труба арқылы жасайды
Балалар үлгіге қарап, өз беттерімен салады.Балалар суретті саудалап ата-аналарына баяндайды. |
| Жетекші-жөндеуші | Жақсы істеген балаларды мадақтайды Көрме ұйымдастырады. | Ұнаған жұмыстарын атап өтеді.Соңынан шарға өздерінің көңілдерін түсіреді. Балаларға дәрумендер беріледі. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет: Ыдыс-аяқ туралы, оларды әшекейлеген ою-өрнектерді білу
Қалыптасқан түсініктер: Тұрмыста пайдаланатын заттардың түрлерімен таныс болу
Орындаушылық қабілеті: өз беттерімен жұмыс істеу.
«Ақбота» балабақшасы
Тақырыбы: «Табақты әшекейлейміз»

Өткізген: Алмағамбет Г.С
Арқалық қаласы


Технологиялық карта (148.98 KB)

