Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Технологиялық карта

Технологиялық карта

Тақырыбы: «Түлкі мен шәркей»

Мақсаты: мүсінделетін дененің қозғалысын беру төсілін өз бетінше ізденуге бағыттау (басы төмен түскен,құйрығы көтеріңкі, аяқтары қозғалыста); балалардың 5-6 бөліктен тұратын, пішіні және көлемі бойынша әртүрлі орман жануарларын мүсіндей алу дағдыларын арттыру; ұжымда жұмыс істей алуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Халық ертегілеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, керекті құрал-жабдықтар: түрлі түсті ермексаз, ермексаз кескіш, сулық, үлестірмелі материалдар, ертегінің сюжеті.

Сөздік жұмыс: шәркей.

Билингвальді компонент: түлкі - лиса, шәркей - лапти.

25.11.2017

Содержимое разработки

Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл ОМ

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы № 18

шағын орта тобы. Тәрбиешісі Нурышова Р.С. 15.05.2017ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Мүсіндеу

Тақырыбы: «Түлкі мен шәркей»

Мақсаты: мүсінделетін дененің қозғалысын беру төсілін өз бетінше ізденуге бағыттау (басы төмен түскен,құйрығы көтеріңкі, аяқтары қозғалыста); балалардың 5-6 бөліктен тұратын, пішіні және көлемі бойынша әртүрлі орман жануарларын мүсіндей алу дағдыларын арттыру; ұжымда жұмыс істей алуға үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Халық ертегілеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, керекті құрал-жабдықтар: түрлі түсті ермексаз, ермексаз кескіш, сулық, үлестірмелі материалдар, ертегінің сюжеті.

Сөздік жұмыс: шәркей.

Билингвальді компонент: түлкі - лиса, шәркей - лапти.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс -әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог:

  • Балалар, біз сендермен бүгін «Түлкі мен шәркей» ертегісін еске аламыз.

Сөздік жұмыс: шәркей.

  • Балалар, ертегінің неден басталатынын еске түсірейікші.

Әдетте ертегілерде түлкіні қалай суреттейді? Ол қандай?

- Ол қандай қулық ойлады?

- Таңертеңгісін түлкі қатты дауыстап жылап, қояннан шәркейінің орнына тауығын беруді сұрайды.

Қоян түк те істей алмай, оған

сүйікті тауығын береді. Содан соң түлкінің ойына не келді?

- Иә, ол түнде тауығын орманға жасырып, ұйықтауға жатты.

- Ал таңертең тауығын жоқтап,

оның орнына қасқырдан сүйікті

қозысын беруді сұрайды.

- Содан соң ол кімнен үйіне түнеп

шығуды сұранды? Ол аюды қалай алдады?

- Иә, ол осындай қу аң. Содан кейін не болғаны естеріңде ме?

- Түлкі інге тығылды. Қүйрығы

інге сыймай, далада қалып қойды.

Иттер оны құйрығынан суырып алып шықты.

Балалар ертегіні естеріне түсіріп, ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Қайталайды: шәркей.

Тақтаға ілінген иллюстрация бойынша жауап береді.

- Алдымен түлкі шәркей тауып алады.

- Түлкіні қу аң ретінде сипаттайды.

- Ол қояннан үйіне

түнеп шығуды сұрайды

да, өзі түнде шәркейді

лақтырып жіберіп,

ұйықтауға жатады.

- Ол қасқырдан оның

сүйікті қозысын сұрады.

- Содан соң түлкі бүзауы

бар аюдың үйшігіне

келді. Түнде ол қойды

орманға тығып қойып,

таңертең орнына бұзауды

беруді сұрайды.

- Содан соң оның ар-

тынан иттер қуды. Ол

қорыққанынан жолда

тауықты да, қозыны да,

бұзауды да қалдырып

кетті.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Міне, біз ертегіні есімізге

түсірдік. Біз бүгін мүсіндеу

жұмысын шағын топтармен орындаймыз. Бір-біріңмен келісіп, кім қандай жануарды мүсіндейтінін анықтап алыңдар (түлкі, қоян, қасқыр, аю, ит).

- Үстелде түрлі түсті ермексаздар

түр, алдарыңдағы үлестірмелі материалда ертегі көрінісі суреттелген.

- Біз ненің қай үйде тұратынын

қалай білеміз?

- Жануарлар денесін бірнеше

бөлшектен біріктіру тәсілімен

жасаймыз. Дене бөліктерін

атаңдаршы.

- Содан соң үсақ бөлшектерімен толықтырамыз (көз, құлақ, мұрын, т.б.)

Педагог тақтаға жұмыстың орындалу реті көрсетілген плакатты іледі.

Педагог ойын түрінде

жануарлардың қозғалысын берудің мүмкіндіктерін көрсетеді: түлкінің

құйрығын көтереді, түсіреді,

аяқтарын қозғалысқа келтіреді,

басын төмен түсіреді немесе

көтереді, құлақтарын жылмитып,

қулығын көрсетеді.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Билингвальді компонент: түлкі -

лиса, шәркей - лапти.

Балалар топтарға бөлініп

отырады. Кім нені

мүсіндейтіндіктерін

келіседі (келісе алмай

жатқан жағдайда педагог

өзі белгілеп береді).





- Үйдің алдында әтеш,

қозы, бүзау бейнеленген.



- Денесі, басы, аяқтары,

құйрығы, құлағы.


Балалар қажетті матери-

алды таңдайды,

өзіне бөлінген жүмысты

мүсіндеп, үлестірмелі

материалдағы панноға,

тиісті орнына қояды.






Қайталайды: түлкі -

лиса, шәркей - лапти.

Балалар мүсіндеу

жұмысын аяқтағаннан

кейін, мүсіндерін қолдарына ұстап, ертегіні сахналап көрсетеді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардың бір-бірін

тыңдап, бірге жақсы мүсіндер

жасағанын айтып, мадақтайды.

Балалар ұжымдық жұмысты қарау кезінде өздеріне ерекше ұнаған

кейіпкерлерді атап көрсетеді, бір-бірінің жұмысын, сахналық

көріністерін бағалайды.Жұмыс соңында балалар педагогпен бірге ата-аналарға арналған көрмені ұйымдастыруға атсалысады.


Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: 5-6 бөліктен түратын, пішіні және көлемі бойынша әртүрлі орман жануарларын мүсіндейді.

Түсінеді: үжымда жүмыс істей алуды.

Қолдана алады: мүсіндеу тәсілдерін, оңу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.













-80%
Курсы повышения квалификации

Организация профилактической работы по ВИЧ-инфекции: формы и методы работы

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Технологиялық карта (21.77 KB)

Похожие файлы

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт