Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
Технологиялық картасы
Ортаңғы топ «Балдәурен»
Тәрбиеші: Ибраева А.М.
Білім беру саласы : Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Математикалық жұмбақ. Заттың саның цифрмен сәйкетсендіру . Солға, оңға.
Мақсаты: 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру. Математикалық жұмбақтарды шешуді үйерту. Заттың саның цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру. Екі топтағы заттарды сәйкестендіруге жаттықтыру. Заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен жеткізу.
(сол жақта, оң жақта, төменде,арасында ,жоғарыда)
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, демонстрациялық материал, түсіндіру.
Билингвальді компонент:солға-налево,оңға-направо
| Қызмет кезендері | Тәрбиешнің іс- әрекеті | Баланың іс -әрекеті |
| Мотивациялық- қозғаушылық | 1-тапсырма. Тәрбиеш балалардан ойыншықтардың қандай ретпен орналастырылғанын айтып беруін сұрайды. Тәрбиеш сандық және реттік санаудың бір-бірінен айырмашылығы барын балалардың есіне салады. Оған көз жеткізу үшін тапсырманы дәптерге орындауды тапсырады.
Өткенді бекіту үшін педагог екінші және төртінші ойыншықты бояуға тапсырма береді. | Балалар ойыншықтарды атап көрсетеді. Түлкі үшінші тұр. Қоян төртінші тұр. Екінші. Бақа. Бірінші. Балалар жұмыс дәптерлеріндегі аю мен қоянды бояйды. |
| Ұйымдастырушылық – ізденістік | 1-тапсырма. Тәрбиеш екі баланы тақтаға шығарып,біріне машиналарды, екіншісіне пирамидаларды санауды тапсырады. Заттарды санап болған соң, бала сол заттың санына сәйкес келетін цифрды алуы тиіс. Содан соң балалар өз цифрларын топқа көрсетеді. Ал топтагы балалар кімнің нені санағанын табуы тиіс. Бұл жаттығуды бірнеше рет өткізіп, оған сыныптағы балаларды түгел қатыстыруға болады. Пысықтау үшін балаларға дәптерден осыған ұқсас тапсырма беріледі. - Марат нені санады, Айгүл нені санады? Нақтылайды: - Сендерге балалардың қолындағы цифрлар көмектесе алады. Педагог балалар мен заттарды сызық арқылы қосуды өтінеді. 3-сурет. Алманың бір рет, екі рет тістелген, т.б суретін көрсету. - Алма бастапқыда қандай болып еді,кейін қандай болды? Тәрбиеш балаларға алмада болған өзгерістерді (оның бастапқыда қандай, кейін қандай болғанын) бағыт сызықтары арқылы көрсетуді тапсырады. 4-тапсырма. Тәрбиеш оңға қарай жүзіп бара жатқан балықтарды қызыл қарындашпен, солға қарай бара жатқандарын сарымен бояуды сүрайды. Содан соң сұрақ қояды: -Неше балық оңға жүзіп бара жатыр? -Неше балық солға жүзіп бара жатыр? Егер балалар тапсырманы тез орындаса, оң жақтағы мысықтың үстіне сұр, ал сол жақтағы мысықтың үстіне сары дақтар салуды ұсыныңыз. | Екі бала заттарды санайды және тиісті цифрды алып, топтағы балаларға көрсетеді. Айгүл камзолдарды, Марат тақияларды санады. Балалар дәптермен жұмыс істейді. Сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы дәптерге орындайды. Екі. Екі. |
| Рефлексиялық - түзетушілік | Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. Тәрбиеш балалардан сұрайды: -Бірінші тапсырмада неше ойыншықты боядыңдар? -Кім қамзолдарды санады? -Оңға жүзіп бара жатқан балықтардың түсі қандай? Тәрбиеш балаларды мадақтайды. | Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. Сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды; «солға, оңға» бағыттарын;
Түсінеді: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажыратуды, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді, оқиғаның ретін анықтауды;
Қолдана алады: реттік санау дағдысын (5 саны көлемінде); реттік сандар туралы білімді.

Технологиялык карта (20.26 KB)

