№ 3 Сабақ жоспары
Пәні: Автоматты жүйелердің техникалық құралдарының кешендері
| Топ | ТП-132/Б | ТП-121 |
| Сабақтың өткізілетін күні |
|
|
Сабақтың тақырыбы: Техникалық қамтамасыздандыру.
Сабақ түрі: теориялық
Сабақ типі: Бекіту сабағы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі термодинамикалық процестердің есептерінің түрлерін оқыту,
Тәрбиелік: Оқушыларды АЖТҚК пәнің тереңдете үйрету және студенттердің экономикалық сауаттылығын тәрбиелеу
Дамытушылық: Лекцияны тыңдауға, қойылған сұрақтарды талдауға қатыстыру, өзінің көз-қарасын дәлеледеу, қысқаша жазбаға үйрету
Оқытудың формасы мен жүйесі: Ой туғызу
Көрнекілік құралдар: компьютер, сұрақ-жауап, тірек сызбалар
ТОҚ:-
Әдебиеттер: «Автоматты жүйелердің техникалық құралдың кешендері» электронды. оқулығы
Пән аралық байланыс: Есептеу және микропроцессорлық техника, Бағдарламалау тілі
Сабақтың мазмұны мен барысы
І. Ұйымдастырушылық бөлімі: Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: IBM PC құрылысын зерттеп келу
ІІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау:
НЕГІЗГІ ЖАД ШИНАСЫ
Жад шинасы (memory bus) – процессормен оперативтік жад арасындағы байланысты орнатады. Оған шина контроллері, оперативтік жад және деректерді сақтайтын буфер кіреді. Бұл шинада екі портты жад орналасуы мүмкін. Ол контроллер жады, процессор мен ендіру/шығару (УВВ) құрылғысының талаптарына жауап беруге сәйкестеніп тұратындығын білдіреді. Екі портты жадта 64 немесе 128 разрядты деректер шинасын ұйымдастыруға болады. Жады шинасы:
Жүйелік шина – жүйе архитектурасы бойынша анықталады. Оларға ISA, PCI, EISA және олардың комбинациялары жатады.
Сигнал тоқтату контроллерлері және жадты тікелей анықтау. Жүйелік шинаға қосылған қондырғылар процессор көмегімен немесе қосылған ендіру/ шығару порты көмегімен және жад адресімен анықталуы мүмкін.
Орталық процессор кез-келген өзгерісті сигналдар көмегімен анықтайды. Оны үзу (тоқтату) сигналдары деп атайды да, ол берілгенде алғашқы орындалып жатқан операция тоқтайды да, сигналға сәйкес басқа операция орындалады. Үзу сигналдары аппараттық (сыртқы құралдарға байланысты) және бағдарламалық болып бөлінеді.
Жүйелік блокта үзу сигналдарының контроллерінің микросхемасы орналасқан, оның бірнеше кіріс сигналдарына арналған бөліктері бар. Алғашқы компьютерлерде 18259 сегіз линиялы (IRQO – IRQ7) микросхемасы қолданылды. Онан соң 15 шиналы қосымша микросхема қолданылды. Ол 15 әрекеттің кез-келген біреуіне сәйкес процессордың жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Үзу сигналдарының ММІ линиясы үлкен артықшылыққа ие болды. IRQ 0, IRQ 1, IRQ 8 – IRQ 15, IRQ 3 – IRQ7. Қазіргі ІВМ типтес компьютерлерде 7 каналды жоғары жылдамдықты деректер беру қолданылады. (ДМА0 – ДМА6).
Жүйелік үзу (Hardware Interrupts)
| Үзу сигналы | Мазмұны |
| ММІ | немесе |
Жүйелік тақшаға қосылатын құрылғылардың өзара әсерін қарастырайық. Жүйелік шина “солтүстік көпірдегі” шипсет микросхемасына орналастырған контроллердің басқаруымен жұмыс істейді. Ол контроллерлер екі интерфейстік шинадан: PСI - периферийлік компоненттері қосуға арналған және AGР жылдамдатылған графикалық порттан тұрады. PСI шинасы орталық процессорды желі платаларымен, қосымша видеоадаптерлермен ал AGР шинасы графикалық ақпаратты тікелей оперативтік жадыға беру үшін қолданылады. AGР шинасының PСI шинасына қарағанда өткізгіштік қабілеті жоғары.
PСI шинасында интерфейстік шинаға жалғастыруға арналған контроллер орналасқан. Онда: ISA- өндірістік стандартты архитектура, USВ - универсаль тізбекті шина және IEEЕ – 1394 - инженерлер институтының электротехника мен электроникадан №1394 стандартты шинасы орналасады. Баяу жылдамдықта жұмыс істейтін шиналардың жұмысын басқаратын контроллерлерді “оңтүстік көпір” деп атайды. 3,5 дюймдік дискеттің дискіқозғағышы ISA шинасына жалғастырылады. ISA шинасы USВ шинасына қарағанда баяу жұмыс істейді. Интерфейстік USВ шинасының пайда болуы компьютерлерге қосылатын басқа құрылғылардың интерфейстік шинасының стандартын өзгертуді қажет етеді.
Жаңа сабақты баяндау:
ІV. Сабақты қортындылау мен бағалау:
Жүйелік шина дегеніміз не?
PСI шинасында дегеніміз не?
Жүйелік блоктың құрылымы?
V. Сұрақтарға толық және нақты жауаптар бойынша, есептер бойынша, белсенділіктері бағаланады.
VІ. Үй тапсырмасы:
«солтүстік көпірдегі» «оңтүстік көпір» мәліметтер жазып келеміз
ПБ төрағасы ___________ К.К. Убаев
Оқытушының қолы ___________ Қ.С. Базарбаев

Техникалық қамтамасыздандыру (34.22 KB)

