Меню
Разработки
Разработки  /  Русский язык  /  Уроки  /  6 класс  /  Театр әлемі атты сабақ

Театр әлемі атты сабақ

Дайын саба? жоспары. ?дістемелік к?мек ретінде ?сынылады.

27.02.2017

Содержимое разработки



БҚО, Зеленов ауданы, Чеботарев ауылы.

Чеботарев негізгі мектебі

Қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі

Кажимова Ажар Сергалиевна





Сабақтың тақырыбы: Театр әлемі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін жүйелеу, сөздерді, сөз тіркестерді дұрыс пайдалануға үйрету, әңгімелеу білуге, лексикалық-грамматикалық тақырыптарды меңгерту.

Дамытушылық: Сұрақтарға дұрыс жауап беруге жаттықтыру, аударма жұмысына көңіл бөліп, әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы, оқушылардың оулау қабілетін дамыту, сөз қорын молайту, тіл дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,диалог, аударма жасау,топтастыру стратегиясы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Тілді жаттықтыру

Мұғалім

Балалар(хормен)

Әрбір адам?

Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ?

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің?

Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің

Шындық, бірлік, адалдық

Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.

Үй тапсырмасы: Мәтінді аудару. Сұрақтарға жауап бер.

Город Алматы – это южная столица. Это очень большой и красивый город. В Алматы есть многоэтажные дома, казахский театр драмы Ауэзова, русский театр драмы Лермонтова, кинотеатры «Арман», «Алатау», «Байконур», «Дворец культуры», торговый дом «Зангар»

Үә тапсырмасын бекіту:

-Алматыда қандай мұз айдыны бар?

- Алматы Қазақстанның қай бөлігінде жатыр?

- Спорттық жарыстар қайда өтеді?

-Алматы қандай қала?

- Орал қаласында қандай мәдени орындар бар?

Топтастыру стратегиясы бойынша тақтамен жұмыс. Мәдени орындарды ата?



Цирк

Мәдени орындар

Кино

Мұражай





Саябақ Кинотеатр театр



Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Театр әлемі» туралы болады. Театр ойын-сауық орны. Театрда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар,, мәдени шаралар өтеді. Ең алғашқы театр Грецияда ашылған.Театрдың түрлері көп: қуыршақ театры,опера-балет театры, музыкалық театр,кинотеатр, драматеатр

-Балалар, қалай ойлайсыздар театр ұйымдастыруда ең алдымен не керек?

-Театр, сахна,шымылдық, көрермен, әртістер, оркестр керек

2-тапсырма. Балалар алдымызда тұрған театрға қатысты сөздерді сәйкестендіріңіздер, ерекшеленген сөздерге фонетикалық талдау жасаңызар.

Көрермен, шымылдық сөздеріне фонетикалық талдау жасау

3-тапсырма. Мына сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңдар:

  1. Пьеса- бұл театр сахнасына қоюға арналған көркем туынды

  2. Пьеса құрылымы-диалогтан немесе монологтан тұрады.

Балалар, пьеса құрылымы диалогтан немесе монологтан құрылады. Ендеше, есімізге түсірейік, диалог дегеніміз не?

4-тапсырма. Бүгінгі тақырыпқа байланысты диалог құрастыру.

Жарайсыңдар, балалар! Қалай ойлайсыздар, театр қай кезде қызықты болады?(Оқушылар әңгімелейді)

Әрине, балалар әртістер образға еніп ойнаған кезде қойылым қызықты болады. Театр деген – өмір, сахна деген- осы іс-әрекет болып жатқан орын, әртіс деген-адамдар яғни біздер. Білесіңдер ме балалар, біз өзіміз осы өмірде қаншама рольде ойнаймыз. Мәселен, сендер отбасында қыз бен бала рөлін ойнайсыңдар, мектепте оқушы, достарыңның қасында дос рөлін ойнайсыңдар. Ендеше, балалар біз өзімізді театр әртісі ретінде сезініп көрейікші.

5-тапсырма

1-қатар

2-қатар

3-қатар

Үрейленіп тұрған сезімде айту

Қуанышты сезімде айту

Көңілсіз сезіммен айту

Бүгін күн қандай салқын!

Бүгін күн қандай тамаша!

Бүгін күн сәтсіз болды!

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шұнағым.

Тентек болсаң егер де,

Кесіледі құлағың.

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шұнағым.

Тентек болсаң егер де,

Кесіледі құлағың.

Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шұнағым.

Тентек болсаң егер де,

Кесіледі құлағың.

Балалар, өте жақсы орындап шықтыңдар. Бірақ әртіс болу үшін көп дайындық керек екен, көп оқу керек.

Сергіту сәті:

Келген кеше ауылдан,

Айттым досқа Ержан:

Асықпа сен тұра тұр,

Бұның аты-театр.

Тәртібіне көшеміз,

Сырт киімді шешеміз.

Оған нөмір аламыз,

Сосын залға барамыз,

Ойын көрдік қызықты:

Жөнге салды бұзықты.

Есте қалды қыз мықты,

Театр сырын біз ұқтық,

Әртістерге қызықтық,

Ойындарын бағалай,

Қолды соқтық аямай.

Тест сұрақтарымен бекіту.

  1. Театр-

а) мектептегі сабақ

б) ойын-сауық орны

2. Пьеса-

А) қойылым қоюға арналған көркем шығарма

Б) оқулықтағы мәтін

3. Театрға барғанды-

А) ұнатамын

Б) ұнатпаймын

4. Тәуелдік жалғауларды көрсет

А) –ым,-ім,-ың,-ің

Б) –лар,-лер,-дар,-дер

5. Менің дос... театрға жиі барады.(Тәуелдік жалғауын алғаңыз)

А)-ім

Б)-ым

6. ІІІ жақта жекеше түрде қай жалғауды жалғаймыз?

А) –ың,-ің,-ыңыз,-іңіз

Б) –сы,-сі,- ы,-і

Үйге тапсырма: «Менің театрға барғанда алған әсерім» тақырыбына шағын шығарма жазу.

Бағалау








































-80%
Курсы повышения квалификации

Использование Case-Study учителем русского языка и литературы

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Театр әлемі атты сабақ (20.56 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт