Үйсіндердің орналасқан жері. Ерте темір дәyipi заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар - Орталық Азия аумағындағы ертеден алғашкы этникалық бірлестіктердің бipi. Үйсіндер Жетісу мен Тянь – Шаньда, Қытайдың солтүстік – батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай тауы бектерңндегң далалы өңірлерде өз iзiн қалдырған. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.
Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққубаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Үйсіндердің шығыс өңірі бip кездерде Қытайдын солтүстік – батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Каратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтустік жағалауы аралығында орналасты.
Жетісу жеріндегі үйсін қорымдарынан алынған бас сүйектер антропологиялық жағынан еуропеоидтер. Бірақ олардың беттерінде монголоидтық белгілер барлығы да анықталған.
Үйсіндер туралы жазба деректер. Ертеден Қытай деректерінде көрсетілгендей, «үйсіндер егіншілікпен де, бау – бақшамен де шұғылданбайды, шөбі мен суы мол жерлерді таңдап, малмен бipre бip орыннан көшу орынға кешіп жүреді». Табиғаты былай суреттелген: «Жерлері тeгic, шөптесік, жақ бырлы epi суык келеді. Тауларында қылқан жапыракты ағаш көп өсед!». Өкінішке қарай, үйсіндердің мәдениеті, тілі мен жазуы жөнінде әлі де толық дерек жоқ.
Қытай тарихшысы Сыма Цянь үйсіндердің шығу тeгi туралы мынадай мәлімет жазып қалдырған: «Үйсіндердің басшысын гуньмо деп атайды. Оның әкeci сюннудың батыс шекараларындағы шағын патшалықты билеген. Сюнну оның әкесіне шабуыл жасаған кезде гуньмо туған, әкей оны далага тастап кеткен. Тұмсығымен ет тістеген қарғалар оның үстінде айналып ұшып жүрді ал қасқырлар оны емгізген. Шанью (сюннулардың билеуші) бұған танғалып, мұны ғажайып нәрсе санап, оны тәрбиелеп өсірді.
Олар өзімен epкiне жатқан Қытай сияқты ipi елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым – қатынасын жасаған. Деректерден үйсіндердің көріктілерімен қарым – қатынасы туралы да бшуге болады: «Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады. Сөйтіп шығысында ғұндармен, солтүстік – батысында қаңлымен, батысында Дауаниямен, оңтүстігінде әр түрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды».
Деректерде «Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы 630 мын адам, әcкepi 188800 жауынгерден құралған» деп жазылған.
Қоғамдық құрылысы. Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмip сүрген тайпалар. «Усунго», «Синго» көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірген. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы туралы ақпаратты қытай деректерінен табамыз. Үйсіндер басшысын «гуньмо» деп атаған. Оған «бек» деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары барында.
Үйсін қоғамын тайпа мен ру басшылары, ауқатты адамдар, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара халық құрады. Қарапайым бұқара халық малшылар мен егіншілерден тұрды. Үйсіндер қоғамында теңсіздік қалыптасты. Бай үйсіндер 4 – 5 мың жылқыдан иемденд!. Арасында құлдар да болды. Құлдар көбіне соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылды.
Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін оларға таңба салды. Археологтар балшықтан жасалған таңбамен тапқан. Балықшы және тас мөрлерді қатардагы адамдар қолданған. Билеушілер мен әскербасыларда, ауқатты адамдарда алтын және мыс мөрлер болған. Мөрмен немесе таңбамен малдарды белгілеген. Әр түрлі заттарға салынған таңбалар жеке меншіктік болғанын дәлелдейді.
Дәулетті адамдардың киімдері көбінесе жібектен, биязы жүннен тоқылған матадан тігілді.
Үйсіндерде жеке меншік малға ғана емес, жер – суға да тараған. Көсемдер: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басқаны жолатпайтын.
Жеке меншіктің шыққаның мүлік теңсіздігінің пайда болғанын үйсіндерді жерлеген зираттардан да білуге болады. Мәселен, үлкен обаларға бай адамдар жерленген. Олардын қасына қажетті деген бағалы қару – жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал қатардагы малшылар мен егіншілердің зираттары мүлде қарапайым болған. Қaбipгe елген адамның тұтынған заттары салынған.


Тарих пәнінен тапсырмалар жинағы (15.2 KB)

