Тақырыбы: «Бүгінгі күннің батыры».
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, ұжым намысын жоғары қоюға,
ұлтжандылық рухқа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үш А4, үш шарф, үш фломастер, үш пашке қысқыш, сұрақ жазылған карточкалар, үш рулон қағаз, бағалау парағы.
1-жүргізуші: Армысыздар, достар!
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар,
Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
2-жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні
құтты болсын!
1-жүргізуші: «Бүгінгі күннің батыры» атты кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
2-жүргізуші: Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық
Әділ бағаға қалтасы толы
Шақырайық әділқазыларды.
1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
2-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
1-жүргізуші Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
Әр топты ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырамыз.
2-жүргізуші: І тапсырма: Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, эмблемасы, ұраны). max 10 балл
1-жүргізуші Отан қорғаушылар қарулармен жиі . Қандай қаруларды біледі екенсіңдер?
ІІ тапсырма: «Сөз жарыс» І орын – 5 балл, ІІ орын – 4 балл, ІІІ орын – 3 балл.
Кезектесіп қарулардың түрін айтады, қайталауға болмайды.
2-жүргізуші: Егер топ жетекшісі білімді, мықты, тапқыр болса, онда оның достары ұйымшыл болатынына сөз жоқ.
ІІІ тапсырма: «Топ жетекшілерінің жарысы». Әр тапсырмаға 5 балл.
1)Әр топ жетекшісі мықты болуы тиіс.
Қай топтың жетекшісі көп отжимание жасайды екен.
2)Топ жетекшісі шыдамды болу керек, сондықтан келесі сайысымыз: қыздарды кім көп уақыт көтеріп тұра алады екен.
3)Топ жетекшісі тапқыр болуы керек, сондықтан келесі сайысымыз: байланған көзбен танк суретін салу керек.
1-жүргізуші: «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» дегендей қиын жағдайларда бір-біріне көмектесетін достар болсын.
ІҮ тапсырма: «Шынжыр»
Қай топ тез арада шынжыр құрастырып болады, сол жеңіске жетеді.
І орын – 5 балл, ІІ орын – 4 балл, ІІІ орын – 3 балл.
2-жүргізуші: Отан қорғаушылар күшті, жігерлі, шыдамды болуларымен қатар ақылды, білімді, көп оқыған азаматтар болу керек.
Ү тапсырма: «Викторина» Әр дұрыс жауапқа 1 балл.
1.Қандай зәулім қарудың аты қыздың атымен аталады? /Катюша/
2.Қазақстан қарулы күштер күні қай жылы құрылды?
3.Қандай қару өзінің құрастырған адамның есімімен аталады? /Калашников/
4.Иықтағы белгілерді не дейді? /Погон/
5.Жас матросты кім деп атайды? /Юнга/
6.Ағаш пен винтовканың қандай ұқсастығы бар? /Ствол/
7.Жер шарының полюстерінің бағытын қандай құралмен анықтайды? /Компас/
1-жүргізуші: Кез келген уақытта жауынгер ұрыс үстінде жарақат алуы мүмкін. Сол кезде достарынан басқа кім көмектеседі?
ҮІ тапсырма: «Мумия»
Сіздердің топ басшыларың жарақат алды деп есептейік. Сіздер тез және сапалы түрде қолын байлауларың керек.
2-жүргізуші: Топ мүшелері тапсырманы орындағанша, біз «Жанкүйерлер сайысын» өткізейік.
Алдын ала дайындап әкелген плакаттарды қорғайды.
1-жүргізуші: Әділқазылар қорытынды жасағанша, біз «Патриоттық ән байқауын» өткізейік. Екі топқа бөлініп әскери патриоттық әндерді еске түсірейік.
2-жүргізуші: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды
Ал, қазір әділқазылар сөз алады
Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Сонымен, әділқазыларға сөз берейік.
1-жүргізуші::
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!
2-жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп бүгінгі кешімізді
жабық деп жариялаймыз.
Бағалау парағы:
| № | Топтың аты | Сәлем-десу | Сөз жарыс | Топ басшылары | Шынжыр | Викторина | Мумия | ||
|
|
|
| |||||||
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|


Тарбие сагаты:"Бугінгі куннін батыры" (45.5 KB)

