1 – модуль. Танысу. Знакомство.
Сұрауға бола ма? Можно спросить?
1 – сабақ. Танысу.
2 – сабақ. Сұрауға бола ма?
1-сабақ
Танысу.
ЖАҢА СӨЗДЕР. НОВЫЕ СЛОВА
Прослушайте слова и повторите.
| Әріптестер Таныс болыңыздар Сәтті Қош кеолің Тамаша Қай жақтансыз? Танысқаныма қуаныштымын
| Коллеги Знакомтесь Удачи Добро пожаловать Прекрасно Вы откуда? Рада знакомству |
СҰХБАТ. ДИАЛОГ
-Сәлеметсіз бе, Бауыржан Арманұлы!
--Қайырлы күн, құрметті, әріптестер! Қал-жағдайларыңыз қалай? Жаңа әріптеспен таныс болыңыздар. Есімі – Айнұр.
-Амансыз ба, Бауыржан Арманұлы! Рахмет! Бізде бәрі ойдағыдай. Күніңіз сәтті өтсін!
-Рахмет! Сендерге де сәттілік тілеймін!
-Айнұр қош келдің! Таныс болайық, менің есімім – Айна.
- Сәлеметсіз бе! Қалыңыз қалай?
- Жақсы, Айнұр! Қай жоғары оқу орнын бітірдіңіз?
- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірдім.
- Мен де сол университетті бітіргенмін.
-Жасыңыз нешеде, Айнұр?
-Мен 21 жастамын. Сіз ше?
-Мен 23 жастамын.
-Негізгі мамандығыңыз кім?
- Менеджермін
- Айнұр, сіз қай қай жақтансыз?
- Мен Өскеменде туып өстім.
- Танысқаныма қуаныштымын
-Мен де.
ГРАММАТИКА
| Образование личнях форм кімсіз? кім? Личные окончания Жіктік жалғау Жіктік жалғау принимают существительные, числительные, местоимения, прилагательные, глаголы, причастия, деепричастия и др. Слова с личными окончаниями в предложений являются сказуемыми (что необходимо учитывать при переводе). В русском языке нет личных окончаний. Для сравнения: сен заңгер-сің – ты юрист Ол заң-гер – он юрист ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
1л. дәрігермін, ұзстазбын, студентпін 2л. дәрігерсің, ұстазсың, студентсің ув форма дәрігерсіз, ұстазсыз, студентсіз 3л. дәрігер, ұстаз, студент | Танысу түрлері. Виды приветствий Ассалаумағалейкум! – привествие мужчин, которому собеседник отвечает всегда: –Уағалейкүмассалам! -Амансың ба, Амансыздар ма? – Здравствуй (те) -Аман-есенсің бе? (Аман есенсіз бе!)- живы-здоровы? Сәлем- привет! Сәлеметсіздер ме! – Приветствие в уваж. форме мн. числа ... ... қал-жағдайың (-ыз)қалай?- как (как ваши) дела? көңіл күйің -(іңіз) қалай? - как настроение? денсаулығың (-ыңыз) қалай- как (как ваше) здоровье? Тамаша- прекрасно Керемет-замечательно бәрі ойдағыдай -все как запланировано.
|
ТАПСЫРМАЛАР. ЗАДАНИЯ
І. Найдите правильный вариант.
Ассалаумағалейкүм
Сәлеметсіз бе!
Уағалейкүмассалам
Сәлеметсіздер ме!
сот
Заңгерлер
Заңгер
төраға
Ассалаумағалейкум
Аман ба?
Сәлеметсің бе!
Қал қалай?
Ольга, сіз
қаржыгерсіз бе?
бағдарламашысың ба?
баласы
бағдарламашы
бағдарламашымын
басы
анасы
әкесі
қызметкер
Мен
хатшысың
мамансың
хатшымын
ІІ. Выберите правильный вариант.
1. Айна _______ маман, ______ жұмысын _______біледі.
1. жақсы
2. бас
3. өз
Ответ: Айна - бас маман, өз жұмысын жақсы біледі.
2. Негізгі _______заңгер, ағылшын тілін жақсы_______, білікті_______.
1. маман
2. мамандығы
3. біледі
Ответ: Негізгі мамандығы – заңгер, ағылшын тілін жақсы біледі, білікті маман.
3. Менің ______ Айнұр, ______21-де, ______ жоғары.
1. жасым
2. білімім
3. есімім
Ответ: Менің есімім - Айнұр, жасым 21 де, білімім жоғары.
4. Мен бөлім ____, әр қызметкердің есебін ____, сонымен қатар айлық жоспар____
1. тексеремін
2. жасаймын
3. бастығымын
Ответ: Мен бөлім бастығымын, әр қызметкердің есебін тексеремін, сонымен қатар айлық жоспар жасаймын..
5. Сіз өз жұмысыңыздың ____, әріптестермен де тез тіл ____, бөлім бастығы____
1. болыңыз
2. табасыз
3. маманысыз
Ответ: Сіз өз жұмысыңыздың маманысыз, әріптестермен де тез тіл табасыз, бөлім бастығы болыңыз.
6. Ұлпан ____ ашық жүз, жайдары____күтіп ____.
1. қонақтарын
2. шығарып салды.
3. мінезімен
Ответ: Ұлпан қонақтарын ашық жүз, жайдары мінезімен күтіп шығарып салды.
ІІІ Подберите подходящий перевод
Жаңа әріптеспен таныс болыңыздар.
Таныс болайық, менің есімім – Айна.
Күніңіз сәтті өтсін!
Бүгіннен бастап кадрлар бөлімінде жұмыс істейтін болады
Мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірдім
варианты ответов:
Я закончила юридический факультет ВКГУ
1.
Удачного дня вам!
2.
Давайте познакомимся, меня зовут Айна.
3
С сегодняшнего дня будет работать в отделе кадров.
4.
Познакомтесь, это наш новый сотрудник.
5.
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР. ПРОВЕРЬ СЕБЯ.
1. Укажите слова с противоположным значением
А) жақсы өте жақсы
В) атым, есімім
С) маманмын, мамандық
Д) ақылды - ақылсыз
2. Укажите слово близкое по смыслу слово «аты»
А) қаржыгер
В) есімі
С) ермегі
Д) арманы
3. Вы хороший специалист
А) Жақсы
В) Келесі кездескенше!
С) Сіз жақсы мамансыз
Д) білікті маман
4. Найдите правильный ответ.
Сәрсен жетекші ....
А) жігіт
В) жұмыскер
С) маман
Д) қызмет
5. Закончите предложение.
Айнұр менің ...
А) мекенжайым
В) әріптесім
С) көршлесім
Д) жерлестерім
6. Укажите лишнее слово.
А) Сәлеметсіз бе!
В) Сәлем!
С) Аман-есенсіздер ме!
Д) Амандықта жүздескенше!


Танысу. Сәлемдесу. (192.89 KB)

