«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры
А.Б.Карекеева
«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жайдарман ойыны
Шамалған бекеті, 2016 ж
1 жүргізуші:
Сөз анасы – сәлем дер дана халқым
Өмір бойы сыйлап өскен ата салтын
Сәлем бердім баршаңа, көрермендер
Деніңіз сау, жүзіңіз болсын жарқын!
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар.
2 жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепішілік «Тамсандырған, таң қалдырған 25» жайдарман ойынына қош келдіңіздер.
1 жүргізуші:
Әділқазы алқалары бүгінгі
Әр топты бағалай біл өнерлі
Қарсыластар баршаңызға сәттілік
Достық деген арттырайық ұғымды.
2 жүргізуші:
Бүгінгі жайдарманшыларды ортаға шақырамыз.
9 «А» сынып «Ойнап айтам»
9 «Б» сынып «Қазақтың қыздары»
9 «Б» сынып «Күлкі сарбаздары»
9 «Ә» сынып «Көңілді жігіттер»
10 «Ә» сынып « Жұлдызыды жігіттер»
8 «Б» сынып «8Б жастары»
8 «Ә» сынып «Шапалақ»
1 жүргізуші: Олай болса сайыс бөлімдерімен таныстырып өтейік.
Сайыс бөлімдері:
1-кезең Сәлемдесу (3-4 минут)
2-кезең Үй ттапсырмасы (тақырыпқа сай болу шарт, 6 минут)
3-кезең Видеоролик (бір кино немесе бір бейнебаянды алып, өз дауыстарымен жеткізу)
4-кезең Қайым айтыс (әділқазылар тақырыпқа сай өлең шумақтарының екі жолын айтады, қатысушылар жалғастырады)
5-кезең 5 жаңалық.
2 жүргізуші: Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Әр сыныптан 1 немесе 2 топтан қатысуға болады. Бір киім үлгісі және топтың аты болуы тиіс.
1 жүргізуші:
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар
Топтарға әділ баға беретұғын
Әділеттен жаралған жанбысыздар?
2 жүргізуші: Олай болса бүгінгі жайдарман ойынына қатысатын топтарды бақылап, бағалап, әділ шешім қабылдайтын әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар.
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
1 жүргізуші:
Сөз қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сәлем – сөздің анасы» деп баға берген. Оны әйгілі Бұқар жыраудың мына бір өлеңінен жақсы байқауға болады:
Әй, айтшы, айтсаң айт!
....Құдіретімен жаратқан,
Он сегіз мың ғаламды айт.
Ақтан сия танытқан
Дәуіт пенен қаламды айт
Сөйлеу үшін жаратқан
Сөз анасы – сәлемді айт! - демекші жайдарман ойынының 1 ші кезеңі сәлемдесу кезеңін бастаймыз. Командаларға берілетін уақыт 3-4 минут.
2 жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
Арқалап аманатын келіп жеткен,
25 жыл! Құтты болсын егемендік! – дей келе 2 ші кезең үй тапсырмасына береміз. Командаларға берілетін уақыт 6 минут.
1 жүргізуші:
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!
Осымен 3 ші кезеңіміз Видеоролик (бір кино немесе бір бейнебаянды алып, өз дауыстарымен жеткізу)
2 жүргізуші:
Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы дей отырып жайдарман ойынының 4 ші кезеңі қайым айтысына береміз. Қайым айтыс (әділқазылар тақырыпқа сай өлең шумақтарының екі жолын айтады, қатысушылар жалғастырады)
1 жүргізуші: Әділ қазы алқаларының шешімі дайын болғанша ортада
Концерттік номер ___________________________________
(жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімі)
2 жүргізуші:
Осымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік мерейтойына -25 ізгі іс» бағдарламасы аясында мектепішілік «Тамсандырған, таң қалдырған 25» жайдарман ойыныны өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар.