Сабақтың тақырыбы: «Таңғажайып алаң » интеллектуалдық ойыны.
Сабақтың мақсаты: Білімді, жан- жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, шарлар.
Әдісі: сұрақ- жауап, ойын түрінде.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Құрметті жиналған барша қауым, ұстаздар, оқушылар, көрермендер! Бүгінгі «Таңғажайып алаң» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымыз «Ежелгі физиктерінің құрметіне арналады», сондықтан , сіздер табатын сөздерге осындай ұлы адамдардың есімдері жасырылады. Ойын шарты: әр турда үш оқушыдан қатысып отырады. Кім ең бірінші дұрыс жауап берсе, сол жеңімпаз болып келесі турда шыққан жеңімпаздар мен жарысады. Кім дұрыс жауап берсе сол оқушы жеңімпаз болады. Ендеше ойыншыларымызға сәттілік тілейміз.
Сонымен сахнаға 1-ші команданың 3 ойыншысы шақырылады.
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
Жүргізуші: І турдың тапсырмасы.
Элементар электр зарядын зерттеген үшін Нобель сыйлығын алған ғалым?
Жауабы: Роберт Милликен.
І турдың жеңімпазы___________________________
Сонымен сахнаға 2-ші команданың 3 ойыншысы шақырылады.
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
Жүргізуші: ІІ турдың тапсырмасы.
Назағайды зерттеу нәтижесінде 1753 жылы тәжірибе үстінде қаза тапқан орыс физигі ?
Жауабы: Г.В. Рихман.
ІІ турдың жеңімпазы___________________________
Сонымен сахнаға 3-ші команданың 3 ойыншысы шақырылады.
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________
Жүргізуші: ІІІ турдың тапсырмасы.
272-212 ж.ж. б.з.д. өмір сүрген «Маған жердің тіреу нүктесін көрсетсеңіз болғаны, мен жерді көтеріп Герем» деген сөзімен тарихта қалған ежелгі грек ғалымы.
Жауабы: Архимед.
ІІІ турдың жеңімпазы___________________________
Жүргізуші: Көрермендермен ойын.
Физикада тұңғыш Нобель сыйлығын иеленген атақты неміс ғалымы. Ғылыми зерттеулері электрмагнетизмге, кристалдар физикасына, оптикаға және молекулалық физикаға арналған.
Жауабы: Рентен Вильгельм Конрад.
Жүргізуші: Сайысқа шыққандардың арасынан шыққан тапқырлардан финалға шақырамыз. Сіздерге қойылатын сұрақ.
Физикаға «Электр тогы» ұғымын енгізген ғалым француз физигі және математигі
Жауабы: Ампер Андре Мари.
Бүгінгі «Таңғажайып алаң » ойынының жеңімпазы___________________________
Жүргізуші: Ал, енді супер-финалға қатысуға келіссесіз бе?
Ағылшын физигі 1871 жылы жаңа Зеландияда дүниеге келген. Ядролық физиканың негізін қолаушы, өмірін ядроактивтілігіне атомдық және ядролық физикаға арналған α және ß сәулелерін ашқан ғалым.
Жауабы: Резерфорд Эрнест.
Бүгінгі «Таңғажайып алаң » ойынының жеңімпазы___________________________
Қорытынды: Ал, енді біздің жеңімпазымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер.
Барлық қатысқан ойыншыларымызға сыйлық таратылады.
Барлықтарыңызға көп рахмет! Ойынымыз аяқталды. Келесі ойында кездескенше. Сау болыңыздар!