Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі
Бекітемін
Колледж әдіскері:
Алменбетова П.А.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Жыл мезгілдері туралы түсінік.
Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.
Тобы: МДО-162
Күні: 12.04.2018
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәні мұғалімі : Ахмедова Р.А
Аксукент 2018ж
Пәні:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі.
Тобы:МДО-162
Күні:12.04.2018
Оқытушы:Ахмедова Р.А
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: студенттерді балаларға жыл мезгілі, жыл аттары атауларымен таныстыру, жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету әдіс-тәсілін үйрету.
Дамытушылық: студенттерге балалардың логикалық ойлауын, зейінін, сөйлеу тілдерін дамыту жолдарын уйрету.
Тәрбиелік: студенттерге балаларды ұқыптылыққа,еңбек сүйгіштікке және табиғатты қорғауға тәрбиелеуді үйрету .
Сабақтың түрі:жаңа білім игеру сабағы.
Сабақ барысында қолданылытын әдіс-тәсілдер: ойын, жаңа технология элементтері.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, қоршаған орта.
Сабақты сабдықтау: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, жыл мезгілдерінің суреттері, жемістер,көкөністер.
Блингвальды компонент: күз - осень - autumn
Қыс - зима -winter
Көктем – весна - spring
Жаз - лето - summer
Жыл мезгілдері - времена годы – seasons
Сабақтың барысы
1. Сабақты ұйымдастыру:Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Тақырыбы: Таңертен, күндіз, кеш, түн.
1. Тәулік бөліктерін кім айтып береді?
2. Ата-аналар балаларын қай кезде балабақшаға әкеліп тастайды?
3. Балалар қай кезде ұйықтайды?
4. Қай кезде тамақ ішеміз?
5. Оқиғаны уақытына қарай кім ретімен сипаттап береді? деген сұрақтар қою арқылы өтілген тақырып бекітіледі.
Кеше , бүгін, ертең деген тапсырмаға сурет қою кк. 33беттегі суретті қою кк.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мотивациялық – қозғаушылық кезеңі.
- Ал,болашақ тәрбиешілер, біз сіздермен өткен сабақта тәулік бөліктері-таңертен, күндіз, кеш, түн тақырыбын ересектер тобында қалай өту керектігін үйрендік, солайма? Олай болса, бүгінгі өтетін сабағымызда балаларға «Жыл мезгілдері туралы түсінік» ті қандай үйрету әдіс – тәсілдерін үйренеміз. Ол үшін , оқу іс-әрекетін жұмбақ жасырумен , тақпақ және өлең айту мен бастауға болады. Мысалға:
Гүл-гүл жайнап жер беті,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең? (көктем)
Күннің көзі шуақты,
Балалар жүр шомылып.
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? ( жаз)
Жиын-терін болатын,
Қамбаға астық толатын.
Жапырақтар сарғайып,
Жер бетіне түсетін
Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз)
Шана зырғып желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (қыс)
- Балалар жұмбақтардың жауаптарын табұға әрекет жасайды, табалмаса көмектесеміз. Қалай көмектесеміз, жауабын айта саламыз ба? Жоқ, сол мезгілдін бір сипатын айтып жауабын табұға көмектесеміз.
- Жұмбақтардың жауаптарын тапқан сөң , суреттер көрсетіледі.
Ұйымдастырушылық – ізденістік кезеңі.
Балалармен суретке қарап әңгіме құрастырылады.
4 мезгілге арналған суреттер қойылады.
Мезгілдерге арналған киімдер суреті.
Сергіту сәті.
Жыл мезгілдеріне арналған адамдардың еңбектері суреті.
Қыста қар тазалайды.
Көктемде жер жыртады.Егін егеді.
Жазда егісті күтеді.
Күзде егінді жинап жатқан суреттер.
көктем
көктем
Жыл мезгілдері
қыс жаз
күз
Алақан суреті. ( саусақ аттары, 3 буыны 3 ай екенін түсіндіру.)
Блингвальды компонент – сөздік жұмыс.
Күз осень autumn
Қыс зима winter
Көктем весна spring
Жаз лето summer
Жыл мезгілдері времена годы seasons
Рефлекциялық – түзетушілік кезеңі.
Жаңа тақырыпты бекіту үшін дәптермен жұмыс жүргіземіз.
Дәптердегі №1 тапсырманы орындау ұсынылады. Суретке қара. Жыл мезгілдерін ата және жыл мезгіліне сәйкес ағаштарды таңда. Оларды жапсыр.
( студенттерге суреттер беріледі, жыл мезгіліне қарай ағаштарды жапсырады.)
№2 тапсырма. Ай аттарын есіңде сақта.Әр жыл мезгілінде неше ай бар?
Суреті қойылады.
№3 тапсырма. Жаздық аяқкиімді сары, қыстық аяқкиімді көк түске боя.
Студенттер суретті бояйды.
Алақан суреті. ( саусақ аттары, 3 буыны 3 ай екенін түсіндіру.)
Оқу іс-әрекет кезінде жақсы қатысқан балаларды мадақтап , сыйлық береміз.
4.Жаңа сабақты бекіту.
Күтилетін нәтиже бойынша студенттермен сұрақ –жауап.
Ал болашақ тәрбиешілер, өтілген оқу іс-әрекетімізден қандай нәтиже күтемз?
1.Балалар нені біледі?
2.Балалар нені игереді?
3.Балалар нені меңгереді?
4.Сіз менің орнымда болғанда осы оқу іс-әрекетін қандай өткен болатын едінгіз?
5.Студенттерді бағалау.
Сабақта сұрақтарға жақсы жауап берген студенттер бағаланады.
6.Үйге тапсырма.
Тақырыпка сай көрнекіліктер жасау, технологиялық карта жазу.

Тақырыбы: Жыл мезгілдері туралы түсінік. (18.57 KB)

