Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Планирование  /  Дошкольникам  /  Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік,

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік,

«Жол тәртібін білейік,

Аман – есен жүрейік!»

(орта жас тобында ұйымдастырылған тәрбие сағаты)

Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру, көліктер туралы білімдерін жетілдіру.Өз денсаулықтарын сақтауға, МАЙ қызметкерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Жолда жүру ережелерін есте сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

1жүргізуші: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдаңдар:

Үш көзі бар қаз – қатар,

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түсті нұр шашады. (Бағдаршам)

-Дұрыс айтасыңдар.Ал, бағдаршам деген не?Оның қызметі қандай? (балалардың жауаптары)

МАИ қызметкері келеді: - Сәлеметсіңдер ме?балалар, біздің Шиелі қаласында өзі кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол кезде қоян не істеді? (Қоян келеді)

Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия айтайын.Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын.

(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кете жаздайды.

МАИ қызметкері: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, абайламайсың ба?Сәл болмағанда машина сені басып кете жаздады ғой.Көшеден өтер кезде бағдаршамға қарап өту керек екенін білмейтін бе едің?

Қоян: - Ой, мен байқамай қалдым.Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән бермеппін. ендігәрі мұндай қателік жасамаймын Маған бағдаршам туралы айтыңдаршы,а?

МАИ қызметкері: Жарайды, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтасаң мұндай пәлеге ұрынбайсың. Көрдіңдер ме, қоянның қателігін.Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не?

(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып балалар шығады.) Әлихан,Ұлпан,Ілияс

Жасыл түс: Сақта көше тәртібін

Бағдаршамның ал тілін

Біліп алдым мен де

Жасыл жанса демде

Алға кетем лезде

Сары түс: Сары жанса сабыр

Сақтай тұрам әзір

Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай,

Қаламын кілт тоқтай.

Жүргізуші: Ал енді, балалар, бағдаршам туралы не білетіндеріңді айтып беріңдерші.

Нұртөре: Бұзылды жол тәртібі,

Алдымен оңға.

Содан соң солға,

Қараңдар жолға.

Жоқ болса көлік,

Өтіңдер сонда!

Кәусар: Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Бекарыс: Бір көзім «кідір» - дейді,

Бір көзім «жүгір» - дейді.

Бір көзім «абайла» - дейді

Қарап ал маңайға – дейді.

Мұхаммед: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба!

Назерке: Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтансақ біз қатерден,

Аман – есен жүреміз.

Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.)

Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын.

Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады)

Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін.

МАИ қызметкері: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады)

Жүргізуші: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр. Балалар, олардікі дұрыс па?Бағдаршамның үш көзі де бізге көп көмегін тигізеді.Олай болса біз оларды достастырайық!

Хормен(балалар) Дауласуды қояйық,

Жарықтарды жағайық

Бағдаршам-ау, бағдаршам,

Достасып тату болайық.!

Ән: «Машина»

Жүргізуші: - Рахмет, сендерге балалар! Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді.

Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі,көптеген балалар жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшіншіжексенбісінде жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі

Енді міне, осы алған білімімізді бүгінгі’’Жол тәртібін білейік,Аман – есен жүрейік!’’ атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатымызда көрсетеміз деп ойлаймын.

1.Бағдаршам деген не? (Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы)

2.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? (Қызыл дөңгелек)

Жүргізуші: - Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзу - қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында,қалай болса солай доп қуалайтыны,шанғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаңдар!

«Бағдаршам» ойыны: (Балалар жүргізушілер. Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе – тұра қалады. Сары түсін көррсеткенде – оң аяқтарын көтереді. Жасыл түсін көрсеткенде – аяқтарын топ- топ басады)

Ойын бірнеше рет қайталанады

МАЙ қызметкері: - Балалар, менің сендерге қоятын бірнеше жұмбақтарым бар еді, шешуін таба аласыңдар ма? (балалардың жауаптары)

1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.(МАЙ қызметкері)

2. Арқаным тым ұзын.

Ала алмайсың бір үзім.(Жол)

3. Сөйлегенді білмейді

Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді. (Бағдаршам)

Қоян: - Рахмет, сендерге, балалар, мен бүгін сендерден көп нәрсе үйрендім. Енді жол ережесін бұзбаймын. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.

-Құрметті ата – аналар!, бүлдіршін балақайлар!Бүгінгі «Көгершін» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен болып жатқан «Жол тәртібін білейік!» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Күндеріңіз шуақты, өмірлеріңіз қызықты болсын! Қайда жүрсеңіздер де аман –есен болыңыздар!

12.02.2018

Содержимое разработки

«Жол тәртібін білейік,

Аман – есен жүрейік!»

(орта жас тобында ұйымдастырылған тәрбие сағаты)


Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру, көліктер туралы білімдерін жетілдіру.Өз денсаулықтарын сақтауға, МАЙ қызметкерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Жолда жүру ережелерін есте сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.


1жүргізуші: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдаңдар:

Үш көзі бар қаз – қатар,

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түсті нұр шашады. (Бағдаршам)

-Дұрыс айтасыңдар.Ал, бағдаршам деген не?Оның қызметі қандай? (балалардың жауаптары)


МАИ қызметкері келеді: - Сәлеметсіңдер ме?балалар, біздің Шиелі қаласында өзі кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол кезде қоян не істеді? (Қоян келеді)

Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия айтайын.Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын.

(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кете жаздайды.

МАИ қызметкері: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, абайламайсың ба?Сәл болмағанда машина сені басып кете жаздады ғой.Көшеден өтер кезде бағдаршамға қарап өту керек екенін білмейтін бе едің?

Қоян: - Ой, мен байқамай қалдым.Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән бермеппін. ендігәрі мұндай қателік жасамаймын Маған бағдаршам туралы айтыңдаршы,а?

МАИ қызметкері: Жарайды, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтасаң мұндай пәлеге ұрынбайсың. Көрдіңдер ме, қоянның қателігін.Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не?

(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып балалар шығады.) Әлихан,Ұлпан,Ілияс

Жасыл түс: Сақта көше тәртібін

Бағдаршамның ал тілін

Біліп алдым мен де

Жасыл жанса демде

Алға кетем лезде

Сары түс: Сары жанса сабыр

Сақтай тұрам әзір

Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай,

Қаламын кілт тоқтай.


Жүргізуші: Ал енді, балалар, бағдаршам туралы не білетіндеріңді айтып беріңдерші.

Нұртөре: Бұзылды жол тәртібі,

Алдымен оңға.

Содан соң солға,

Қараңдар жолға.

Жоқ болса көлік,

Өтіңдер сонда!

Кәусар: Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Бекарыс: Бір көзім «кідір» - дейді,

Бір көзім «жүгір» - дейді.

Бір көзім «абайла» - дейді

Қарап ал маңайға – дейді.

Мұхаммед: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба!

Назерке: Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтансақ біз қатерден,

Аман – есен жүреміз.

Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.)

Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын.

Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады)

Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін.

МАИ қызметкері: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады)

Жүргізуші: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр. Балалар, олардікі дұрыс па?Бағдаршамның үш көзі де бізге көп көмегін тигізеді.Олай болса біз оларды достастырайық!

Хормен(балалар) Дауласуды қояйық,

Жарықтарды жағайық

Бағдаршам-ау, бағдаршам,

Достасып тату болайық.!

Ән: «Машина»

Жүргізуші: - Рахмет, сендерге балалар! Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай болуды талап етеді.

Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі,көптеген балалар жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшіншіжексенбісінде жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі

Енді міне, осы алған білімімізді бүгінгі’’Жол тәртібін білейік,Аман – есен жүрейік!’’ атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатымызда көрсетеміз деп ойлаймын.

1.Бағдаршам деген не? (Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы)

2.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? (Қызыл дөңгелек)

Жүргізуші: - Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзу - қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында,қалай болса солай доп қуалайтыны,шанғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаңдар!

«Бағдаршам» ойыны: (Балалар жүргізушілер. Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе – тұра қалады. Сары түсін көррсеткенде – оң аяқтарын көтереді. Жасыл түсін көрсеткенде – аяқтарын топ- топ басады)

Ойын бірнеше рет қайталанады

МАЙ қызметкері: - Балалар, менің сендерге қоятын бірнеше жұмбақтарым бар еді, шешуін таба аласыңдар ма? (балалардың жауаптары)

1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.(МАЙ қызметкері)

2. Арқаным тым ұзын.

Ала алмайсың бір үзім.(Жол)

3. Сөйлегенді білмейді

Бірақ «Тоқта,жүр»-дейді. (Бағдаршам)

Қоян: - Рахмет, сендерге, балалар, мен бүгін сендерден көп нәрсе үйрендім. Енді жол ережесін бұзбаймын. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.

-Құрметті ата – аналар!, бүлдіршін балақайлар!Бүгінгі «Көгершін» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен болып жатқан «Жол тәртібін білейік!» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Күндеріңіз шуақты, өмірлеріңіз қызықты болсын! Қайда жүрсеңіздер де аман –есен болыңыздар!



-80%
Курсы повышения квалификации

Управление образовательным процессом

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, (15.83 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт