Тақырыбы: «Үш тамшының саяхаты»
Мақсаты: 1. Балаларды судың үш күйімен таныстыру. Қоршаған ортадағы судың түрлерімен танысу. Жалпы су туралы мағлұмат беру, табиғаттағы өсімдік, адам, жануар, жәндік өмірінен судың алатын маңызы туралы білімдерін кеңейту.
2. Балалардың қызуғышылығын, сөйлеу мәдениетін, сөз қорын дамыту.
3. Суға, қоршаған табиғатқа қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілік: Түрлі-түсті қағаз, әртүрлі шыны ыдыс, ыдыстағы су, мұз, термостағы ыстық су, шыны немесе айна.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | -Кім естіді су жайлы? Айтады ол барлық жерде Шалшықта да, өзенде де Құбырларда бар дейді Мұз сияқты қатады Орманда да бар дейді Таңмен бірге оянып Таңғы шықта болады Жануарға да керегі Жәндіктер де іздейді Мен айтайын сендерге Сусыз өмір жоқ бізге. | Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын оқиды. |
| Іздену — ұйымдастырушы | -Балалар, айтындаршы осы тақпақ не жайлы? -Дұрыс, мен бүгін бір хат алдым, бұл хат үш тамшы судан екен, хатты бірге оқиық: -Балалар, үш тамшыға көмектесейік, оларға мұз, бу, тамшы- туған апалы-сіңлі екенін дәлелдейік. Ал дәледеу үшін біз сендермен зерттеу лабораториясына аттанамыз. Кәнеки, көзімізді жұмып, тобымыз зерттеу лабораториясына айналғанын елестетейік. Тәрбиеші балаларға алжапқыш кигізеді. 1-тәжірибе: «Судың пішіні жоқ» Бір ыдыстағы суды екінші, үшінші ыдысқа құю арқылы судың пішіні жоқ екенін анықтау. Суды қандай ыдысқа құйса да, су сол ыдыстың пішінін алады. 2-тәжірибе: «Су- сұйық, ол ағады» 2 ыдыс сумен және 2 ыдыс бос беріледі. Суды ыдысқа құю арқылы, судың сұйық және ағылатын қасиетін бақылау. Су құйыла ма? Неге? 3-тәжірибе: «Су- мөлдір» Стөлдің үстіндегі түрлі-түсті қағазды пайдаланып, су түсін анықтау, қағаздың, судың түсін бақылау. Тағы дәлелдеу үшін бір суретті алып, су құйылған стақан арқылы қарау. Сурет көріне ме? 4-тәжірибе: «Судың дәмі жоқ» Тағамдардың әртүрлі дәмі болады, ол қышқыл немесе тәтті (алма, лимон жегізіп, дәмін айтқызу). Ал енді ішіп, дәмін көру. -Су ащы, тәтті деуге болама? Неге? 5-тәжірибе: «Судың иісі жоқ» Тағам, болмаса әр түрлі иіс суды, сабынды иіскеу арқылы біз иіс сезземіз. Қандай иіс және ненің иісі екенің білеміз. -Ал енді мына тұрған ыдыстағы суды иіскейікші, иісі барма? 6-тәжірибе: «Мұз- қатты су» Мұзға назар аудар. Мұз әр түрлі үлкен, кіші бөліктен тұрады. Ал енді осы мұзды бақылайық. Мұздың қайсысы тез ериді? Ерігеннен кейін неге айналды? 7-тәжірибе: «Бу- ол да су» Ыдыстағы ыстық судың қақпағын ашсаң, одан бу шығады, буға шыны немесе айна қойсаң, оған тамшы жиналады. -Осы тәжірителерді өткізгеннен кейін біз қандай шешімге келдік? -Неге? Дидактикалық ойын: «Су қайда тығылды?» -Суретке қарап, му қайда тығылғанын іздейміз. Сонымен қоршаған ортадағы су әртүрлі болатынына көз жеткіздік. Судың үш күйі бар- су, бу, мұз. -Ал енді үш тамшыға достарын табуға көмектесейік. -Жарайсыңдар, біз тағы да сусыз- өмір жоқ екенін дәлелдедік. Дидактикалық ойын: «Су кімге және не үшін керек?» | -Су.
Қорытынды: «Судың көлемі мен пішіні жоқ»
Қорытынды: «Су сұйық және ағылатын, төгілетін қасиеті бар»
Қорытынды: «Су- түссіз, мөлдір»
Қорытынды: «Су дәмсіз»
Қорытынды: «Судың иісі жоқ»
Қорытынды: «Мұз- қатқан су»
Қорытынды: «Бу- ол да су» Сұраққа жауап береді. -Мұз, бу, тамшы- олар су, сондықтан олар апалы-сіңілі туыстар. -Өйткені, олар бәрі де су.
Балалар топтың қай жеріңде су барын тауып, не үшін керек екенін айтады. Балалар стөлдің үстіндегі суреттерді алып, суреттегі бейнеленген зат немесе жануарға т.б. су керек пе екенін зерттеп айтады. |
| Рефлексивті коррекциялаушы | Қорытынды: Белгілермен жұмыс жасау, осы белгілерге қарап, олар не үшін керек екенін айту(тәрбиеші әртүрлі белгілерді көрсетіп, қай нені түсіндіретінін айтады) Шаттық шеңбері: -Табиғат біздің анамыз Табиғатқа баламыз Ауа, суды таза ұстап Табиғатты қорғаймыз. | Балалар келген қонақтарға тамшылар сыйлайды. |

Тақырыбы: Үш тамшының саяхаты. (42.5 KB)

