Тақырыбы: «Ұлдар мен қыздар әлемі»
Мақсаты: Балалардың гендерлік тәрбие туралы түсінік беру. Өздерінің жынысы мен оның ерекшіліктері жайлы білімдерін бекіту. Ұл мен қыз баланың жағымды мінез құлықтары сияқты ұғымдарын қалыптастыру. Балалар арасындағы тілектестік қарым қатынасқа тәрбиелеу.
Билингвальді компонент: ұл-мальчик-boy, қыз-девочка-girl.
Сөдік жұмыс: мықты, ержүрек, батыр, өжет, нәзік, әдемі, майысқақ.
Құрал жабдықтар: қыз, ұл бейнелері, киімдер, ойыншықтар, тапсырмалар, кедергілер.
| Іс әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Балалар сендерді көргеніме қуаныштымын, сендер сондай әдемі, тәртіпті, ақылды, мықты балаларсыңдар. Кәнеки бір-бірімізбен амандасып алайық: -Good morning, good morning, Good morning to you. Good morning, good morning, We are glad to see you. | Балалар тәрбиешінің артынан қайталайды.
|
| Іздену ұйымдастырушы | -My name’s Elmira Usypbekovna. I’m teacher. -What is you name? Балалар кәнеки бір-бірімізге қарайықшы, енді айтындаршы қыз бен ұлды қалай ажыратуға болады. -Айтындаршы сендер ертегі тындағанды жақсы көресіңдерме? «Достық әлемі» хиқаясы оқилады. Ертеде сұлу ханшайымдар мен ержүрек батырлар өмір сүрді. Батырлар сауыттарын киіп, сұлу ханшайымдар үшін шайқасты. Ал ханшайымдар тәрбиелі, әрі адамгершілігі мол жандар болды. Бұл ел тыныштық пен бейбіт, түсіністік пен махаббатқа толы елге айналды. Батырлар тапқыр, күшті, ханшайымдар мейірімді және қамқоршыл болды. Бірақ күндердің бір күнінде зұлым сиқыршы бұл елдің татулыққа, шаттыққа толы екенін көріп, қатты ашуланады. Қалайша бұл жердің адамдары осыншама махаббат пен қуанышта өмір сүретінін көре алмады. Сиқыршы барлық ұл мен қызды ұрлап, қыздарды бір бөлек, ұлдарды бір бөлек қоныстандырды. Екі жердің дәл ортасына биік тас қабырға қойып, батырлар мен ханшайымдарды бір-бірінен ажыратып тастайды. Осылайша жеке Ұлдар мне Қыздар мемлекеті пайда болады. Жылдар өтіп, балалар бұрыңғы тату өмірлері жайлы ұмыта бастады. Бұндай өмір өте қиыңға соқты. Себебі қыздарға ауыр заттарды көтеруге ешкім көмектесе алмады, жабайы аңдардан ешкім қорғаған жоқ. Ал ұлдарға ешкім қамқор болып, жақсы қылықтарға үйретпеді. Сөйтіп қиыңдыққа толы ұзақ-ұзақ өмір сүрді. -Осы қабырғаны, сындыратын бір сиқырлы тәсіл бар екен. Сол кезде ұлдар мен қыздар қайта қауышады. Бірақ ол үшін балабақшадағы балалар, құтқарушыға айналып, берілген тапсырмаларды орындап шығу керек. Әр орындалған тапсырма тастан жасалған қабырғаны сындырады. -Ендеше бәріміз мына сиқырлы есіктен өтіп құтқарушығы айналып, ертегі еліне саяхатқа барайық. -Құтқарушылар сендер дайынсыңдар ма? Бірінші тапсырма: мына тақтада кімдердің суреті ілініп тұр? Дұрыс айтасыңдар, ал енді тапсырманы тындаңдар. -Қыздар: ұлға не керек екенін тауып қасына жапсырады. - Ұлдар: қызға не керек екенін тауып қасына жапсырады. -Жарайсыңдар біз сендермен бірге енді білдік ұл мен қызға не қажет екенін. Бірақ мен сендерге айтқым келеді ұл мен қызғада ортақ керек заттар бар екен. Тәрбиеші оларды атап шығады. -Хабиба сен қазір кішкентай қызсын,сен осылай туылдың ба? -Ал ертен өскенде кім боласын? Оны білу үшін екінші тапсырманы орындайық. Екінші тапсырма: «Адамның өсу кезендері». -Адам баласы дүниеге келеді. Сәби болады, өсіп қыз, ұл болады. Ер жетіп ана, әке атанады. Қартайып ата, әже боламыз. -Жарайсыңдар балалар, тапсырманы орындап шықтыңдар. -Дұрыс айтасындар қыздар нәзік, ал ержүрек батырлар мықты. Сапарымызды жалғастыру үшін балалар мына кедергілерден өтуіміз керекпіз, олар өте қауіпті, біздің қыздар нәзік болғандықтан кедергілерден өте аламекен? Қыздар кедергіден өту үшін біздің батыр құтқарушылар қыздарға көмектеседі. -Көпірден өті. -Шалшықты баспай өту. -Төмпешіктен өту. -Жарайсыңдар балалар біз сендер сәл шаршап қалған сияқтымыз ендеше мына алаңқайға отырып шыршаның иісін искеп демалайық. «Ароматерапия» -Біздің ұлдар өздерінің ержүрек, мықты екеңдерін көрсетті. Біздін саяхатымыз аяқталды. Мына сиқырлы есіктен өтіп тобымызға оралайық. -Балалар сендерге ертегі саяхатымыз ұнады ма? СМС хабарлама келді. -Балалар бізге смс хабарламасы келді, кімнен екен оққып көрейік. «Құрметті №9 балабақшанын «Түймедақ» тобынын ұлдары мен қыздары сендерге үлкен алғысымызды айтамыз. Сендердің арқаларында тастан қаланған қабырға сынды. Ержүрек батырлар мен ханшайымдар қайта қауышты. Сендерге алғыс ретінде мына әдемі сыйлықтарды жібердік. Рахмет сендерге» Пошташы сыйлық әкелді. -Балалар қарандаршы қандай әдемі төс белгілер, бірақ бір нәрсе жетпей тұр, ол не? «Біз сендерге күліп тұрған ұл мен қыздың бейнесін салып жіберейік деп едік алғыс ретінде, бірақ біз ұзақ уақыт бөлек тұрған соң күлкінін қандай екенін ұмытып кеттік.» | -My name’s Alimhan. I’m boy.
-Иә көмектесеміз.
|
| Рефлексті коррекциялаушы | -Ал сендер білесіңдер ме күлкінің қандай екенін? -Ендеше бір-бірімізге қарап күлейікші. Енді мына бейнелерге, ұлдар қыздарға, ал қыздар ұлдарға күлкі салып беріп, бір-бірімізге сыйлайықшы. | -Иә білеміз. |
| Күтілетін нәтиже: Орындайды:Берілген тапсырмалдарды мұқият орындайды. Түсінеді:Қыз бен ұлдің арасындағы ерекшелікті,гендерлік тарбиені. Қолдана алады: Ұл мен қыз балаға тән мінез-құлықты,бір-біріне деген көз қарасты.(қыздарды қорғау,ұлдарды құрметтеу т.б қасиеттерді.) | ||
Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№9 «Радуга» бала бақша-гимназиясы
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ұлдар мен қыздар әлемі»
Тәрбиеші: Болатова Е. У.
Екібастұз қаласы.


Тақырыбы: «Ұлдар мен қыздар әлемі» (58.5 KB)

