Тақырыбы: « Ойын және музыка»
Мақсаты: Баламен музыкалық ойын ойнау, эмоциялық қалпын көтеру. Емдік әуендерді тыңдау арқылы қабылдау мен зейінді дамыту.
А.Моцарт «Маленькая серенада»
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, дамыта – түзету, қайталау.
Көрнекі-құралдар: күйсандық, үнтаспа, слайд, дыбыс шығаратын ойыншықтар.
А. Моцарт «Маленькая серенада» шығармасын тыңдау.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау.
II. Негізгі бөлім: Психожаттығу: -Қорбандап жүрген аюдың жүрісін салайықшы.
-Қорқып қашып бара жатырған қоянды саламыз
III. Жаңа сабақ. Бугінгі сабақта күз мезгілімен танысамыз. Музыка балаға оның ерте даму кезеңдерінен бастап әсер етеді. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуының басты ірге тасы балалық шақта қаланатындығын естен шығармау керек, ал музыка дамуы жеделдетуші жақсы құрал болып табылады.Баланы музыкалық дамыту табиғи түрде және мәжбүрсіз жүзеге асырылуы керек, яғни ойын формасында. Балалардың өзіндік музыкалық қызметін дамытудың маңызды құралдарының бірі - музыкалық дидактикалық ойындар болып табылады.
«Үнінен таны» ойыны.
Ойын материалы: Дабыл, сылдырмақ, дыбыс шығаратын ойыншықтыр, т.б.
Ойын шарты: Музыкалық жетекші аспаптардың бірімен ойнайды. Балалар тыңдайды және музыкалық аспаптың атын атайды, билейди. Осыдан кейін атауын тапқан музыкалық аспаптарда өз бетімен ойнайды.
Ойын барысы.
Музыка! Музыка!
Бұл не екен өзі?
Мүмкін бұл,
Көгілдір аспан шығар!
Мүмкін бұл,
Таңғы арай шығар?
Ал, мүмкін, музыка –
Тек қана дыбыстар шығар!
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: : баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Релаксация.
Әуенді тыңдау арқылы бір сәт баланы демалдыру, тыныштандыру.
Көзін жұмып, жәй әуен тыңдату.
«Музыкалық моншақтар» ойыны.
Ойын материалы: Түрлі – түсті картоннан жасалынған моншақтар.
Ойын барысы: Ойын балаларды қысқа және ұзақ дыбыстармен таныстыру үшін қолданылады. Музыкалық жетекші шағын әнді немесе әуенді ойнайды, ол ойнатылғанда әуеннің ритмитикалық суреті анық естілуі тиіс және музыкадағы ұзақ және қысқа дыбыстарды табу керек. Бұл дыбыстарды үлкен және кіші моншақтардың көмегімен бейнелеуге болады. Үлкен моншақтар – бұл ұзақ дыбыстар, кіші моншақтар – қысқа дыбыстар.
III апта
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Тәрбие алушыға қаламмен стол үстін ұру арқылы дауылпаз дауысына ұқсас дыбыс шығаруға болатынын көрсету.
«Тарсылдатамыз, тарсылдатамыз» ойыны.
Заттардан алуан түрлі дыбыс шығару: ағаш немесе металл заттарды бір-біріне соғу, батареяны таяқпен сырғытып өту,әйнекті саусақпен тықылждату арқылы баланың есту қабілетін дамыту.Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.
Саусағымды жаздым,
Жұдырығымды түйдім.
Қайшылайық 1,2,3
Бойға жинап күш
IY.Сергіту сәті: Алақанды ұрамыз
Шеңберді біз құрамыз
Күн не деген керемет
Биле бізбен дөңгелеп
IY апта
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Релаксация.Балаға түрлі аспаптардың үні қосылған баяу әндерді тыңдату арқылы тыныштық күйде отырғызу.
«Музыкалық үйшік» ойыны.
Ойын материалы: Қатты картоннан жасалынған үйшік және сол әйнектердің көлеміне сәйкес әртүрлі муз аспаптардың суреттері.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі балаларға үйшікті көрсетеді. Ол үйшіктің ішінде әртүрлі аспаптарда ойнайтын, көңілді музыканттардың тұратынын айтады. Егер мұқият тыңдасақ, олардың әрқайсысының қандай музыкалық аспаптарда ойнайтынын білетін боламыз. Музыка жетекшісі балаларға таныс әнді әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнап айтып береді. Балаларға ол аспаптарды көрсетпеу керек. Тапсырма жүктелген бала, қандай инструмент екенін тауып карточкалардың арасынан сол инструменттің суретін алып үишіктің әйнегіне апарып жабыстырады.
V. Бекіту. « Біз адымдаймыз» ойыны.
Шарты: баланы екі қолынан ұстап алдыға және артқа әуен ырғағымен жүргізу.
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Баланы мақтап мадақтау.